Актив Қысқа мерзімді



Бухгалтерлік
баланс
Исабеков Ренат

Мазмұны
3
4
5
6
7
8
Титулдық бет
Мазмұны
Бухгалтерлік баланстың мазмұны
Бухгалтерлік баланстың құрылымы
Қысқа мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді активтер
Пассив
Баланс түрлері
Соңы

«БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған, «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді.
«БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған, «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді.
Баланс - бұл субъектінің мүлкін атқаратын қызметі мен пайда болу көздеріне қарай белгілі бір мерзімде ақшалай өлшем бірлігінде жалпылама топтастыру мен ағымдағы есебін жүргізу әдісі.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады.
Баланстың жиынтық сомасы баланс валютасы деп аталады.

Бухгалтерлік баланс
Актив
Пассив
Қысқа мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді активтер
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Меншікті капитал

Актив
Қысқа мерзімді
Ақша қаражаттары
кассадағы, жолдағы, ағымдағы банктік шоттардағы, карт-шоттардағы, жинақ шоттары мен басқа да ұлттық және шет ел валютасындағы ақша қаражаттарының сомасы.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
табиғатына қарай тез сатылып кететін және сақтау мерзімі бір жылға дейінгі инвестициялар
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар
пайда болған кезден бастап төлем мерзімі 12 айдан аспайтын басқа заңды тұлғалар мен жеке адамдардан алынуға тиісті қарыз сомасы.
Қорлар - бұлар келесі мақсаттағы активтер:
Әдеттегі қызмет барысында сатуға арналған;
Өндіріс процесінде осылай сатуға арналған; немесе
Өндірістік процесте немесе қызмет көрсетуде қолдануға арналған шикізаттар мен материалдар түріндегі
Ағымдағы салықтық активтер
бюджетпен есеп айырысу барысында бюджетке артық төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасы, сонымен қатар ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алынуға тиісті қосылған құн салығының сомасы.
Сатылуға арналған ұзақ мерзімді активтер
сатылуға арналған деп жіктелетін қысқа мерзімді активтер, егер олардың құны пайдалану нәтижесінде, оларды сату нәтижесінде өтелетін болса, және де оларды сату ықтималдығы жоғары болса.
Басқа да қысқа мерзімді активтер: активтерді жеткізуге берілген аванстар, есепті кезеңде жартылай даярланған өнімдер үшін тапсырыс берушілерден алынған аванстар; осы есепті кезеңде орын алған, бірақ осы есепті жылдың басқа кезеңдеріне қатысты шығыстар;

Актив
Ұзақ мерзімді
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар - өтелу мерзімі бір жылдан артық мерзімді құрайтын, немесе төлем мерзімі бекітілмеген салымдар.
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар - пайда болған кезден бастап төлем мерзімі 12 айдан асатын басқа заңды тұлғалар мен жеке адамдардан алынуға тиісті қарыз сомасы.
Үлестік қатысу әдісі бойынша есептелетін инвестициялар - бұл үлестік қатысу әдісі бойынша есептелетін қауымдастырылған және тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялар.
Инвестициялық меншік - капитал құнының өсімі түрінде табыс алу, жалдық төлем алу және басқа мақсаттарда меншік иесінің немесе қаржылық жал жөніндегі келісімге сәйкес жалға алушының қарамағындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат
Негізгі құралдар
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, олар:
өндіріс процесінде немесе тауарларды жеткізу мен қызмет көрсетуде, жалға беруге немесе әкімшілік мақсатта пайдалануға арналған;
бір есепті кезеңнен артық мерзімде қолдану көзделген.
Материалды емес актив - физикалық нысаны жоқ, монетарлы емес актив
Биологиялық актив - ауыл шаруашылығымен байланысты тірі өсімдік немес мал.
Барланатын және бағаланатын активтер - минералды ресурстарды барлау және бағалауға арналған активтер
Корпоративті табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер - болашақ кезеңдерде өтелуге тиісті табыс салығының сомасы
Басқа да ұзақ мерзімді активтер

Пассив
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді
Капитал
Қысқа мерзімді міндеттемелер - баланстық есепті құрастырған күннен бастап бір жыл ішінде немесе әдеттегі операциялық цикл бойында өтелуге тиісті борыштары
Қысқа мерзімді міндеттемелерге: қысқа мерзімді несиелер мен овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы мөлшері; кредиторлық борыш: төленуге тиісті шоттар, алынған вексельдер, тапсырыс берушілер мен сатып алушылардан алынған аванстар; салықтар бойынша қарыздар; төленуге тиісті дивидендтер, басқа да кредиторлық борыштар; төленуге тиіс есептелген міндеттемелер; алдағы кезең табыстары; күтпеген жағдайларға қатысты есептелген төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер - бұл жоғарыдағы анықтамаға сай, бірақ төлем мерзімі баланстық күннен кейінгі бір жылдан артық мерзімді қамтитын міндеттемелер
Оларға қаржылық міндеттемелер, кредиторлық борыштар, бағаланатын міндеттемелер, кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер, басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz