Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихы



Transparency International ұйымының қызметі

Жоспары:
1. Кіріспе
2. ТІ ұйымының жүргізген зерттеулері
3. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихы

1. Transparency International ұйымы - жемқорлықпен күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым.
«Трансперенси Интернешнл» 1993 жылы Берлин қаласында құрылған. Негізін салған Бүкіләлемдік банктің бұрынғы директоры Петер Айген. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде ұйымның филиалдары бар.
«Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры - коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым. Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысы. Жүйелі деңгейде сыбайлас жемқорлықты жоюға арналған зерттеулер жүргізу және ұсыныстар әзірлеуге бар күш-жігерімізді жұмылдырамыз. «Транспаренси Қазақстан» - «Transparency International» халықаралық ұйымының ұлттық филиалы. Жеке тұлғалардың, бизнес пен мемлекеттік қызметкерлердің қолдауымен «Транспаренси Қазақстан» үкіметтің және қоғамның ашықтығын арттырады және сыбайлас жемқорлықты төмендетеді. «Транспаренси Қазақстан» қызметі сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға бағытталған халықаралық тәжірибені меңгеру, заманауи технологиялар мен ресурстарды игеру, осы салада зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы еліміздегі апробациядан өткен әдіс-тәсілдерді қолданысқа бейімдеуге бағдарланған.

2015 жылдан бері елімізде мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесіне айтарлықтай әсер ететін, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды алдын алудың басымдығын көрсететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі жүруде. 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заң және арнайы мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтық қоғам, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үдерісіне белсене қатысуды. Осы орайда, Қазақстан БҰҰ, ЭЫДҰ және басқа да ұйымдармен бірлесіп, жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған іс-шараларын белсенді түрде жүзеге асыруда.

2. Transparency International (TI) халықаралық ұйымы Орталық Азия елдерінде 2012 жылдан бері коррупция деңгейін төмендетуде ешқандай маңызды өзгеріс жасалмағанын айтады.
"Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия - әлемдегі коррупция деңгейі ең жоғары және мүлдем транспарентті емес аймақтар қатарында" деп мәлімдеді Transparency International халықаралық ұйымы 27 қаңтарда жариялаған, 2015 жылға арналған коррупцияны қабылдау индексі туралы есебінде.
Ұйымның 168 мемлекеттегі коррупция деңгейін сараптаған индексінде Қазақстан Қырғызстанмен қатар 123-орында тұр.
Ұйым 2015 жылы әлемде халық өз үкіметтеріне дамуды тежейтін коррупцияны тоқтатып, барынша ашық қызмет етуді талап етіп демонстрациялар өткізгенін айтады.

Ұйым есебінде 2015 жылы әлемде 168 елдің мемлекеттік секторындағы коррупция деңгейіне талдау жасап, Данияны «коррупция деңгейі ең төмен ел» деп тапқан.
Ұйым есебінде коррупция мүлдем аз елдер қатарында Даниядан кейін Финляндия, Швеция және Норвегия тұр. Бірақ ұйым бір де бір мемлекет коррупциядан мүлдем ада ел деп танылмай тұрғанын айтады.
Индекс соңында коррупция деңгейі ең жоғары елдер тізімінде Сомали мен Солтүстік Корея тұр. Коррупция деңгейі жоғары елдер арасында Ауғанстан (166-орын), Ирак (161-орын), Түркіменстан (156-орын) және Өзбекстан (153-орын) Тәжікстан (136-орын) бар.
«TI индексінде Орталық Азиядағы бес ел түгел төменгі орындарда тұр. Бұл - аймақта коррупция індетке айналып, тамыр жайып кеткенін және ол жүйелік сипатқа ие болғанын көрсетеді» дейді ұйымның ТМД және Орталық Азия (ОА) бойынша үйлестірушісі Светлана Савицкая. Оның сөзінше, ОА елдерінің бір де біреуінде 2012 жылдан бері коррупция деңгейін төмендетуде ешқандай үлкен өзгеріс болмаған және «аймақтағы коррупциялық жағдай тоқырап тұр».

Савицкая бұрынғы совет республикалары - Ресей (119-орын), Украина (130), Әзербайжан), Молдова (103) мен Армениядағы (95) жағдай да осыған ұқсас екенін айтады.
«Егер өзіңіз жағдайға талдау жасасаңыз, онда Украинадағы коррупцияға қарсы бірнеше реформадан басқа айтарлықтай үлкен ешнәрсе жасалмағанын көресіз. Саяси ерік-жігер өте әлсіз, үкімет коррупцияға қарсы әрекеттерді тыңғылықты жүзеге асыруға ниет танытпайды» дейді Светлана Савицкая.
Ол TI Ресейде соңғы жылдары үкімет тіпті коррупциямен күресетінін жарияласа да ешқандай оң өзгеріс болмағанын айтады.
«Ресей билігі азаматтық қоғамды шектеуін жалғастырып отыр. Мәскеу үкіметтік емес ұйымдарды, оның ішінде Transparency International ұйымына қысымын, тәуелсіз ақпарат құралдары мен журналистерді қудалауын тоқтатпай отыр» дейді Савицкая.

Савицкая Ресейде «коррупцияға қатысты айтарлықтай өзгеріс болмағанын», қарапайым ресейліктер әлі ешқандай оң өзгеріс байқамағанын айтады.
Ол индексте 107-орында тұрған Беларусь таяуда жаңа антикоррупциялық заң қабылдағанын айтады. Заңда мемлекеттік шенеуніктердің табыс декларациясын тапсыру, азаматтық қоғам өкілдерінің антикоррупциялық шараларға қатысуы сияқты мәселелерді реттеуді қарастырады.
«Бұлардың шынайы өмірде қалай орындалатынын көру қызық болар еді. Себебі Беларусьте қандай да бір саяси немесе азаматтық еркіндік, тәуелсіз ақпарат құралы жоқ. Антикоррупциялық іс-қимылдардың сапалы жүруінде бұлардың маңызы зор» дейді Светлана Савицкая.

Коррупция мемлекеттік банктерінен 1 миллиард доллар жымқырылған соң саяси дағдарысқа тап болған Молдовада басты тақырыпқа айналған. Өткен жылы күзде Молдованың ірі үш банкінен қаржы жымқырылғаны анықталған соң үкімет отставкаға кеткен. Молдова парламенті содан бері екі рет премьерлікке ұсынған кандидатты бекіте алмаған.
TI-дің Кишиневтегі өкілдігінің мәлімдеуінше, Молдовада коррупция мен мемлекеттік деңгейде жымқырудың арасындағы байланыс бұрын-соңды мұндай анық байқалмаған.
Светлана Савицкая Молдовада бірнеше заңның қабылдануы кешеуілдеп, банк секторының қауіпсіздігіне жауапты адамдарға қатаң шара қабылданбай жатқанын айтады.

Савицкая постсоветтік елдерде Грузияда (48-орын) ғана коррупциялық ахуал жақсарғанын, Армения мен Әзербайжандағы жағдай 2014 жылмен салыстырғанда нашарлағанын айтады. Ол бұрынғы совет республикаларының көпшілігі - Беларусь, Молдова мен Орталық Азия елдерінде саяси партиялар мен бизнес арасында берік байланыс барын және ол байланыс үлкен саяси коррупцияға себеп екенін айтады.
TI Ауғанстан (186-орын) мен Пәкістандағы (117-орын) қақтығыстар бұл елдерде коррупцияны жоюға кедергі келтіріп тұр дейді. TI коррупцияны жоятын жол - билік пен саясаттың өзіндегі коррупциямен күрес және елдің қаржылық секторын реформалау екенін айтады. Бірақ ұйым елде шынайы азаматтық қоғам орнап, еркін БАҚ пайда болмаса бұл шараларды жасау мүмкін емес дейді.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс түрлерінің статистикасы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық қызмет порталынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты жасалған қылмыс туралы статистикалық мәліметтерді табуға болады. Олар келесі формаларда ұсынылады:
1. Форма №1-М. Тіркелген қылмыс туралы және қылмыстық іздестіру органдарының қызмет нәтижелері туралы есеп (3 ай сайын шығады) ;
2. Форма №2-Л. Қылмыс жасаған тұлғалар туралы есеп (3 ай сайын шығады) ;
3. Форма № 3-К. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс, оны жасаған тұлғалар, сотталғандар, бұл қылмыс түріне жүргізілген қылмыстық істер мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы есеп (тұрақты шықпайды) .

Әр форма MS Excel форматында бірқатар кестемен берілген. Мысалы, форма № 1-М 21 беттен тұрады, оның ішінде:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz