Қанның ұюы




Презентация қосу
КеАҚ «Астана Медицина Университеті»
«Жалпы және жеке фармакология» кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Қан ұю физиологиясы.

Дайындаған: Даулеткан А.М.
Топ: 303 ЖМ
Тексерген: Әділбаева А.Ж.

Нұр - Сұлтан 2019ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a. Қанға жалпы сипаттама
b. Қанның қызметі
c. Қан ұю физиологиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) —
организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол
қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып,
тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық
мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен
оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің
өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.
Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың
гуморальдық реттелу қызметі қанның
қатысуымен іске асады. Қан организмнің
инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз
етеді.
Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады.
Қан — ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі
клетка аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан
қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан
пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер
сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың
жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық
заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі
организм үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың
қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді.
Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы
шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал
бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды
тұздардан арылады.
Қанның қызметі
асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды,
минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері
шығарады;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін
қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін
аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар
мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)
қорғаыш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар
болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар ұлы
организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.
терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Плазма және қан сарысуы
Плазма да, сарысу да сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш
заттардың (лютеин, каротин, ксантофилл) болуына байланысты.
Плазманың кұрамында 90-92% су, 8-10% құрғақ зат болады.
Құрғақ заттың 6-8%-ы белоктардан тұрады. Плазма белоктары
альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан
плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері,
креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының
қалдық өнімдері болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп
атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына,
организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді.
Плазма құрамында көмірсулар (глюкоза), липидтер және
минералды заттар (0,9%) болады.
Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер
(амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де
жатады. Пропердин вирус белоктарынан байланысып,
оларды залалсыздандырады, бактериаларды өлтіреді,
сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда
болған факторы болыл саналады.
Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп
шыққан сары бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы
деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан
плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы
ғана болмайды.
Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері

Плазма белоктары әр түрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға
буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның рН-ын тұрақты
деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға тұтқырлық
қасиет беріп, артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды
роль атқарады. Олар онкостық қысым туғызып, қан кұрамындағы
су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы
судың алмасуын реттейді. Альбуминдер әр түрлі дәрі-дәрмек
препараттарын, дәрүмендәрілерді, гормондарды бояғыш заттарды
(пигменттерді) тасымалдауда зор роль атқарады. Глобулиндерден
түрлі қорғаныш денелер түзіледі, сондықтан олар организм
иммунитетін қалыптастырады. Фибриноген канның ұю процесіне
катысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері
өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Плазма
белоктары ұлпа белоктарын құрау үшін пайдаланылады.
Қанның ұюы
Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі
жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып
тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт
өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.
Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок — фибриннен құралады. Фибрин
плазмада еріген белок — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда
және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер
бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции
тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын
болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан клеткалары тұтылып, іркілдек
зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.
Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі
баяуырақ ұйиды.
Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай
адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін.
Қанның ұйуы дегеніміз организмді қан кетуден сақтандыратын, оны
қорғанышты бейімділігі болып табылады.
Қанның физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйык күйден
қойыртпақтанып қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы
оның маңызды қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол организмді
қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан
тамырларынын қабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан
плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық қан
торшалары қатысады. Бұл процесте биологиялық белсенді
заттар да маңызды роль атқарады. Олар физиологиялық
әсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына
кедергі жасайтын және ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді.
Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі
процесс. Оның мәні қан құрамындағы фибриноген белогының
физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұю процесі
барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді
де, ол ерімейтін белок -фибринге айналады.

Қанның ұю процесі механизмінің негізіне 1871 ж. А.Шмидт
ұсынған ферменттік теория алынған. Бұл теорияға сәйкес ұю
процесі үш кезеңде өтеді де, плазма құрамындағы 13 фактор
мен тромбоцит факторларының (10-нан астам) қатысуымен
жүреді. ГІлазма факторлары ашылу ретіне қарай нөмірленіп,
рим цифрларымен, ал тромбоцит факторлары араб
цифрларымен белгіленеді. Егер плазма құрамындағы
факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю қабілетінен
айырылады (мысалы, VIII-фактор жетіспегенде гемофилия
дерті байқалады).

Қанның ұю процесі үш кезеңде өрбиді. Бірінші кезең
тромбоциттердің белсенділігінің күшеюімен сипатталады.
Екінші кезеңде плазма құрамындағы факторлардың
белсенділігі артып, үш сатылы тізбектелген ферменттік
процесс жүреді. Ұюдың соңғы үшініші кезеңінде ұйық
ретракциясы (фибрин талшықтарының тығыздалуы) жүреді.
Денедегі жарақат сипатына, зақымданған тамыр табиғатына қарай ұю
процесі екі жолмен жүреді: не ол тамыр мен тромбоциттер
реакциясымен шектеледі (тамыр-тромбоциттік механизм), не плазма
құрамындағы факторлардың қатысуымен тізбектелген ферменттік
процесс басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық -ұю
механизмі).
Тамыр — тромбоциттік механизм қан қысымы төмен майда тамырлар
зақымданғанда іске қосылады. Бұл жағдайда тромбоциттерден
бөлінген заттардың әсерімен тамыр тарылады, тромбоциттер
зақымдалған жерге жабысып, бір-бірімен желімденеді де, плазма оңай
өтетін, тромбоциттерден құралған, борпылдақ тығын пайда болады.
Одан әрі тромбоциттердің қайтарымсыз агрегациясы жүріп, олар
плазманы өткізбейтін біртекті массаға айналады. Тромбоциттерден
бөлінген заттардың әсерімен қан тамыры тарыла түседі, 3-фактор —
тромбоцит протромбиназасы арқылы қанның ағуын тоқтатудың
коагуляциялық (ұю) механизмі іске қосылады. Осыдан кейін
тромбоцит ұйығы тығыздалып, қан ұйығының ретракциясы
нәтижесінде тромбоцит тығыны зақымданған тамырға бекиді, қанның
ағуы тиылады.
Ірі тамырларда тромбоцит ұйығы үлкен қысымға шыдамайды,
шайылып кетеді. Мұндай жағдайда қанның ағуын тек фибрин
ұйығы тоқтатады, коагуляциялық механизм іске қосылады.
Бұл кезең үш сатыда өтеді.
Кезеңнің бірінші сатысында XII, XI, VIII, VII, IX, IV, V —
факгорлар мен тромбоциттердің 3-факторының әрекеттесуі
нөтижесінде күрделі процесс жүріп, тромбопластин (ІІ-
факгор) пайда болады. Тромбопластин ұлпалар мыжылып
зақымданғанда да пайда болады, оны ұлпа тромбопластині
деп атайды.
Ұюдың екінші сатысында тромбопластин плазманың IV, V, VI,
VII факторларымен әрекеттесіп, тромбоциттердің 1 және 2
факторларының қатысуымен К дәрмендәрісі жеткілікті болған
жағдайда бауырда түзілетін бұйығы фермент протромбинге
әсер етіп, оны белсенді фермент — тромбинге айналдырады.
Плазмалық қан ұйытатын факторлар. Қан үю мәселесі
жөнін-дегі халықаралық комитет кан ұйытушы плазмалық
факторлар-ды рим сапымен белгілеу қажет деп тапты.
I фактор — ' фибриноген — үлкен молекулалы глобулин, м. с.
— 340000. Плазмада 0,3—0,4% фибриноген бар.
Қан ұйырда фибрішоген зольден гелге айналып, ұйыған қан-
ның негізін қүрады.
II фактор — протромбин — гликопротеид (гексоза, ацетил-
гексозаминнің қосындысы). «К» витаминінің катысуымен
бауыр клеткаларында түзіледі. Бұл — пассивті фермент, қан
ұюы кезін-де белсенді тромбинге айналады.
III фактор — тканьдік тромбопластин мсн қан тромбопласти-
ні (екеуі де фосфолипид) — клетка мембранасының қүрамына
кіреді. Тромбопластиндер протромбиназа түзілуіне қажет.
IV фактор — кальций ионы — коагуляциялық, гемостаздык
•кезсңдердің үшеуіне де қатысады.
V—VI факторлар — проакцелерин жэне акцелерин — глобу-
лин. Екеуін қосып акцелератор глобулин (белсенді) дсйді. Екі
фак-тордың біреуі (V) белсенді, екіншісі — (V) пассивті
болғандык-тан соңғысы көбінесе қолданылмайды.
VII фактор — проконвертин — «К» витаминнің қатысуымен
бауырда жасалады, тканьдік протромбиназа түзілуіне кажет
зат.
VIII фактор — антигемофилдік (гемофилияға қарсы) глобу-
лин «А». АГГ жеткіліксіз болса, гемофилия «А» ауруы пайда
бо-лады. АГГ IX және X факторлардың әсерін күшейтеді.
IX фактор — Кристмас факторы. (аурудын. аты) —
антигемо-филдік глобулин «В». Бүл да «К» витаминнің
қатысуымен бау-ырда түзіледі. IX фактордың жеткіліксіздігі
гемофилия «В» ауруына океліп соғады.
X фактор — Стюарт-Проуэр факторы (аурудың аты), «К»
витаминінің қатысуымен бауырда жасалады, ткапьдік протром-
биназа мен қан протромбиназасы түзілуіне керек.
XI фактор — тромбопластинніқ плазмадағы негізі (РТА) —
(ріазта іготһоріазііп апіесесіепі) — глобулин бауырда түзілсді, ол
жеткіліксіз болса, гемофилия «С» ауруына әкеліп соғады.
XII фактор — Хагеман факторы қан тамыры, клеткалары
жарақаттанғанда әрекет етеді, ол үшін қан бұзылған клетканың
бетімен түйісуі қажет. Сондықтан оны жанасу факторы дейді.
Белсенді ХІІ фактор XI факторды белсендіріп, екеуі бірігіп
комплекс қүрады (жанасу комплексі). XII фактор, сондай-ақ кал-
лекрсин жүйесі мен фибринолизді де күшейтеді.
XIII фактор — фибринді түрак,ты ететін фактор (фибрина-
за) — плазмада, тканьде және қан клеткаларында кездеседі, срі-
мейтін фибрин түзілуіне қажетті зат. Бүл фактор жеткіліксіз бол-
са, хнрургиялық және жарақаттанудан болған жаралар көпке
дейін жазылмайды.
Тамырдағы тромбоциттік гемостаз. Бұл гемостаз қан қысымы
төмен ец жіңішке қылтамырларда кездеседі. Тромбоциттік
гемо-стаз 5 кезеқнен тұрады.
1—қан тамырының рефлекстік жолмен уақытша тарылуы,
үзілген (жыртылган) кан тамырын қандағы тромбоциттен
босап шыққан серотонин мен адреналин тарылтады.
2 — тромбоциттер жабысуы (адгезиясы). Тамырдың жыртыл-
ған (үзілген) жеріндегі оң зарядты, коллаген талшықтарына
те-ріс зарядты тромбоциттер жабысады да тромбоциттер
үймесі бо-лады. Бірақ бүл қанды ұзақ уақыт тоқтата алмайды.
3 — тромбоциттер агрегациясы. Жыртылған, үзілген кан та-
мырынан, жарылған эритроциттен және тромбоциттен
бөлініп шыққан АДФ, серотонин, адреналин әсерінен тез
бұзылатын, на-шар бекіген, тек тромбоциттерден тұратын
жұмсақ тығын пайда болады. Бүл тығын арқылы плазма ағып
тұрады.
Агрегация ме-ханизмі әбден анықталмаған. Тромбоцит
мембранасында АДФ, серотонин, адреналинге арналған
рецепторлар болады, олармен химиялық заттар әрекеттесіп тез
бұзылатын комплекс құрады дсгсн болжамдар бар. АДФ
тромбоцит мембранасынан өсіктер
(жалған аяк. — псевдоподий) шығаруына себепкер болады. Бір
тромбоциттегі белок—актин жіптері екінші бір тромбоциттегі
белок — миозиндермен АДФ арқылы байланысады.
4 — тромбоциттердің бұзылмайтын тұрақты агрегациясы. Белгілі
бір қан тамыры жарақаттанған сон, 5—10 секунд өтісімен
тканьдік протромбиназанық әсерімен тромбин пайда болады. Осы
тромбиннің әсерімен тромбоциттер бір-біріне жабысып, аг-регат
күрады. Бұдан кейін онық қүрылысы бүзылады, агрегат бі-регей
коймалжың қоспаға айналады. Тромбоцит мембраналары
бүзылады да тромбоциттік факторлар қанға өтеді. Ақырында
тромбоциттерден тұратын тромб (ұйынды) пайда болады.
Антикоагулянттар. Қан плазмасында көптеген үйытатын
зат-тар болса да, сау адамның қан тамырында әдетте қан
ұйымайды, сұйық күйінде сақталады. Мұның себебі
қанда онын. ұюына жол бермейтін табиғи заттар —
антикоагулянттар болады.
Табцри антикоагулянттар: 1) әрдайым қанда болатын
бастап-қы антикоагулянттар; 2) қан ұюы кезінде пайда
болатын қосым-ша антикоагулянттар болып 2 топқа
бөлінеді.
Бастапқы антикоагулянттар қатарына
антитромбопластиндер, яғни протромбиназалардың
пайда болуын тоқтататын, тежейтін, антитромбиндер (I,
II, III, IV) және гепарин жатады. Гепарин қанның
базофиль клеткасында, майлы дәнекер тканьде түзіле-ді.
Ол гемокоагуляцияның бірден 3 кезеңін, плазмалық
және тромбоциттік факторлардық белсенділігін
тежейді, аз мөлшерде фибринолиз әсерін күшейтеді.
Гепарин гиалуронидазаға әсер етіп, заттың
капиллярлардан өтуін күшейтеді, антиген мен антиде-
ненің қосылу реакциясына қарсы әрекет жасайды
(ингибитор), ісіну, қабыну процестерін бәсеңдетеді.
Сондықтан да гепарин ме-дицинада кеңінен
қолданылады.
Қосымша антикоагулянттар қатарына фибрин
(тромбиннің 90%-ін адсорбциялайды), пептидтер, X, XI
факторлар (бұл фак-торлар XII фактордың әсерін
әлсіретеді) жатады.
Әдетте адам қаны 5 минут ішінде үйып болады. Қан
ұюыиың шапшаңдауы не баяулауы мүмкін.
Алғашқысы гиперкоагуляция бүл ұйытатын
заттардың шектен тыс көбеюіне (гиперкоагулемия-
ға) байланысты, ал екіншісі гипокоагуляция — қан
ұйытатын фак-торлардын. азаюынан
(гипокоагулемиядан) болады.
Гипер — және гипокоагулемия жүйке жүйесі мен
қан арқылы (гуморальдық) реттеледі. Қатты
қобалжу (стресс), шаттану, ренжу (эмоция)
нәтижесінде симпатикалық жүйке жүйесі шектен
тыс козады да қанда адреналин көбейеді. Адреналин
кан клет-калары жарылған кезде де көбейеді.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қанның формалды элементтері
Қан плазмасы
Қан ұюына қарсы жүйе
ҚАННЫҢ ФОРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Қан жүйесі
ТРОМБОЦИТТЕРДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Қан патологиясы
Инфаркт және оның түрлері, ақыры
Осмос және онкотикалық қысым. Изотоникалық коэффициент. Қышқылдық және негіздік теориясы. Протолиттік тепе-теңдік. Қанның буферлік жүйесі
Қан ұйытатын факторлар
Пәндер