Қазақстан Республикасындағы ұйымдардың есеп саясаты: тұжырымдамасы, мақсаты мен талаптары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Ұйымдарының есеп саясатымен танысу

Slide 2

SIW

Slide 3

Біздің тақырып:

Қазақстан Республикасы Ұйымдарының есеп саясатымен танысу

Мазмұны

Таныстыру

Есеп саясаты туралы қаулы

Есеп саясаты дегеніміз не және оның қажеттілігі

Есеп саясатының мақсаты

Есеп саясатының міндеті

Есеп саясатының талаптары

ҚР Ұйымының есеп саясатының үлгісі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 4

ҚР ұйымдарының есеп саясатымен танысу

Slide 5

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама » деп аталған қаулысымен енгізілген.

Есеп саясаты:

Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді

Slide 6

Есеп саясаты не үшін қажет?

Есеп саясаты - ұйым қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдері мен ережелерін бекітетін құжат.

01

02

03

04

Есеп саясатын жүргізудің дұрыс тәсілдерін таңдауға:

Бизнестің көптеген процестерін регламенттеуге;

Ұйым қорын пайдаланудың тиімділігін арттыруға;

Салық органдарының тарапынан наразылықты азайтуға;

Инвесторлар үшін есептілікті айқынырақ жасауға, ал бизнесті тартымдырақ жасауға мүмкіндік береді

Сөйтіп есеп саясаты:

Қаржылық мәліметтерді өңдеудегі реттілікке кепілдік береді;

Салық органдарының тарапынан наразылықты азайтады;

Айқындылық пен реттілікті күшейту арқылы шығындарды қысқартады

Аудит үдерісін оңтайландырады.

Slide 7

Есеп саясатының мақсаты:

Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Slide 8

Есеп саясатынын ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету.

Есеп саясатының міндеті:

Есеп саясатының міндеттері:

есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;

нәтижелік көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;

қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;

синтетикалық және аналитикалық счеттар тізімін жасау, тауарлы материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т. б. әдістерді кеңінен қолдану т. б.

Slide 9

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты талаптарына сай болу қажет

Талаптар

Толықтылық

Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Сақтық

Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек,

Уақыттық

Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды

Қарама-қайшылықсыздығы

Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық.

Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек

Slide 10

Есеп саясатының мысалы:

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сілтемелер

Ә. Әбдіманапов Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері-Алматы, 2008жыл

ҚР Азаматтық Кодексі :2008ж. 15. 01 дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. -Алматы:ЖШС «Баспа», 2008 жыл.

. Қ. Кеулімжанов, З. Ж. . Әжібаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы 2010 жыл.

01

02

03

https://online. zakon. kz/Document/?doc_id=30817727#pos=2; -47

https://kadry. mcfr. k

https://bigox. kz

04

05

06


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарының ұғымы, мақсаты және Қазақстан Республикасына енгізудің проблемалары
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі мен салық саясаты: құрылымы және қағидалары
Кәсіпорынның тұжырымдамасы, мақсаттары, міндеттері және Қазақстан Республикасындағы ұйымдық-құқықтық формалары
Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: қалыптасу үрдісі және қызмет атқару механизмдері
Тәрбие: тұжырымдамасы, принциптері, процесі мен мақсаты
Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қорғау жүйелерінің нормативтік-техникалық талаптары
Қазақстан Республикасындағы білім беру статистикасы: заңнама, ведомствалық есеп және еңбекке қамтудың 2007-2013 жылдардағы динамикасы
Қазақстан Республикасындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар: анықтамасы, түрлері, талаптары және мемлекеттік қадағалау
Қазақстан Республикасындағы нотариаттық іс-әрекеттер: түрлері, талаптары және рәсімдері
1С:Бухгалтерия 8.0 жүйесінде ұйымдарды енгізу, есеп саясаты және шоттар жоспарын баптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz