Ежелгі қазақтардың діни наным - сенімдер
Презентация қосу
Ежелгі
қазақтардың
діни наным –
сенімдер
Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам
баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс
жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген.
Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың
кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған.
Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында
дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең
орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі
деп ойлады.
Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған
деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте
заманда, яғни тас дәуірінде пайда болған.
Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан
немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды.
Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне
және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни
Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын
алған.
Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным
-Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай
бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы
Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай —
Ахурамазда. Қасиетті кітабы — «Авеста». Бұл дінді алғаш рет
сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер
қабылдаған.
Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда,
манихейлік діндер тараған.
Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну.
Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш
отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай
ана болып есептелген.
VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа
Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына
тигізген игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға
болмас, алайда қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде
қалыптастырған, руханиятының өзегін құрап, тұрақтандырған
архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз мәдениетімізді
толыққанды түсіну мүмкін емес.
Қазақтардың діни жүйелерін қарастырғанда олардың бір-бірімен
қатар дамығанын, оларды бөліп қарастыру тек ғылыми абстрактілеу
арқылы, қолайлылық мақсатында қолданылғанын естен шығармаған
жөн. Нақтылы тарихи даму барысында олар бір-бірімен қабаттасып,
тұтасып кеткен.
Қазақтардың мифологиялық және архетиптік тарихи даму
кезендерінде генотиптік діни жүйелер басым болды. Профессор
Т.Ғабитов генотиптік діни жүйеге төмендегідей анықтама береді:
"Генотиптік діни жүйе деп рулық-тайпалық қауымға тән ілкі ата текті
қастерлеп, оларды жаратушы және қоғамдық өмірдің барлық
салаларында шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер мен
нанымдардың бірлігін айтады. Генотиптік сенімнің орталық бейнесі –
аруақ”.
Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар заманынан осы күнге
дейін жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан
жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол
арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек,
Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап ас беру – осы
дәстүр көрінісі.
Артында қалған ұрпағы о дүниелік болған адамның аруағын
риза етуді парыз санаған. "Өлі риза болмай, тірі байымайды”
деген халық даналығында аруаққа деген көзқарас айқын
көрініс тапқан.
Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-
құдай – Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы
мен бала-шағаның жебеушісі болған. Аталған үш құдай
түркілердің пантеонында маңызды болып саналады. Тоныкөк
құрметіне орнатылған ескерткіште: "Көк, Ұмай құдай, қасиетті
Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір
тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: "Үлген жаратылысқа
дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте
тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер
мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да
матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы
байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды
қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға
ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы
құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-
қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол
зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады.
Тәңір сөзінің этимологиясын С. Ақатаев "таң” және "ер”
сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші
буын "таң”, автордың пікірінше, күннің шығуымен байланысты
болса, "ер” – түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда
Тәңір "Күн адам”, "Аспан адам”, яғни құдай дегенді білдіреді.
Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне
есеп беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір
қолдады, дейді, қателік жасап, адасса, "Тәңірім, кешіре гөр”, –
дейді.
Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген келесі діни наным-тип –
шаманизм болды. Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVІІІ
ғасырда енгенмен, ол туралы айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ.
"Шаманизм” термині әр түрлі мағынада қолданылады. Кейбір
зерттеушілер шаманизм дін емес, себебі онда құдай туралы
түсінік жоқ десе, басқалары оны діннің әмбебап формасы деп
санайды.
Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған
мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген
ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды.
"Шамандық дегеніміз, – дейді Шоқан, – әлемді, дүниені
сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлеңдердің
рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. Шамандық сенім
табиғатқа бас иеді”. Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ
ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: "Шамандар аспан
Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде
саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті,
талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да,
сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”.
Ежелгі түркі жерінде көне түркілердің дәстүрлі наным-
сенімдерімен қатар басқа да діндер таралды. Солардың
ішінде ең байырғысы зороастризм діні болды.
Кеңес дәуірінің шығыстанушы ғалымдары В. Струве, В. Абаев
және т.б. бұл діннің Орталық Азия мен Қазақстан жерінде
б.з.д. VІІ ғасырда таралғандығын атап көрсетеді.
"Қазақстан жеріне әлемдік діндердің ішінде алғашқысы
болып буддизм келді. Бумынның ұлы Мұхан қаған осы дінді
қабылдады, ал оның мұрагері Тобо қаған "Нирвана-сутрадан”
бастап будда әдебиетін түркі тіліне аударуға жарлық
берді. ...Буддизм Шығыс Түркістандағы соңғы ғұн
мемлекеттеріндегі түркілер арасында тарала бастады, ал
ашин тайпасы олармен тектік тарихи байланыста болған
еді”. Бұл деректер М.С. Орынбековтің "Қазақ сенімдерінің
бастаулары” кітабынан алынды. Орталық Азиядан шыққан
көшпенділер Үндістанға дейін барып, осы жерлерде Құшан,
Ұлы Моғолдар мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі.
Буддизмнің бұл жерлерде таралуы империяны бір дін
Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат.
Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін,
құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған
ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-
дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан
туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты
жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты
аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін
осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген
халықтардың салт-дәстүрінде орын алған. Атап айтқанда: -
моңғол, қазақ, қырғыз тағы да өзге халықтардың дәстүріндегі
қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы; - ағын суға кір
жумауы, суды ұлықтауы; - «Көк шөп жұлма», «Бастау басына
ақтық байлау» сияқты ұғымдары; - Аңның, малдың пірінің
болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар
Ата, Шопан Ата); Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан
НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢ
ЫЗ
ҮШІН РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz