Баланың мектепке баруына байланысты әлеуметтік жағдайды дамыту




Презентация қосу
1 сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері

Орындаған: Иманалина Н.
Имнагалиева Н.
Қабылдаған Зауырбекова А.
1.1 сынып оқушыларының
анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері.
2.6-7 жасар балалардың жұмыс
қабілетінің, ерекшеліктері
3.Баланың мектепке баруына
байланысты әлеуметтік жағдайды
дамыту
Біз әркімнің ар-намысы,
абыройы мен беделі қадірленетін,
мәртебелі мораль,
этикалық негіздері мен
рухани құндылықтар
ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.

Н.Назарбаев
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді
әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың жас
ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты
айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен
жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын
атап көрсетеді.

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық
жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен
сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары
дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас
ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі
негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі,
белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз.
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);

2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15

жасқа дейін);

3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18

жасқа дейін).
Мектептің ең негізгі міндеті — балаға білім атаулының әліппесін
үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке
тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы — ақыл-ой, адамгершілік, еңбек,
эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
— қыздарда — 11-13 жас;
— ер балаларда — 13-15 жас.
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-
VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты
қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның
«өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында
бейнеленген. Бұл — ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке
басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік
белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен,
жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің
маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін
қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі.
Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының
негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен
жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды.
Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға
болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі
қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс
орнату.
Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім
деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың
саналы, мақсатты Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады.
Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік,
келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға
итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы — барлық
жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық
факторы.
А.Жеке дайындық

Ә.Зияткерлік
дайындық

Б. Әлеуметтік-
психологиялық
дайындық

В.Физиологиялық
дайындық.
Баланы жазалау керек па?
«Қиын» бала, «Шатақ» бала деп ата-аналар өз балалары туралы көп
айтады.
Ал бала неге олай болады? Балаға күш көрсете тәрбиелеу – біздің
заманымызда ақылға сыймайтын көзқарас, шапалақтау немесе тепкілеу
біздің өз басымыздың тәрбиесіздігі, өзімізді ұстай алмауымыздан.
Баяғыда бір данышпан: «Баланы ұрмаңдар, есіңізде болсын, олар әлі
қорғансыз. Баланы тәрбиелегенде дүре соғу аз жұмыс болғанмен, олар
өскен кеде біз олардан қуаныш пен махаббат күте алмаймыз. Дене жазасы
мен қатыгездік арқылы сіз олардың жүрегін жарияладыңыз»-деген екен.
Ата-ананың үйіндегі іс-әрекеті, үстел басындағы әңгіме сөзі балалардың
көз алдында өтеді. Сондықтан ата-ана жақсы және жаман қасиеттерімен
балаға зор ықпал ететінін ұмытпаңыздар.
Ата-ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген
ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпайы мінез, мейрімділік,
төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң
нәтижесін берері анық. Баланың үйде көргені мен естігені – тәрбиенің ең
үлкені.
Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның ата-анасының
еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл – ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер
етпек. Өсіп келе жатқан бала - ата-ананың өзін көрер айнасы.

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту
Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Баланың мектептегі алғашқы кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы
Шығармашылық қабілеттін дамыту
Баланың метепке психологиялық даярлығы
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Ерте және мектеп жасына дейінгі, балалар дене тәрбиесінің негіздері
Тіл дамыту әдістемесі
Пәндер