Transparency International ұйымы - жемқорлықпен күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым




Презентация қосу
Transparency International ұйымы

Орындаған :
Тексерген :
Transparency International
ұйымы

Transparency International ұйымы – жемқорлықпен
күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға
бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым.
«Трансперенси Интернешнл» 1993 жылы Берлин
қаласында құрылған. Негізін салған Бүкіләлемдік
банктің бұрынғы директоры Петер Айген. Бүгінгі күні
әлемнің көптеген елдерінде ұйымның филиалдары бар.
TI: Қазақстан - жемқорлық
өршіген елдер қатарында

Transparency International (TI) халықаралық ұйымы Орталық Азия
елдерінде 2012 жылдан бері коррупция деңгейін төмендетуде ешқандай
маңызды өзгеріс жасалмағанын айтады.
Transparency International ұйымы
"Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия - әлемдегі коррупция деңгейі ең жоғары және
мүлдем транспарентті емес аймақтар қатарында" деп мәлімдеді Transparency
International халықаралық ұйымы 27 қаңтарда жариялаған, 2015 жылға арналған
коррупцияны қабылдау индексі туралы есебінде.
Ұйымның 168 мемлекеттегі коррупция деңгейін сараптаған индексінде Қазақстан
Қырғызстанмен қатар 123-орында тұр.
Ұйым 2015 жылы әлемде халық өз үкіметтеріне дамуды тежейтін коррупцияны
тоқтатып, барынша ашық қызмет етуді талап етіп демонстрациялар өткізгенін айтады.
Ұйым есебінде 2015 жылы әлемде 168 елдің мемлекеттік секторындағы коррупция
деңгейіне талдау жасап, Данияны «коррупция деңгейі ең төмен ел» деп тапқан.
Ұйым есебінде коррупция мүлдем аз елдер қатарында Даниядан кейін Финляндия,
Швеция және Норвегия тұр. Бірақ ұйым бір де бір мемлекет коррупциядан мүлдем ада
ел деп танылмай тұрғанын айтады.
Transparency International ұйымы

Ұйым есебінде коррупция мүлдем аз елдер қатарында Даниядан кейін
Финляндия, Швеция және Норвегия тұр. Бірақ ұйым бір де бір мемлекет
коррупциядан мүлдем ада ел деп танылмай тұрғанын айтады.
Индекс соңында коррупция деңгейі ең жоғары елдер тізімінде Сомали мен
Солтүстік Корея тұр. Коррупция деңгейі жоғары елдер арасында Ауғанстан
(166-орын), Ирак (161-орын), Түркіменстан (156-орын) және Өзбекстан (153-
орын) Тәжікстан (136-орын) бар.
Transparency International ұйымы
Штаб пәтері шетелде орналасқан әлемде ешкімге бағынбайтын
«Transparency International» деген тәуелсіз әлемдік сарапшы
ұйым бар. Ол әлемдегі бүкіл 180-нен астам мемлекетке - қай
жерде жемқорлық өсті, қай жерде азайды - баға береді. Солардың
берген бағасы бойынша 2016 жылы біз 131 орында тұрғанбыз. Ал
енді қоғам өкілдерін жұмысқа жұмылдырудың арқасында біз 9
сатыға көтеріліп, 122 орынға тұрақтадық. Біз 131 орында
тұрғанда жемқорлық ең қатты дамып кетті, терең тамырын
жайып кетті деген мемлекеттердің қатарында болғанбыз. Ал қазір
шүкір дейтіндей жағдайға келдік. Сондықтан, біздің мақсатымыз
- қоғамның өзін, жұрттың өзін осыған жұмылдыру», - деді Арман
Бердалин.
Transparency International ұйымы

ҚазАқпарат - Бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрестің
және жемқорлық деңгейін зерттейтін «Transparency International»
халықаралық ұйымының бағалауымен Қазақстан 131 орыннан 122
орынға көтерілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры
Арман Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Transparency International ұйымы

Айта кетсек, «Transparency International» - бүкіл әлем бойынша сыбайлас
жемқорлықпен күрестің және жемқорлық деңгейін зерттейтін үкіметтік
емес халықаралық ұйым. Transparency International халықаралық
қозғалысы Бүкіләлемдік банктің бұрынғы директоры Петер Айгеннің
бастамасымен 1993 дылы Берлинде басталған. Қазіргі уақытта әлемдегі
100-ге жуық елде ұйымның бөлімшелері жұмыс істейді.
Transparency International ұйымы

БҰҰ-НЫҢ КОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫ КОНВЕНЦИЯСЫ
2003 жылы желтоқсанның 9-ы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен
жоғары деңгейдегі саяси конференцияда БҰҰ-ның коррупцияға қарсы
конвенциясы (БҰҰ Бас Ассамблеясы 2003 жылы қазанның 31-інде
қабылдаған) мүше мемлекеттерге қол қоюға ұсынылып, екі жылдан соң,
2005 жылы желтоқсанда күшіне енген. Қазіргі кезге дейін осы
конвенцияға 186 ел қосылған. Қазақстан бұл құжатты 2008 жылы
мамырда ратификациялаған.
Transparency International ұйымы
БҰҰ-ның коррупцияға қарсы конвенциясында жемқорлықтың алдын
алу бойынша шаралар, кінәлілерді жазалау, сонымен бірге
жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық тетіктері
қарастырылған. Құжат оған қосылған мемлекеттерді коррупцияға
қарсы күресетін саясат жүргізуге, тиісті заңдарды қабылдауға және бұл
келеңсіз құбылыспен күресу үшін арнайы органдар құруға міндеттейді.
Конвенцияға сәйкес, оған қатысушы әр мемлекет танымал лауазымды
тұлғаларды тиісті органдарға қызметтен тыс жұмысы, инвестициялары
мен активтері туралы декларация тапсыруға міндеттейтін шаралар
қабылдауы тиіс.
Transparency International ұйымы
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бақылауында. Бірақ
оған әсер етудің тиімді тетігі қолданылмай отыр. Қалың индекстер мен
индикаторлардан құралған рейтингті жалпақ пайымға салса, осындай
қорытынды шығады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ұйымдастырған баспасөз мәслихатында халықаралық ұйымдардың
Қазақстандағы жемқорлық деңгейіне берген бағасы туралы ақпарат
айтылған болатын. Агенттік мамандары қаптаған қалың ұйымның ішінде
ең беделді саналатын Дүниежүзілік банк пен Transparency International
ұйымының зерттеулерін басшылыққа алып, сырт көздің Қазақстан туралы
пікірін пайымдапты.

Ұқсас жұмыстар
TRANSPARENCY INTERNATIONAL ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихы
Бүкіләлемдік экономика
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТӘЖІРИБЕСІ
Жаһандану және жаһандық денсаулық
Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО)
Пәндер