Симпатикалық жүйке жүйесі


Slide 1

Тақырыбы:Симпатикалық жүйке жүйесінің құрылы мен қызметі

Орындаған: Дүкенбай. Н

Қабылдаған: Әділбаева А . Ж

“Астана Медицина Университеті”АҚ

Slide 2

I . Кіріспе II. Вегетативті жүйке жүйесі III. Симпатикалық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі IV. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Вегетативтік жүйке жүйесі

Вегетативтік немесе автономдық жүйкежүйесі (systema nervosum auto nomicum грек, systema - жүйе; лат. nervus - жүйке; грек, autos -өздігінен; nomos - заң) - барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.

Slide 4

Вегетативтік жүйке жүйесі қызметі

Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды.

Slide 5

Вегетативтік жүйке жүйесі

Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.

Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады.

Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.

Slide 6

Вегетативтік жүйке жүйесі

Вегетативтік жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді

Slide 7

Вегатативтік нервтер орталық нерв жүйесініңтек бірнеше ошақтарынан ғана шығады осындай 4 ошақ бар

1) ортаңғы мидағы мезэнцефалдық бөлім және 3 бассүйек жұп нервінің

2) Сопақша ми мен көпірдегі бульбарлық бөлім бассүйек нервтерінің 7, 9, 10 жұптарының ядролары

3) Жұлын бүйір мүйіздеріндегі сигменттер бойындағы кеуде бел бөлімі

4) Жұлын бүйір мүйіздеріндегі сигменттер бойындағы сегізөздік бөлім

Slide 8

Симпатикалық жүйке жүйесі

Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түйіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйкелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.

Slide 9

Симпатикалық жүйке жүйесі

Симпатикалық нерв жүйесі 4 бөлінен тұрады олар

1 ) мойын бөлімі

2 ) кеуде болімі

3 ) бел іш бөлімі

4 ) сегізгөз бөлімі

Slide 10

Симпатикалық жүйке жүйесі мойын бөлімі

Мойын бөлімі бассүйек негізінен 1 кабырға басына дейін созылып, ұйқы артериясының арқты жағында мойынның терең бұлшықеттерінде орналасады.

Оның құрамына үш мойын симпатикалық түйіндері жоғары ортаңғы және төменгі ) енеді.

Slide 11

Симпатикалық жүйке жүйесінің жоғары мойын бөлімі

Ganglion cervicale superior жоғары түйіні, ұзындығы 20 мм, ал ені 4-6 мм симпатикалық сабаудың ең ірі түйіні болып табылады . Ол 2-3 мойын омыртқасының деңгейінде ішкі ұйқы артериясының артқы жағында медиальді орналасқан .

Slide 12

Симпатикалық жүйке жүйесінің ортаңғы мойын бөлімі

Ganglion cervicale medium шағын көлемді, әдетте жалпы ұйқы артериясының айқасатын жерінде орналасады, көбіне болмауы мүмкін немесе екі түйінге ыдырайды .

Slide 13

Симпатикалық жүйке жүйесінің төменгі мойын бөлімі

Ganglion cervicale inferius-едәуір көлемді, омыртқа артериясының бастапқы бөлігінің артқы жағында орналасқан, көбіне 1, кейде 2 кеуде түйіні мен қосылып -бітісіп, жалпы мойын-кеуде немесе жұлдызды түйінді .

Slide 14

Симпатикалық жүйке жүйесінің кеуделік бөлімі

Симпатикалық сабаудың кеуделік бөлімі қабырғалардың мойындарының алдында орналасып, алдыңғы жағынан өкпеқап пен бүркелген .

Оның құрамына кіретін үшбұрыш пішіндеу келетін 10-12 түйін енеді.

Кеуде бөлімінің тармақтары

1) Cardiaci thoracici

2) Rami communicantes grises

3) Rami pulmonales

4) Rami aortici

5) Splanchnici major et minor

Slide 15

Симпатикалық жүйке жүйесінің кеуделік бөлімі

Cardiaci thoracici - жоғарғы кеуде түйіндерінен шығып plexus cardiacus -ты түзуге қатысуға қатысады.

Rami communicantes grises миелинсіз тармақтар - қабырғааралық нервтерге барады.

Rami pulmonales -өкпеге баратын plexus polmoneus -ті тзеді.

Slide 16

Симпатикалық жүйке жүйесінің кеуделік бөлімі

Rami aortici - кеуе қолқасында, plexus aorticus thoracicus-ты, бір бөлігі өңеште, plexus esophagus-ti, сондай-ақ кеуде түтігінде өрімдер түзеді (аталған өрімдердің барлығы nervus vagus-та қатысады )

Splanchnici major et minor -үлкен және кіші іштік нервтер :Splanchnici major -

5-9 кеуде түйіндерінен шығатын бірнеше түбіршіктен басталады, оның түіршіктері медиалды бағытта жүріп, 9 кеуде омыртқасының деңгейінде бір ортақ сабауға қосылып бірігеді, одан соң көкет аяқшаларының бұлшық ет будалары аралығынан іш қуысына өтіп, plexus coelicus-қа енеді.

Splanchnici minor 10-11 кеуде түйіндерінен басталып, ол да үлкен іштік нервпен бірге көкет арқылы coelicus-қа енеді. Бұл нервтерде тамыр тарылтқыш нервтер өтеді, оны мынадан байқауға болады :осы нервтерді кескенде ішек қан тамырлары канға толып кетеді ; splanchicus құрамында асқазан мен ішектің қозғалысын тежейтін, сондай-ақ ішкі ағзалардан сезімдер өткізу қызметін атқаратын талшықтар өтеді.

Slide 17

Симпатикалық жүйке жүйесінің бел немесе іштік бөлімі


Ұқсас жұмыстар
ВЕГЕТАТИВТІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Вегетативтік жүйке жүйесі
Симпатикалық жүйке
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесі жұлын
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Жоғарғы жүйке жүйесінің онтогенензі
Баланың өсу заңдылықтары
Адамның жүйке жүйесі
ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН РЕТТЕЙТІН ЖҮЙЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz