ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ - МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ




Презентация қосу
ХІХ-ХХ ғғ материалистік және иррационалдық
бағыттар

орындаған: Атажанова Дилфуза
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –
МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ

ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ

МАТЕРИАЛИЗМ ИДЕАЛИЗМ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ
• Философияның қарастыратын әмбебап мәселесінен – адам мен ғаламның
арақатынасынан «философияның негізгі сұрағы» туындады. Маркстік
әдебиеттерде философияның негізгі сұрағының екі жағы бар деп
қарастырылады:
•а) не бірінші – рух па, табиғат па?; б) әлемді танып-білуге бола ма?
•Бұл мәселе Ф.Энгельстің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық
философиясының соңы» деген еңбегінде бірінші рет қойылған.
•Руханилық пен материалдық қатынасын шешуде (филос. сұрақтың 1-жағы)
философтар екі түрлі бағытқа бөлінеді: 1) материалистер бірінші деп
материалдықты (қоршаған ортаның бөлігі – су, ағаш, металл, жер, т.б.)
есептесе; 2) идеалистер үшін, керісінше, материалдық – руханилықтың
туындысы (идея, сана, ерік, абсолюттік рух, т.б.). Материализм мен
идеализмнің бірнеше тарихи түрлері бар.
• Философиялық сұрақтың 2-жағы әлемнің танымдық мәселелерімен
(гносеология) байланысты: әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану
мүмкіндігі шексіз бе, әлде оның шегі бар ма; ғалам туралы білім қалай
алынады, алынған нәтиженің ақиқаттығына немесе қателігіне қалай көз
жеткізуге болады?
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –МАТЕРИАЛИЗМ
ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ
• Философияның басты екі бағыты бар: идеализм мен материализм.
• Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны мойындады.
Идеализмнің объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс,
тәуелсіз өмір сүретінін мойындау) және субъективтік (заттар мен болмыс
адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері бар.
• Материализм (лат. materialis - заттық) – идеализмге қарама-қарсы ғылыми-
философиялық бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды санадан
жоғары қойды, матрияны мойындады. Ол дүниенің мәңгілігін, оның
ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді.
Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.
• Философия тарихында материалистерді 3 түрге бөледі: 1) стихиялық, 2)
метафизикалық, 3) диалектикалық.
• Стихиялық материализм – Ежелгі Үнді, Қытай, Греция
материалистері. Дүниенің бастамасын табиғаттың 4 (5) cтихиясынан іздеді –
судан, оттан, жерден, ауадан (металдан).

Материализм тарих
дамуында бірнеше
сатыдан өтті:
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –
МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ
•Стихиялық материализмнің түрлері: натурфилософия – табиғат
философиясы ұғымын білдіреді (Ежелгі Греция мен Қытай философиясы),
гилозоизм – материяның (зат және өмір) жанды тіршілігі туралы
философиялық ілім, анимизм - жан, рух дүниесіне табыну, сену (Ежелгі Үнді
философиясы).
• Механикалық, метафизикалық материализм – Европадағы Жаңа
заманда (17 ғ.) табиғатты философияның обьектісі ретінде санап, оны
механика мен математика заңдарына бағындырды. Әйгілі өкілі – Ф.Бэкон.
• Диалектикалық материализм – Маркс пен Энгельстің (19 ғ. орт.)
материализмнің ең жоғарғы түрі. Оған сәйкес дүниедегі барлық нәрселер
құбылмалы, кез келген заттар қарама-қарсы қасиетке ие болуы мүмкін.
• Материализмнің басқа түрлері – антропологиялық (Л.Фейербах) –
дүниенің бастамасы адам деп санады, француз материализмі (П.Гассенди) –
дінге қарсы бағытталды, антиклерикалдық (латынша клерикалис – діни)
сипатта дамыды.

Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Философия пәні
ДИАЛЕКТИКА ФИЛОСОФИЯНЫҢ МЕТАФИЗИКА ӘДІСТЕРІ
Мифология және философия
ФИЛОСОФИЯ ИРРАЦИОНАЛИЗМ
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ, ПАЙДА БОЛУЫ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Философияның негізгі Бағыттары
Философия пәні, әдістері және қызметтері
Пәндер