НЕГІЗГІ БӨЛІМ ПЛАЗМА АЛМАСТЫРУШЫ ЗАТТАР - ҚАН


Slide 1

қолдану принциптері және жіктелуі

Дайындаған:Серікболсынов Ж

Тайжанов А

Қабылдаған: Әділбаева. А. Ж

Нұр-Сұлтан 2019

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Жалпы фармакология кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

­­- Қан, оның құрамы және қызметі

2. Негізгі бөлім

- Плазмаалмастырушы заттар

- Қолданылуы

- Жіктелуі

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Қан - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі.

-Қан - жасуша аралық сұйық зат - плазмадан және қанның формалы элементтерінен тұрады.

-Плазма - құрамында тұздар, белоктар, зат алмасу өнімдері бар күрделі ерітінді болып табылады. Плазма қанның 55%, ал, формалық элементтер 45% құрайды.

-Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз; 0, 12% глюкоза; 0, 7% май; 0, 9% тұз болады.

Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттер гормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4, 5%) ; глобулиндер (1, 7-3, 5 %) және фибриногендер (0. 4) .

Slide 4

кіріспе

Қанның қызметі:

адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;

оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады;

қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;

ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;

дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;

ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;

ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;

жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;

қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады) .

Slide 5

Негізгі бөлім

Плазма алмастырушы заттар - қан плазмасы немесе оның компоненттерінің жетіспеушілігі кезінде, олардың орнын толтыру мақсатында қолданылатын дәрілік заттар.

Олар бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс:

- гистогематикалық бөгеттер арқылы өтпеу және тамырлардан тіндерге енбеу;

- жеткілікті және тұрақты осмотикалық қысымды ұстап тұру;

-Айналымдағы қан көлемін қалпына келтіруі тиіс

- антигендік қасиеттері мен пирогенділігі жоқ.

Slide 6

Негізгі бөлім

Плазмаалмастырғыштар тағайындалады:

Үлкен қан кетулерде;

Улануларда;

Организмнің сусыздануында;

Ауыр жарақатта;

Кейбір жұқпалы ауруларда (холера) ;

Интоксикацияда;

бүйрек пен бауыр жеткіліксіздігінде;

Күйікте;

Белок синтезін қалпына келтіруде;

Капиллярдағы қанның формалы элементтерінің аггрегациясын төмендету үшін және т. б. Жағдайларда.

Slide 7

Негізгі бөлім

Әсер ету бағытына қарай, плазма алмастырушы сұйықтықтар былай жіктеледі:

2. Дезинтоксикалық:

төмен молекулярлы поливинилпирролидон - гемодез; төмен молекулярлы поливинилды спирт - полидез;

1. Гемодинамикалық (шокқа қарсы) : төмен молекулярлы декстрандар - реополиглюкин; орта молекулярлы декстрандар - полиглюкин желатин заттары - желатиноль.

3. Парентеральді қоректенуге арналған заттар: белок гидролизаттары - казеин гидролизаты, аминопептид, аминокровин, аминазол, гидролизин;

Slide 8

Реополиглюкин, декстран

капиллярлық қан ағысы бұзылғанда;

жарақаттық, операциялық және күйіктік шоктың алдын алуға және емдеуге;

септикалық шокта;

артериялық және көктамырлық қан ағысы бұзылғанда;

- тромбоздарды және тромбофлебиттерді, эндартериитті және Рейно ауруын емдеуге және алдын алуға

- жасанды қан айналу аппаратын қолданып, жүрекке операция жасағанда (перфузиялық сұйықтықты қосу үшін)

- қантамырлық және пластикалық хирургияда жергілікті қан айналымын жақсарту үшін (трансплантатта тромбозға тенденцияны азайту үшін)

- күйіктерде, перитонитте, панкреатитте және т. б. уытсыздандыруға

асқын сезімталдық

- жүрек-қантамыр қызметінің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі

- бассүйек-ми жарақаттары бассүйекішілік қысымды арттыруымен

- геморрагиялық инсульт

- ішкі қан кетулер

- гипокоагуляция

- тромбоцитопения

- бүйрек қызметінің айқын бұзылуларының олиго-және ануриямен қатарласа жүруі

- гиперволемия, гипергидратация және сұйықтықтық мол мөлшерін енгізуге болмайтын басқа да жағдайлар

- артериялық қысымның жоғарылауы.

- аллергиялық және анафилактоидтық реакциялар (терінің қышуы, бөртпелер, Квинке ісінуі, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, олигоурия)

- қан айналымының және тыныс алудың бұзылуы

- бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі

- жүректің айнуы, қалтырау, қызба.

Операциядан кейін препаратты 5 - 6 күн бойы көктамыр ішіне (60 минут бойы) мынадай дозаларда тамшылатып енгізеді:

ересектерге - бір рет 10 мл/кг,

2 - 3 жасқа дейінгі балаларға - тәулігіне 1 рет 10 мл/кг,

8 жасқа дейінгі балаларға - тәулігіне 1 - 2 рет 7 - 10 мл/кг,

14 жасқа дейінгі балаларға - тәулігіне 1 - 2 рет 5 - 7 мл/кг.

14 жастан асқан балалар үшін доза ересектерге арналған дозадағыдай.

Slide 9

Желатиноль

Шокты емдеу кезінде (жарақат, күйік, геморрагиялық және токсикалық 1-2 дәрежелі) плазма алмастырушы зат ретінде; жасанды қанайналым аппаратын толтыру үшін; күйік және уланудан болатын басқа да жағдайларда дезинтоксикация мақсатында.

Өткір, созылмалы нефритте, препаратқа сезімталдылық жоғары болғанда

Альбуминурия (енгізгеннен кейін 1-2 күн ішінде) . Өте сирек жағдайларда әр түрлі дәрежедегі аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін. Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда, инфузияны дереу тоқтатып, көктамырдан инелерді алмай, анафилактикалық шокты емдеуде қолданылатын антигистаминді, қан тамырына қызмет көрсететін дәрілер мен , вазопрессорлық дәрілер енгізген жөн.

Препараттың мөлшері науқастың жағдайына байланысты. Қажет болса, желатинолды қайта тағайындайды. Бір мезгілде 2 л-ден аспайтын ерітінді енгізілуі мүмкін. Балаларға-дене салмағына 15-25 мг/кг аспайтын есеппен.

Slide 10

Гемодез - H

Жіті инфекциялық ішек ауруларының (дизентерия, сальмонеллез және т. б. ) уытты түрлері кезінде дезинтоксикациялық зат ретінде; перитонит кезіндегі операциядан кейінгі кезеңде дезинтоксикация құралы ретінде; бауыр жетіспеушілігінің дамуымен бірге болатын бауыр аурулары; күйік ауруы, сепсис, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы, құрсақішілік инфекция және жаңа туған нәрестелердің токсемиясы кезінде.

Препаратқа жоғары сезімталдық; миға қан құйылу; жүрек-тамыр жеткіліксіздігі.

Баяу енгізгенде, әдетте асқынулар болмайды. Жоғары жылдамдықпен енгізу АҚ, тахикардияның төмендеуіне, тыныс алудың қиындауын мүмкін. Жекелеген науқастарда анафилактикалық шок дамуына дейін аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Бұл жағдайларда инфузияны дереу тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу (антигистаминді, кардиотониялық, вазопрессорлық препараттарды, глюкокортикоидтарды енгізу) қажет.

Көктамырға тамшылатып.

Енгізер алдында ерітіндіні дене температурасына дейін қыздырады. Бір реттік доза науқастың жасына және уланудың ауырлығына байланысты. Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза - 400 мл.

Балаларға 2, 5 мл/кг - дан бастап ең жоғары бір реттік доза емшек жасындағы балалар үшін - 50 мл, 2-5 жастағы балалар үшін - 70 мл, 6-9 жастағы балалар үшін - 100-150 мл, 10-15 жастағы балалар үшін-200 мл басталады.

Препаратты уланудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-2 рет енгізеді.

Slide 11

Казеин гилролизаты

Ақуыз жетіспеушілігі (гипопротеинемия, уыттану, сәулелік және күйік ауруы, әлсірейтін жаралар) ; өңешке және асқазанға жасалатын операциялар; операциядан кейінгі кезең (метаболикалық және репаративті процестерді жақсарту үшін) .

Жоғары сезімталдық, гемодинамиканың жіті бұзылуы (жарақаттық, операциялық, күйік, жаппай қан жоғалту), СЖӘ, геморрагиялық инсульт, бауыр және / немесе бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболиялық ауру.

Жүрек айнуы, бас ауыруы, ыстық, көктамыр жүрісінің ауыруы, диспноэ (тез в/в енгізу кезінде) .

К/т тамшылап 20-60 кап / мин жылдамдықпен немесе зонд арқылы асқазанға және жіңішке ішекке. Ерітіндіні енгізер алдында дене температурасына дейін қыздырады.

Аминокровин

Белоктардың сіңірілуінің бұзылуы, операциядан кейінгі кезеңде және операцияға дайындық, белоктың жетіспеушілігі (күйік ауруы, жарақаттар, сүйектердің сынуы, жіті инфекциялар; әртүрлі текті тәбет төмендеуі; енжаратын жаралар, өкпедегі спецификалық емес қабыну процестері, реконвалесценция) .

Жоғары сезімталдық, бауыр және / немесе бүйрек жеткіліксіздігі, ми қан айналымының бұзылуы, жүрек-тамыр және жүрек-өкпе жеткіліксіздігі.

Жүрек айнуы, бас ауруы, ыстық, тамырдың ауыруы

К/т тамшылатып, 30-35 мл/кг/тәул (1 кг-ға 0. 2-0. 25 г азот) жылдамдығы 40-60 кап / мин. қан мен ерітінділерді құю жүйесінің көмегімен зонд арқылы асқазанға немесе жіңішке ішекке енгізілуі мүмкін.

Slide 12

Перфоран

Қан жоғалту, шок, жарақат, уыттану салдарынан Гиповолемия және гипоксия; микроциркуляцияның, тканьдік метаболизмнің, газ алмасудың бұзылуы; донорлық органдарды миға қарсы қорғау; аппараттарда жасанды қанайналымын пайдалану.

Жоғары сезімталдық, гемофилия, аллергиялық аурулар.

Кейде гиперемия, гипертермия, тахикардия, гипотония, бас ауруы, кеуде және бел аймағында ауырсыну, тыныс алудың қиындауы, аллергиялық (соның ішінде анафилактоидты) реакциялар байқалады.

К / т тамшылатып немесе ағынды, алғашқы 3-5 және одан кейінгі 30 тамшысын енгізгеннен кейін 3 минутқа үзіліс жасау керек (биологиялық сынама нәтижелерін бағалау үшін) . Енгізу арасындағы дозалар мен аралықтарды науқастың көрсеткіштері мен жағдайына сәйкес таңдайды. Әдеттегі доза - дене салмағына 5-30 мл/кг; 1-4 күн аралығымен 3 рет сол дозада қайта енгізілуі мүмкін. Ең жоғары дозалар: бір реттік - 30 мл/кг, тәуліктік - 100 мл/кг. қажет болған жағдайда оксигенациялық әсерді арттыру үшін оттегімен байытылған (40-60%) ауа қоспасын беру ұсынылады.

Slide 13

Полифер

Гемореологияны және микроциркуляцияны жақсарту және операциялық араласулар кезінде тромбоздарға бейімділікті төмендету және жоғары тұтқырлық синдромымен және қан қоюландырумен қатар жүретін жай - күйлерді консервативті емдеу үшін; макро- және микрогемодинамиканың бұзылуы, қанның реологиялық қасиеттерін жақсарту, артериялық және көктамырлық қан ағынын қалыпқа келтіру, тромбоз, ДВС-синдромның алдын алу.

Алдын алу және емдеу: шок жағдайлары (жіті қан жоғалту нәтижесінде, оның ішінде босану, жатырдан тыс жүктілік, жарақаттар, аралас зақымданулар, уыттану және сепсис кезінде пайда болған), операциялық және күйік шок; ишемиялық инсульт;


Ұқсас жұмыстар
Қан бөлшектесін құю
Инъекцияға арналған ерітінділер
Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттар туралы
АНТИГЕНДІК ЖҮЙЕЛЕР
Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттар
Қанның ұюы
Шылым шегуді тоқтатудағы никотин алмастырушы терапияның тиімділіг
Қанның функциялары
ҚАННЫҢ ФОРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Қан құю ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz