Интербелсенді сабақтың құрылымы



Тақырыбы: Интербелсенді сабақтың құрылымы
Орындаған: Тасқынбай Маусымжан

Жоспары:
1. Г. Гегельдің және Ж. Пиаженің ілімдеріндегі таным және ойлау процестері
2. Әртүрлі оқыту жүйелерінде қолданылатын сабақ (таным) кезеңдері
3. Интербелсенді лекция
4. Семинар сабағы

Барлық дерлік оқыту жүйелері, жобалары және технологиялары сабақтың үш кезеңдік құрылымын ұстанады.
Бұл ұстанымның Г. Гегельдің диалектикасынан бастау алатындығы сөзсіз. Адам өз санасындағы ұғымдардың барлығын да объективтік деңгейге дейін жеткізеді дейтін бұл диалектикалық ілімге сәйкес, біздің түсініктеріміз үш кезеңнен тұрады: тезис, антитезис, синтез.
Таным процесінде біз әлем туралы қандай да болмасын түсінік қалыптастырсақ (тезис), міндетті түрде оған қарама-қарсы тұжырым да табылады (антитезис) . Сол себепті де объективтік білім алуымыз үшін, біз ой-толғаныс арқылы тезис пен антитезистің қажетті жақтарын салғастыра келе, орта мағынаны (синтез) табуымыз керек. Гегельдің пайымдауы бойынша, екі қарама-қарсы тұжырымдар мен пікірлердің тоғысуынан (тезис - антитезис) шынайы түсінік пен білім пайда болады (синтез) .

Жан Пиаже балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтайтын тәжірибелерден олардың ойлауы үш кезеңнен тұратындығын байқаған:

Гегельдің және Ж. Пиаженің ілімдеріне сүйене отырып, таным және ойлау процестері үш кезеңнен тұрады және олар біртұтас құбылыстың, қозғалыстың бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінен туындайтын және бір-бірінсіз қызмет жасамайтын ажырамас бөліктері болып табылады деп ұйғаруға болады.

Жаңашыл жобалардың басым көпшілігі ұстанған сабақтың (немесе жалпы таным процесінің) үш кезеңін негізінен келесідей түсіндіреді:

Дәстүрлі оқыту
Модульдік технология
(М. М. Жан-пейісова)
«Сыни ойлауды дамыту» жобасы
Жоғарғы мектептегі сабақ құрылымы
(Р. Иннз)
Мұғалімнің гуманистік философиясы (С. С. Мирсейі-това)
Өткен матери-алды қайталау
Кіріспе бөлімі
(модульге, тақырыпқа енгізу)
Қызығушы-лықты ояту
Мотивация
Мотивация
Жаңа білімді түсіндіру
Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Мағынаны ажырату
Білім құрастыру
Білім
құрастыру
Жаңа білімді бекіту
Қорытынды бөлім
(бақылау)
Ой-толғаныс
Білімді ұштау
Түсінікті дамыту
Әртүрлі оқыту жүйелерінде қолданылатын
сабақ (таным) кезеңдері

Елімізде 1997 жылдан бастап дамып келе жатқан «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» (Reading and Writer for Critical Thinking) жобасы да сабақтың үш құрылымдық кезеңін ұстанады: «Қызығушылықты ояту - Мағынаны ажырату - Ой-толғаныс».

С. Мирсейітова өз кітабында Р. Иннздің (R. B. Innes) жоғарғы мектепте өткізілетін сабақтың үш кезеңдік құрылымын келтіреді: 1) мотивация, 2) білім құрастыру, 3) білімді ұштау
Осының бәрін ескере отырып, С. Мирсейітова жоғарғы мектептегі сабақтың келесідей құрылымын ұсынады: Мотивация, Білім құрастыру, Түсінікті дамыту. Бұл кезеңдердің мақсаттарын зерттеуші былайша түсіндіреді:

Кезеңдер
Негізгі мақсаттары
Мотивация
немесе
Қызығушылықты ояту
Оқытушы:
- Студенттерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіреді.
Студенттер:
- Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды.
- Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды.
- Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады.
- «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап іздейді.
Білім
құрастыру
немесе
Мағынаны
ажырату
Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады.
Оқытушы:
- студенттерге білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынады;
- студенттердің өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасайды.
Студенттер:
- жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысады;
- мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады;
- жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады
Түсінікті дамыту
немесе
Ой-толғаныс
Үйренгенді айқындау және бағалау, проблема бойынша шешім қабылдау кезеңі.
Оқытушы:
- студенттердің жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады.
Студенттер:
- осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды;
- олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;
- өзінің жаңа біліміне баға береді;
- жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қолданады;
- сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.
Жоғары мектептегі сабақ кезеңдері мен мақсаттары

Интербелсенді лекцияның негізгі қағидалары

Интербелсенді лекцияның түрлері

Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын игерудің қорытынды кезеңі болып табылады. Сол себепті де мұндай сабақта студенттердің өздік жұмысы қорытылып, бағаланады.
Семинар сабағы құрылымының үлгісі

Практикалық сабақ - пәннің теориялық мазмұнын толықтыратын оқу процесінің белсенді түрі. Практикалық сабақ студенттерге теориялық мәлімет бойынша нақты әрекеттер арқылы машықтанып, сол амалдар негізінде мәліметті игеру, меңгеру, тереңдету, дамыту мүмкіншілігін береді.
Практикалық сабақ құрылымының үлгісі

Кезеңдер
Қолдануға тиімді тәсілдер
І - кезең.
Мотивация
немесе Қызығушылықты
ояту
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz