Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы


Slide 1

Тақырыбы:«Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы»

Орындаған: Тасқынбай Маусымжан

Slide 2

Әдебиетті оқытудың басты мақсаты - оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа т. б тәрбиелеу. Әдебиет пәнінің ауқымы да, мүмкіндігі де, маңызы да ерекше болып келеді. Мектепте оқытылатын қай пән болмасын, олардың білім мен дағды, тәрбие беруде өзіндік орны, атқарар маңызы да бар. Дегенмен де әдебиет пәні барлық пәннің анасындай қызмет атқарады.

Әдебиет - жан-дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі - адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықтығы да, күрделілігі де осында жатыр.

Slide 3

Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстриативтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оңтайландыру» деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение», 177-бет) әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.

Slide 4

Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.

Slide 5

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРУ

Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлері бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.

Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.

Slide 6

Әдеби талдаудың басты мақсаты - оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін - әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Көпшілік ұстаздар талдамас бұрын, оқушылармен сол туынды жайында арнулы әңгіме, пікірлесу өткізеді, тіпті шағын әдеби айтысқа да жетелейді. Оның тимділігі сол, мұғалім оқушының көркем туындыны қалай қабылдағанын аңғарады, талдауда қадай мәселелерге назар аудару керек, соған бағыт-бағдар алады.

Әдебиеттану ғылымы әдеби талдауда ең басты мына мәселелерге көңіл аудартады (ғылыми талдаудың негізгі принциптері мынадай) :

Slide 7

Киносценарий, инсценировкалар құрастырту - әдеби талдаудың тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл жұмыстар оқушылардың көркем мәтінді терең, әрі шығармашылық жолмен түсінуіне игі ықпалын тигізеді. Сонымен қатар кино, сахна өнерлеріне деген қызығушылығын да арттырады. Оны төменгі және жоғары сыныптарда да орындатуға болады. Сынып ерекшелігіне байланысты орындалатын жұмыс мазмұны да түрлі дәрежеде болып келеді.

Оқиға орны

Көріністер

Музыка

Киносценарийлер мына үлгіде жасалады:

Slide 8

Инсценировкалар да негізгі бір оқиға айналасында құрастырылады. Ол үшін оның эпизодтары назарға алынады. Өздері кұрастырған инсценировкалар мәтіні бойынша оқушылар оны сахнаға әзірлейді, кейде инсценировкалы сабақтар өтеді. Инсценировкада да кейіпкер сөздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ең маңыздысы, шығармада ерекше орын алатындарын теріп алуға болады.

Slide 9

Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді. Мысалы (жазбаша тапсырмалар) :

Slide 10

Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмысы. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу - әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызметі, мақсаты. Оқу мен талдау - бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни, әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді.

«Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек-нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады (сабаққа дейінгі тапсырмалар) :

Slide 11

ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ

Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі - проблемалық талдау.

Жай сұрақтар мен проблемалық сұрақтар арасындағы айырмашылықты төмендегі баған арқылы көруге болады (М. Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы», Бақтығұл бейнесі бойынша) .

Slide 12

«АБАЙ ЖОЛЫНДАҒЫ» АБАЙ БЕЙНЕСІН ПРОБЛЕМАЛАП ОҚЫТУ

Тақырыпты осы жоспар негізінде проблемалы баяндай отырып, алдарындағы проблемалы жағдаятты шешу мақсатындағы оқушыларға төмендегідей проблемалы сұрақтар бердік.

Slide 13

Оқушылардың өз бетінше ойлауын, ізденуін, танымын арттыруды мақсат ете отырып, үйге төмендегідей топтық тапсырмалар бердік. Топтық тапсырма зерттеу әдісіне құрылды.

Slide 14

ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ (ТЕОРИЯСЫ)

Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, такырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы.

Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

Slide 15

ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУ

Оқулықтарда ертегілердің кара сөзбен жазылған түрлерімен қатар, өлеңмен жазылған түрлері де берілген.

Ертегілер 5-9-сыныптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болсын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын - оның киял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір қызыкқы істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері.

Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек.

Slide 16

ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ, ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНРДЫ ОҚЫТУ


Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі жалпы шолу
Жаңашыл педагог идеялары. Шалва Александрович Амонашвили
Инновациялық оқыту технологиялары
педагогикалық инновация
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың технологиясы
Білім берудегі инновация
Негізгі интерактивті әдістер
Оқыту технологиялары
Қазақ тілі оқушы саны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz