ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Презентация қосу
СЫБАЙЛАС-
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?
Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында
кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар.
Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар,
қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік
шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық
танытуы. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге
қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық
қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық
беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың
қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен
әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне
кері әсер ететіні хақ.
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді
мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер
ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен
белсене күресп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл - індет адамзат баласына
жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын,
көз қысты-бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт
еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі
келтіретіні даусыз.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу,
жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық
декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет
қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.
АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес
мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекетіміз кеңестер
одағы кеңістігінде алғаш рет «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын
қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің
негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық
бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің
артылуының түрлері анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күреске арналған бағдарламалардың іске асырылуына және
жемқорлықты біржолата жою мақсатында «Жемқорлыққа қарсы
күрес» тақырыбына арналған көптеген семинар-тренингтер
жүргізіп, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткізілуде.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас
жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер
атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты
болатындығы көрсетілген.
Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдардың заң мен сот
алдында теңдігін сақтап, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары
мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық
бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу
жайы қамтылып, жемқорлықпен күресу жалпыға ортақ міндет екені айтылған.
ҚАЗІРГІ ТАҢДА, СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ
ЖҮРГІЗІЛУДЕ?
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша мемлекеттік
бағдарламаларға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар
қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін
қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының
рұқсат ету және әкімшілік құзіреттерін оңтайландыру,
сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне
көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау
жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламада
ерекше орын, азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен
құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.
.
• Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын-алу және өз
құзіреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура,
ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және
әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады. Аталмыш органдардың
лауазымды адамдары заңнама белгіленген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген
адамға немесе органға жазбаша сыбайлас жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы көрсетіп-білдіруге, жіберуге, оларды қарағанның нәтижелері
туралы жіберуге тиіс. Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын
шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың
жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық
статистика және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz