Миокард инфаркті



«Астана Медицина Университеті» КЕАҚ «Жалпы Фармакология» кафедрасы
СӨЖ
Тақырып:
Жедел миокард инфарктісін тоқтату принципі .
Орындаған: Дукенбай Н. М. Топ:303
Қабылдаған: Әділбаева А. Ж.
Нұр-Сұлтан - 2019

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Миокард инфаркті түрлері
Жедел миокард инфаркті
Жедел миокард инфаркті емі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жедел миокард инфаркті.
Миокард инфаркті (МИ) - жіті коронарлы қан айналымның жетіспеушілігінің нəтижесінде
дамитын жүрек
бұлшықетінің
ишемиялық
некрозы.



Қауіп факторы

Жіктемесі

Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы бойынша

(Q тісшелі миокард инфаркті) некрозды ошақ жүрек бұлшықетінің субэндокардиальды субэпикардиалды миокард қабатының барлық жағынан зақымдалуы немесе кейбір үлкен бөліктерінің ЭКГ бетінде электрокардиологиялық əкетулерде патологиялық Q тісшесі не QS комплексінің пайда болуы. Осыдан МИ трансмуральды синонимі - «Q тісшелі инфаркт миокарды» шығады. Осы əдетте, мұндай зақымданулар жүрек бұлшықетінің көлемді жəне некроз ошақтарының 2 немесе оданда көп сол қарыншалық сегменттеріне таралуы (МИ ірі ошақты) .
1. Трансмуральды МИ

2. Трансмуральды емес МИ
(Q тісшесіз миокард инфаркті) некрозды ошақтар тек сол қарыншаның (СҚ) субэндокардиальды немесе интрамуральды бөліктерін жəне QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді («Q тісшесіз миокард инфаркті») .
Ұзақ уақыт бойы көптеген əдебиеттерде Q тісшесіз миокард инфарктін «ұсақошақты миоркард инфаркті» термині қолданылып келді. Шынында, көп жағдайда ағымына байланысты трасмуральды инфарктіне қарағанда, Q тісшесіз миокард инфаркті азырақ кездеседі, бірақ өте сирек кездесетін ауқымды субэндокардиальды МИ тек миокардтың субэндокардиальды қабатын қамту арқылы СҚ бірнеше сегменттеріне таралуы.

Аурудың ағымына қарай сипаттамасы:

МИ орналасуы бойынша

Аурудың сатысының ағымына қарай

Жіті кезең Аурудың алғашқы сағаттарында науқастың жағдайы тұрақсыздықпен ерекшеледі. МИ басталған уақыты неғұрлым аз болған сайын соғұрлым аритмиялар мен қарыншалық фибрилляциялардың даму қаупі жоғары. Артериалды қан қысымы тұрақсызданады, көбінесе ауыру сезімінің әсерінен гипертензия, ал кейде- артериалды қан қысымы шокқа дейін төмендейді. Некроз ошағы некроз массаларының резорбциясы қоршаған тіндердің асептикалық қабынуы тыртықтың қалыптасуы

МИ жіті кезеңінде некроз ошағы қалыптасады, некрозды тіндердің резорбциясы дамып, қоршаған тіндердің асептикалық қабынуы мен тыртықтың қалыптасуы басталады.
Некротизация аяқталған соң ангинозды ауыру сезімі басылады, тек миокард инфарктінің рецидиві немесе ерте инфарктан кейінгі стенокардияда қайта басталуы мүмкін. 2-4 тәулікте перикардтың реактивті асептикалық қабынуына - эпистенокардиалды перикардиттің дамуына байланысты перикардиальді ауыру сезімі болуы мүмкін.
МИ 2-ші тәулігінен бастап резорбционды-некрозды синдром белгілері пайда болады.
3 тәулікте миокард некрозына және қанайналымның стрессорлы белсенуіне байланысты гемодинамика нашарлайды.

Диагностика
Шағымдар мен анамнез
Миокард инфарктінің негізгі клиникалық белгісі ангинозды ауыру сезімі, ол осы сезіммен 90-95% жағдайда басталады. Ангинозды түрден басқа миокард инфаркті болжам белгісіне жəне жедел жəрдем көрсету əдістері, ұзақтығына, пайда болу сипатына қарай əртүрлі ауыру сезім түрлері болады.
Миокард инфарктінде ангинозды ауыру сезімнің сипаттамасы стенокардияға ұқсас болып келіп, тек ол ауыру сезімнің қарқындылығы күштірек «қанжар сұққан тəріздес», жұлынып, жыртылғандай, күйдіргендей болады. Ауыру сезім толқынды түрде дамиды, бірыңғай төмендейді бірақ толығымен жойылмайды. Ангинозды ауыру сезімнің орналасуы - көбіне кеуде артында, сол жақ кеуде қуысының тереңдеген бөлігінде немесе құрсақ үстінде. Ангинозды ауыру сезімінің иррадиациясы сол жақ жауырынға, иыққа, қол қырына, саусаққа беріледі.

Миокард инфарктінде ангинозды ауыру сезімнің басталуы - күтпеген жерден, көбіне таңертеңгілік сағаттарда, ұзақтығы - бірнеше сағат. МИ нитроглицеринді сублингвальды қайталамалы қабылдағанда ангинозды ауыру сезім басылмайды. Миокард инфарктінде ангинозды ауыру синдромының даму ерекшелігі оның ауру ағымына, орналасуына жəне науқастың жасына байланысты. Жас науқастарда 90% жағдайда ангинозды статус айқын көрінеді. Егде жастағы науқастарда 65% көбіне кеуде артындағы ауыру сезім, МИ-нің жіті кезеңінде 25% жағдайда мүлдем болмай, ауыр түрде өтеді. Көп жағдайда ауыру сезім толық нитроглицеринмен, ал кейде қайталамалы наркотикалық анальгетиктермен инъекциялағанда жойылмайды.
МИ ауырудың күшіне қарай салыстырмалы ауыр емес түрінен өте ауыр шыдатпас сезімге дейін апарады. Науқастар көбіне қысылғын, басылған, жиі - қызынған, кесілген жəне соққылаған ауыру сезімдеріне шағымданады. Кейде ауыру сезім кеуде куысының барлық жағынан алып жатады. Құрсақүсті аймақта орналасқан ауыру сезімнің төменгі (артқы) МИ-на тəн. Атипті вариантында ауыру сезім иррадиация аймағында орналасуы мүмкін, мысалы - сол колда. Ауыру сезім күшімен, ұстаманың ұзақтығына байланысты инфаркт көлеміне сəйкес келмейді. МИ ауыру сезімінің ерекшілігінің сипаттамасы оның айқын эмоциональды болуы. Ол қорқынышпен, қозғыштықпен сезімдермен жүреді. Сонымен қатар ауыру синдромы жойылған, айқын емес жəне стенокардияның кəдімгі ұстамасымен жасырын түрінде өтеді. Көп жағдайда ұстама өздігінен өтуі мүмкін.

Физикальды зерттеу

ЖІТІ МИОКАРД ИНФАРКТІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ
Миокард инфарктінің ең жиі және өзіне тән ерте симптомы- ауыру сезімі, ол 70-97% жағдайда мазалайды.
Сипаты бойынша ауыру сезімі стенокардия ұстамасы кезіндегідей, бірақ оның ауырлығы мен ұзақтығы бойынша айыруға болады.
Көп жағдайларда ауыру сезімі нитроглицеринге, кейде наркотикалық анальгетиктерді қайта салғанда толық басылмайды
Миокард инфарктінде ауыру сезімі күштілігі бойынша кейде аса ауыр болмайды, ал кейде шыдатпайтын қатты ауыру сезімімімен сипатталады. .
Науқастар көбінесе қысқан, жаншыған ауыру сезіміне шағымданса, күйдірген, кесілген, сыздаған ауыру сезіміне сирек шағымданады.

Жүрек тұсындағы ауыру сезімі
Төс артында қысқан немесе жаншыған ауыру сезімі тән. Кейде ауыру сезімі бүкіл кеуде клеткасын қамтиды.
Ауыру сезімінің құрсақ үстінде орналасуы миокард инфарктінің төменгі(артқы) түріне көбірек тән.
Ауыру сезімі көбінесе сол қол, сол иық, жауырын, мойынға беріледі, кейде екі қолға, жауырын арасына, астыңғы жаққа беріледі (иррадиация)
Атипиялық ауыру сезімді түрінде ауыру сезімі тек иррадиация аймақтарында болуы мүмкін- мысалы, сол қолында.
Миокард инфарктінде ауыру сезімі әдетте ұстамалы түрде: бір күшейіп, бір бәсеңдейді, ұзақтығы бірнеше минуттардан 1-2 тәулікке дейін созылуы мүмкін.
Ауыру ұстамасының күші мен ұзақтығы инфаркт көлеміне барлық кезде сәйкес келе бермейді, дегенмен ауқымды зақымдануларда ауыру синдромы күштірек және ұзағырақ болады.

Миокард инфарктіндегі ауыру сезімінің ерекшелігі оның айқын эмоционалды көріністермен айқындалуында.
Ол қорқу сезімімен, қозу, мазасызданумен ілесе жүреді.
Бірақ кейде ауыру сезімі аса айқын, ауыр болмай, стенокардия ұстамасы тәрізді болады.
Кей жағдайларда ұстама өзінен-өзі басылуы мүмкін.

Жедел миокард инфаркті емі
Ауырсыну сезімін басу үшін (ауыру сезімінің айқындылығына, жалпы жағдайға, жасына байланысты) :
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz