Атеросклерозға қарсы заттар


Slide 1

«Астана медицина университеті» АҚ

Жалпы фармакология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Атеросклерозға қарсы заттар

Орындаған: Ебкенова У. Т.

Топ: 303 ЖМ

Тексерген: Әділбаева А. Ж.

Нұр-Сұлтан, 2019

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе. Атеросклероз жайлы түсінік

Негізгі бөлім. қолданылатын препараттар классификациясы

Статиндер

Холестериннің ішектен сіңірілуін тежейтін препарат

Фибраттар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Атеросклероз деген не?

Атеросклероз (atherosclerosіs; гр. athrа - ботқа және sklrsіs - қатаю) - қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры - қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездеседі. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап етеді. Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, спортпен шұғылдану керек.

Slide 4

Атеросклероздың, яғни атеросклероздық түймедақтың дамуы сатылы жүреді:

I бастапқы сатысы - тамырлардың липоидозы немесе липидтік дақтар мен жолақтардың пайда болуы.

ІІ сатысы - фиброздық - бұл сатыда коллаген және дәнекерлік тін өсіп-өніп, "көпіршікті" жасушалар мен холестериндік бөлшектерді қоршап, фиброздық капсуланы түзеді.

ІІІ сатысы - күрделі және асқынғаннан түймедақтардың пайда болу сатысы.

Slide 5 Slide 6

Атеросклероз және оның асқынуларының (жүректің ишемиялық аурулары, инсульт және т. б. ) алдын алу мен емдеу үшін қолданылатын медикаменттер кешенінің ең бір маңызды компонеттері заттар болып табылады. Олардың негізгі әсері қан сарысуында мөлшері жоғарылаған атерогенді липопротеиндерді төмендету.

Slide 7

Атеросклерозға қарсы препараттар

Қандағы холестериннің (ТТЛП) құрамын төмендететіндер

Көбіне қандағы үшглицеридтердің (ӨТТЛП) мөлшерін төмендететін заттар (фибраттар)

Қандағы холестериннің (ТТЛП) және үшглицеридтердің (ӨТТЛП) мөлшерін азайтатындар

Холестерин синтезін тежейтіндер(статиндер)

Ловастатин, Мевастатин, Правастатин, Флувастатин, Симвастатин

Б. Холестериннің ішектен сіңірілуін тежейтіндер

Эзетимиб

В. Ағзадан өт қышқылдары мен холестериннің шығарылуын жоғарылататындар

Холестирамин, Колестипол

Г. Әр түрлі препараттар

Пробукол

Гемфиброзил

Безафибрат

Фенофибрат

Никотин қышқылы

Slide 8

Гиперлипопротеинемия типі

Препараттар

1-тип - жанұялық хиломикронемия (гиперхиломикронемия)

ХМ↑ ТТЛП↓

Диета

2а-тип - жанұялық гиперхолестеринемия

ТТЛП↑

Статиндер, өт қышқылының секвестранттары, никотин қышқылы, пробукол

2б-типі - жанұялық аралас гиперлипидемия

Статиндер, өт қышқылының секвестранттары, никотин қышқылы, фибраттар

3 типі - жанұялық

Фибраттар, никотин қышқылы, статиндер

4 типі-жанұялық гипертриглицеридемия

Никотин қышқылы, фибраттар, статиндер

5 типі-жанұялық аралас гипертриглицеридемия

Никотин қышқылы, фибреттер, статиндер

ЛП(а) -гиперлипопротеинемия

Никотин қышқылы, статиндер

Slide 9

Май алмасудың бұзылыстарын емдеуді диета тағайындаудан бастайды, егер де ол тиімді болмаса, гиполипидемиялық препараттарды немесе диетамен емдеуді жалғастыра отырып, препараттарды жұптастырып қолданады. бөлінген типтері біріншілік (тұқымқуалаушылық сипатта немесе диета бұзылуы салдарынан) және екіншілік, қосымша сырқаттардан (диабет, гипотиреоз, бауыр және бүйрек аурулары), сондай-ақ кейбір дәрілік препараттарды ұзақ уақыт бойы қабылдаудан пайда болуы мүмкін. Гиполипидемиялық препараттардың келесі бағытталған әсерлері болуы мүмкін:

Бауырда липидтер мен липопротеиндердің биосинтезін тежеу;

Бауырдағы ТТЛП-рецепторлардың синтезін ынталандыруына байланысты, бауырмен липопротеиндердің ұсталуын белсендендіру;

Ішектен холестериннің және өт қышқылдарының сіңуін тежеу;

Холестериннің катаболизмін, соның ішінде оның өт қышқылдарына айналуын белсендендіру;

Тамыр эндотелиінің белсенділігін ынталандыру;

Бауырда май қышқылдарының синтезін және олардың май тінінен босап шығуын тежеу;

Қан айналымында антиатерогенді ЖТЛП мөлшерін жоғарылату;

Slide 10

Антигиперлипидемиялық препараттардың ішінен ең тиімдісі - статиндер болып табылады. Олар атеросклероздың даму процессін тиімді тежеп, жүрек-қан тамыр жүйесінің атеросклерозбен зақымдалуынан туындайтын аурушаңдық пен өлімшеңдікті тежейді. Статиндердің әсер ету механизмі біршама қиын. Негізінен, олар эндогенді холестериннің ферментативті синтезін тежейді. Нәтижесінде, статиндер қандағы атерогенді липопротеидтерді азайтып, атеросклеротикалық түйіндердің өсуін немесе қайта дамуын тежейді. Статиндердің ішінен аса тиімді препараттар - симвастатин және правастатин болып табылады. Жүргізілген зерттеулерге назар аударсақ, «коронарлы» летальдылық 20-42%, миокард инфарктысының дамуы 25-37%, инсульттың дамуы 28-31% төмендеген.

Slide 11

Симвастерол (20 мг) Симвастатин

Қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг, 40 мг таблеткалар

Ішу арқылы қабылдаудан кейін плазмадағы препараттың ең жоғары деңгейі 1, 3-2, 4 сағаттан соң байқалып, 12 сағат өткенде 10% дейін төмендейді.

Препараттың ұсынылатын дозасы - бір рет кешкілік ішке тәулігіне 5-тен 80 мг дейін. Қажет болған жағдайда дозаны 4 аптадан кем емес аралықтармен тәулігіне бір рет кешкілік ең жоғары тәуліктік 80 мг дозаға дейін түзету керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

симвастатинге немесе қандай да бір қосымша затқа жоғары сезімталдық, жүктілік және лактация кезеңі, гемфиброзил, циклоспорин немесе даназолды бір мезгілде қолдану, 10 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған) .

Жағымсыз әсерлері:анемия, ұйқысыздық, депрессия, бас ауыру, парестезиялар, бас айналу, шеткері нейропатия, ангионевроздық ісіну, жегі тәріздес синдром, ревматизмдік полимиалгия, дерматомиозит, васкулит, тромбоцитопения, эозинофилия, ЭШЖ жоғарылауы, артрит және артралгия, есекжем, фотосенсибилизация, қызба, ыстық кернеулер, тыныс алу бұзылысы және нашар хал-ахуал.

Симвастатин өте жақсы сіңеді және едәуір дәрежеде бауырда алғаш өту биотрансформациясына ұшырайды. Бауырда қармалуы бауырдағы қан ағымына байланысты. Бауыр белсенді метаболиттің негізгі әсер ету орны болып табылады. Симвастатинді ішке қабылдаудан кейін бета-гидроксиқышқылының 5%-дан азы жалпы қан ағымына түседі. Плазмадан тежегіштерінің ең жоғары концентрациясы симвастатин қабылдаудан кейін 1-ден 2 сағатқа дейінгі аралықта табылады. Бір мезгілде ас ішу сіңуіне ықпал етпейді.

Slide 12

Аторвастатин

Тағам препараттың сіңірілу жылдамдығы мен ұзақтығын біршама төмендетеді (тиісінше 25 және 9%-ға), алайда ТТЛП холестеринінің төмендеуі аторвастатинді тағамсыз қолданған кездегіге ұқсас. Кешкі уақытта қолданған кезде аторвастатиннің концентрациясы таңертеңгі қолдануға қарағанда (шамамен 30%-ға) төмен. Сіңу дәрежесі мен препарат дозасы арасында тәуелділік анықталған. Биожетімділігі - 14%. Ас ішуге байланыссыз күннің кез келген уақытында ішке қабылдау керек. Емді бастағанға дейін қандағы липидтердің төмендеуін қамтамасыз ететін емдәмге көшу қажет және оны бүкіл емдеу кезеңі бойына сақтау керек.

Жүректің ишемиялық ауруын алдын алу кезінде ересектер үшін бастапқы доза - тәулігіне 1 рет 10 мг. Жағымсыз әсерлері

ұйқысыздық, бас ауыруы, астениялық синдром, дімкәстік, бас айналуы, шеткергі нейропатия, амнезия, парестезия, гипестезия, депрессия, жүрек айнуы, диарея, абдоминальді ауыру, диспепсия, метеоризм, іштің қатуы, құсу, анорексия, гепатит, панкреатит, холестаздық сарғаю.

Қолдануға болмайтын жағдайлар: жүктілік, лактация кезеңі, 18 жасқа дейінгі балалар, бауырдың белсенді ауруы.

Slide 13

Эзитимиб

Химиялық жағынан 2-азетидинон туындысы. Ішек энтероциттеріндегі холестерин тасымалдаушысын тежейді. Ішектен жақсы сіңіріледі. Негізі ішек арқылы, ал оның глюкурониді - бүйрекпен шығады. Тәулігіне 1 рет тағайындалады. Максималды әсері 2 аптадан кейін дамиды. Жанама әсерлерінен іш аймағында ауыру сезімі, диарея(4, 1%), синусит (2, 8%), артралгия (3, 0%), бас ауыруы, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Эзитимиб жиі статиндермен жұптастырылады.

Slide 14

Пробукол (Probucol)

Қан сарысуындағы ТТЛП мөлшерін азайтады, бауырмен ТТЛП-дің ұсталуын ынталандырады. Қанда ЖТЛП мөлшерін азайту осы препараттың кемшілігі болып табылады. Препаратты ішке қабылдайды. Баяу сіңеді. Препаратты қабылдауды тоқтатқан соң, қанда 3-5 ай бойы анықталады. Гиполипидемиялық әсері 3-6 аптаға дейін сақталады. Көбіне өтпен ішекке бөлінеді, ол жермен экскременттермен шығарылады. Максималды әсері 1-3 айдан кейін дамиды. Жана әсерлерінен көбіне жиі жүрек айну, диарея, іш аймағында ауыру сезімі болады. Қабылдауға болмайтын жағдайлар: бауыр циррозы, жүктілік, жақында болған миокард инфарктісі, жоғары сезімталдық. Тамақ кезінде 500 мг тәулігіне 2рет. Қабылдау курсы- 3ай.

Slide 15

ФЕНОФИБРАТ


Ұқсас жұмыстар
Спирттің организмге зияны
Ұнтақ күйінде итмұрын қосылған кепкен нан рецептурасы
Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы
“Атеросклерозға қарсы қолданылатын препараттар”
Атеросклероз сипаттамасы
Жүрек қан тамырлар жүйесін кешендік емдеу әдістер
Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы
АДЕКВАТТЫ ТАМАҚТАНУ
Хирургиялық науқастардың тамақтануы
Қызанақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz