ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының ұлттық терминология мен ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі


Slide 1

Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының ұлт тілін қалыптыстырып дамытудағы рөлі

Орындаған: Тасқынбай Маусымжан

Slide 2

Жоспары:

Алаш зиялыдарының ұлттық терминқор қалыптастыру мәселелеріне ұсынған тың тұжырымдары

"Орысша-қазақша әскерлік атаулары" (1926), "Пән сөздері" (1927)

«Атаулар сөздігі» - алаш зиялыларының терминдерді жүйелеу ісіндегі айрықша қолтаңбасы.

Slide 3

ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы мен Алаш зиялыларының ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі туралы сөзді Ахмет Байтұрсынұлынан бастайтындығымызыдың себептерін нақты тілдік-тарихи деректерге негіздей отырып айта алсақ қана біз ғалым мұрасының қадіріне жетіп, оның озық ойлары мен терминжасам тәжірбиесін қажетімізге жарата аламыз. Сондай-ақ, ол бастаған жолды жалғастырып, ғылым тілін дамытудағы ол қалыптастырған лингвистикалық дәстүрді сабақтастару мүмкіндігіне ие боламыз. Сол себептен де Ахаң мұрасына аса мұқият қарап, оған ір қырынан үңіліп, жан-жақты зерделеу - қазақ тіл білімінің кешегі тарихы үшін ғана емес, оның алдағы уақыттағы дамуы үшін де қажет іс.

Slide 4

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ

НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Slide 5

Ғалымның терминжасам тәсілдерін көрсетіп, оларды пайдалана отырып, тіл білімі, әдебиет ғылымдарының терминологиясын, өзге арнаулы салаларға қатысты терминдер жасауы - ғасыр басындағы өзге ғылым салалары бойынша оқулықтар мен түрлі ғылыми еңбектер жазған авторларға таптырмайтын үлгі болды. Бұл пікіріміздің негізсіз емес екендігіне А. Байтұрсынұлынан кейін әр түрлі ғылым салалары бойынша енбектер жазған қазақ зиялыларының жасаған терминдері дәлел бола алады. Оны мына кесте арқылы көрсетуге болады.

А. Байтұрсынұлы. «Тіл құрал». Орынбор, 1914, 1915 . . .

С. Қожанұлы. «Есеп тану құралы». Ташкент, 1924.

Ж. Күдерин. «Өсімдіктану». Москва, 1927.

Е. Омарұлы. «Пішіндеме» (геометрия) . Кызылорда, 1928.

Сызықша, есімше, көсемше

Жақша

Сабақша, тұқымша, қайықша, тостағанша т. б.

Текше, тікше, қиықша

Сұраулық, етістік, жалғаулық, есімдік

Құралғыштық,

барабарлық,

бөлінгіштік

Тұқымдық, аналық, аталық құрылымдастық, ұқсастық

Өлшемдік, құрлымдастық, ұқсастық

Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш т. б.

Өлшеуіш

Қаптауыш

Өлшеуіш

Оралым

Айырым, алым, бөлім

Slide 6

Алаш зиялыларының арасында қазақ терминологиясының қалыптасуына тікелей атсалысқандардың бірі - Жүсіпбек Аймауытұлы. Ұлттық ғылыми психологиялық терминдердің жасалып, жүйеге түсуіне Ж. Аймауытовтың сіңірген еңбегі зор. Ол жеке ғылым саласының терминдерін жасап, оларды қолданысқа енгізумен қатар өзге тілдерден термин қабылдау мен терминологиялық жұмыстарды жүргізудің өзіндік жолын ұсынып, жеке көзқарасымен ерекшеленген білімпаз. Сондықтан қазақтың аса дарынды қаламгерінің төл терминологиямызды қалыптастыруға сіңірген еңбегі мен осы жолда ұстанған қағидаттарын жеке қараудың өзіндік себептері, негізі бар.

Жат сөздерді қабылдау мәселесінде терминқор қалыптастыру ісіне араласқан өз замандастарынан өзгешелеу ұстанымда болғанмен, негізінен Жүсіпбек Аймауытұлы да барлық алаш зиялылары сынды терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру бағытын қолдаған. Ол көптеген қазақша терминдер жасап, оларды қолданысқа енгізген, ұлттық ғылым тілінің жасалуына белсене атсалысқан білімпаздардың бірі.

Slide 7

1924 жылы «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» «Пән сөздері қалай табылады?» деп аталатын мақаласының терминологиялық ұйымдастырудың жолдарына тоқталып, оларды санамалап көрсетеді. Ол мынаны айтады:

Slide 8

Ж. Аймауытұлы қазақ тілінің терминологиялық лексикасын қалыптастырудың, терминдер қорын жасаудың тиімді жолдарын көрсетіп, өз жобасын ұсынған. Оның мақала соңында түйіндеп берген 9 пункттен тұратын ұсыныстары, өз сөзімен айтқанда жобасы төмендегідей:

«Пән тілдерін табу қиын болатын көрінеді. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды еске алып, сөз табу туралы менің ұсынатын жобам:

Slide 9 Slide 10

А. Байтұрсынұлының - «Тіл - құрал», «Әліппе», «Әдебиет танытқыш»; Е. Омарұлының - «Пішіндеме» Х. Досмұхамедұлының - «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі», «Табиғаттану», Ж. Аймауытұлының - «Психология», Ж. Күдериннің - «Өсімдіктану», М. Жұмабайұлының - «Педагогика», М. Дулатұлының - «Есеп тану» сынды оқулықтары мен оқу құралдарындағы терминдердің орта есеппен 90 пайызы қазақ тілінің төл сөздері немесе солардың негізінде жасалған жаңа атаулар болып келеді. Кірме атаулар 10-15 пайыздан аспайды. Олардың дені тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін ескеріп, үндестік заңын сақтай отырып өзгертіліп алынған. Осы деректің өзі алаш зиялыларының қазақ тіліндегі термин шығармашылығына басымдық бергеніне дәлел бола алады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі және кітап шығару: әдеби ағартушылық бағыттары мен ұлттық руханият
Қазақстан тәуелсіздік жолындағы ұлттық мемлекеттік құрылыс идеялары: ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-экономикалық ахуал, қазақ интеллигенциясы, 1916 көтерілісі және Алаш қозғалысы
XX ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ой және Алаш қозғалысының рөлі
ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы және әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы (1900-1930 жж.)
XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы мен дамуы (1900-1930 жж.)
ХХ ғасыр басындағы әлем: аумақтық бөліну мен мемлекеттердің саяси құрылымы
Қазақстандағы саяси ойдың дамуы: ортағасырлық ойшылдардан ХХ ғасыр басындағы зиялыларға дейін
ХХ ғасыр басындағы Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттары және аграрлық мәселе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz