Шыққан тегі - Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы
Презентация қосу
{
Өмірбаяны
Жаяу Мұса Байжанұлы (30
шілде 1835, Павлодар облысы
Баянауыл ауданы Жасыбай
көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы
—1929) — қазақ халқының әйгілі
әнші-сазгері, ақыны.
Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын
ішіндегі Сүйіндік руы.
Алғаш ауыл молдасынан оқып,
сауат ашады. Оң-солын тани
келе өнер-білім қуып,
Қызылжар, Омбы қалаларына
келеді.
Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-
әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы
мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге
оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы
өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің
ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп
отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген
әндері ел ішіне тарай бастайды.
Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып
тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол
генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады.
Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер
қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады.
Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор
қалаларында, Полония, Литва жерінде болады.
Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник
М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулие-ата, Шымкент
жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл
әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына
қосады.
Шығармалары
Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады.
«Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден
көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады.
Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса
әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі
жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере
қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен
айналысады.
Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін
мазмұн, түр жағынан
байытып, шығармашылық
жаңалықтар енгізіп, әуен
сазын жаңа биіктерге көтерген
аса дарынды композитор. Ол
өз шығармаларында қазақтың
мұңын мұңдап, жоғын
жоқтап, өз заманының арман-
аңсарын әнмен бедерлей білді.
Оның әлеуметтік
көзқарастары, азаматтық
ұстанымдары сол кездің
демократтық-ағартушылық
озық идеяларымен астасып
жатты.
Жаяу Мұса ән текстірінен басқа да көптеген өлеңдер жазған
көрінеді. Оның 1880 жылдар қарсаңында жазған 60 беттей
қолжазбасын Қазақ ССР Ғылым академиясының экспедициясы
1955 жылы Қазақ университетінің архивінен тапқан. Бұл еңбектерін
ол өзі Қазанға барып тұрған кезінде тапсырған болу керек.
Сондай – ақ тағы да. Бірсыпыра өлеңдерін өзінің басалы Салық 1955
жылы Қазақстанның Ғылым академиясына әкеліп тапсырған
болатын. Оның ішіде ақынның Қытай елінің болашағын
болжағандай «Қытай еліне сәлем» дейтін өлеңі бар.
Үстем таппен араларындағы өшпенділік өмір бойына созылған.
Жаяу Мұса Октябрь таңы атқаннан кейін – ақ белдескен ата
жауынан аяусыз кетіп, аңсаған арманынан жетеді. Бұрынғы хан-
сұлтандардан көрген қыспақтарын еді олардың өз алдарына
келтіреді.
1928 жылы ел ішіндегі ірі байларды конфесқациялап, мал –
мүліктерін қазнаға алу жұмысына басшылық етеді.
Күрескер композитор, дарынды әнші, жыршы Жаяу Мұса 1929
жылы 94 жасында өзінің туып – өскен жерінде қайтыс болады.
Оның өзінен соңғы ұрпақтарына қалдырып кеткен музыкалық
асыл мұралары осы күнге дейін ескірмей ел аузыда айтылып
келеді және айтыла бермек.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz