Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты - адам өмірін құтқару




Презентация қосу
Практикалық сабақ

Оқытушы тапсырмасы
221 «Стоматология» тобының студенті
Жұмабаева Алтын Қабдығалиқызы
2.04.2020
ТЖ ошағындағы медициналық көмек шаралары
Адам қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары
кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін. Көбінесе адамдар алғашқы медициналық
көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде
тіпті туысы, танысы немесе досына көмек көрсете алмай жатады.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең
бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше
апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге,
жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті
дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.
Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның
өміріне қауіпті жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу,
қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе
жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек
көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі
қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де
үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде
қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады.
Ұйқы артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды
жарақаттанған адамның мойнына қойыңыз. Саусақтарыңызды кеңірдек
пен мойын бұлшық етінің ортасына қойып, тамыр соғысын байқау үшін
аздап батырыңқыраңыз.
ТЖ ошағындағы медициналық көмек шаралары
Артериялық қанау кезінде артерияны қолмен басып тұрады, қан
тоқтатушы жгут көмегімен немесе қолды не аяқты бүгу арқылы
тоқтатады. Артерияны қолмен немесе жұдырықпен басқан кезде
қан бірден шамамен 10-15 минутқа тоқтап қалады, содан соң қол
шаршап, қысым әлсірей бастайды. Сондықтан артериядағы қан
тоқтай салысымен қан тоқтатушы жгутты пайдаланыңыз. Жгутты
жалаңаш денеге байлауға болмайды. Адам терісі қатпарланбай,
тегіс болуы керек, жгут байланатын жерді орамалмен немесе
дәкемен ораңыз. Жгутты аяқ немесе қолдың астынан алып, үстіне
қарай байлаңыз, алғашқы екі байламды қатты етіп, үшіншісін
тартпай сәл ғана байлаңыз. Егер қан тоқтамаса, жгутты алып,
қайтадан одан да жоғарырақ жерден байлаңыз. Байлауыңыздың
қаттылығы қанды тоқтатуға болатындай, бірақ мүлдем қан
жүргізбей тастамайтындай болуы керек. Жгутты байлап болған соң
жгут салынған уақыт, құтқарушының аты-жөні, лауазымы жазылған
қағаз қыстырып қоюды ұмытпаңыз. Жгут әдетте 1,5 – 2 сағатқа
ғана, ал суық күндері 0,5 – 1 сағатқа қойылады. Ал әрбір 30 – 60
минут сайын жгутты босатып отыру керек, яғни бірнеше минутқа
босатып, сол кезде жгуттың жоғарғы жағынан саусақпен басып
отыру керек, жгут тұрған жердегі ізге ақырын ғана массаж жасау
керек. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды.
ТЖ ошағындағы медициналық көмек шаралары
Фабрикалық жгут болмаған жағдайда оны қолда бар нәрсемен
(резина түтік, галстук, белдік, белбеу, орамал, бинт және т.б.)
алмастыруға болады, тек сым темірді қолданбаңыз.
«Ауыздан ауызға» тәсілімен өкпеге жасанды түрде ауа жіберу:
1) Оң қолыңызбен аурудың иегінен, саусақтарыңыз
оның жағын ашатындай астыңғы ернін төмен тартып ұстаңыз;
2) Сол қолыңызбен мұрнын қысып, аурудың
басын артқа қарай шалқайта ұстаңыз және осы қалыпта дем
жібергенше ұстаңыз;
3) Еріндеріңізді аурудың ерніне қатты басып,
оның ішіне қарай қатты дем шығарып, үрлеңіз. Үрлеу жиілігі
минутына 18-20 рет.
Екінші рет үрлегеніңіз нәтижесіз болса, бірден жүректің тұсына
массаж жасауға кірісу керек.
Жүрек тұсына массаж жасау. Жасанды демалдырудың алдында
басты артқа шалқайту арқылы жоғарғы тыныс жолдарының
өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.
ТЖ ошағында медициналық көмек шаралары
Иықтың астына орама қою (киімдерден оралған);
Саусақты матамен орап алып, аурудың аузын ұйыған қан,
сілекей және басқа да заттардан (сынған тіс, тіс протездері)
тазартыңыз. Алақаныңызды бас бармағыңыз аурудың иегіне
немесе ішіне қарап тұратындай етіп орналастырыңыз;
Салмағыңыз кеудеге түсетіндей етіп орналасыңыз да
қолыңызды тік ұстап, жүрек тұсына массаж жасауды
бастаңыз; аурудың кеудесін 3-4 см-ге дейін салмағыңызбен
басып, көтеріңіз, минутына 80–100 рет жиілікте жасай
беріңіз;
Әрбір келесі басуды тек кеуде қуысы орнына келген соң
ғана жүзеге асыру қажет.
Жан сақтауға қатысушы адамдар қанша болса да,
кеуде қуысын басу мен үрлеудің ең тиімді қатынасы 30х2
болуы тиіс.
Талқылау сұрақтары
1.Төтенше жағдай ошағы - төтенше жағдай туындаған белгілі бір
аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу
аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік,
жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
2.Медициналық көмек шаралары - адам өміріне немесе
денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу
үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын
қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық
, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б.
жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды
апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды
әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан
тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың
қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж
жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу
немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын
шақыру.
3.Негізгі сұрыпау белгілері І. Қоршағандарға қауіптілігі –
зақымдалғандарды арнайы (санитарлық) өңдеу немесе
оқшаулау қажеттігінің дәрежесі. Бұл белгіге байланысты
зақымдалғандарды келесі топтарға бөледі: 1. Арнайы
(санитарлық) өңдеуді (толық немесе жартылай) қажет
ететіндер. 2. Уақытша оқшаулауға жататындар (инфекциялық
және психоневрологиялық изоляторларда). 3. Арнай өңдеуі
қажет етпейтіндер. ІІ. Емдеу белгілері – зақымдалғандардың
медициналық көмекке, кезеңділікке, оны көрсету орынын,
қажеттілік дәрежесі.
4.Емханаға дейінгі көмек - алғашқы секундтарда дұрыс әрекет
етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның
өмірін сақтап қалу. Ең алдымен адамды қайғылы жағдай
болған жерден алып шығып, оның өміріне қауіпті жағдайды
(талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау)
жойып; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен
немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көру; қауіпсіз,
медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апару; алғашқы
медициналық көмек көрсету.
ТЕСТ
73.А 85.А
74.А 86.А
75.Д 87.В
76.А 88.В
77.В 89.А
78.Д 90.Е
79.Д 91.А
80.С
81.С
82.Е
83.А
84.В
Назарларыңыға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Апаттардың медициналық сипаттамасы
Зардап шегушіні қарау
ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ
Химиялық күйіктер
Алғашқы көмек көрсету
ҚҰЛАҚТАҒЫ БӨГДЕ ЗАТТАР
Көздің жарақаттануы
Жарақаттардың түрлері
Медициналық апат пәнінің мақсаты
ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫ
Пәндер