МЕРКІТТЕР - ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ТАЙПАСЫ



Меркіттер

МЕРКІТТЕР- ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ТАЙПАСЫ. ОРТА ЖҮЗ КЕРЕЙДІҢ ІШІНДЕГІ БІР РУ.
Кейбір зерттеушілердің айтуынша, “Меркіттер” атауы Мэргэд (Мерген - түбір сөзі де, “д” - тунгус-моңғолша көптік жалғауы) ұғымынан шыққан. Өйткені Меркіттер “құралайды көзден атқан” хас мергендер болған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 - 10 ғасырларда “Цзубу” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (Байкал) Селенга өзенңнің орта бойы Орхонға дейін, Бүрэн жотасы, Хан тауы, Қасқа бүркіт жотасы, Ноян, Дэлгэрхан жотасын мекендеген. Үш меркіт одағы (Мэә-Ли-Зи) 11 - 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне көтерілді. Ұлысты Тудур Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Тоқтыбектің (Тоқтабек) тұсында өзіндік орда гвардиясы болғаны жайлы дерек бар. Меркіттер көрші наймандармен тату-тәтті өмір сүрді.

Меркіт басшысы Тоқтай бектің Тоғыз, Құса, Құды, Жылауын, Жибұқ және Құлтұқан мерген деген алты ұлы болған екен. Олардың бәрі дерлік Он хан мен Шыңғыс ханмен болған соғыстардың кезінде қаза тапты Шыңғыс хан империясы құрылар алдында Орталық Азия үстіртіндегі беймаза халықтың бірі меркіттер еді. Кейбір деректерде «удуит» (удут) аталатын меркіттер төрт тайпа дейді білетіндер: ұйғыр, мудан, тудаклин және жиын, ұйғыр атауы меркіттерді көне оғыздармен жақындастыратынын хақ.


Меркіт басшысы Тоқтай бектің Тоғыз, Құса, Құды, Жылауын, Жибұқ және Құлтұқан мерген деген алты ұлы болған екен. Олардың бәрі дерлік Он хан мен Шыңғыс ханмен болған соғыстардың кезінде қаза тапты. Тоқта бектің інісі Құды Қыпшақ даласына қарай қашып бара жатқанда қолға түсіп өлтірілді. Тоқта бектің кіші ұлы Құлтұқан мергеннің тағдыры туралы ерекше баяндамасақ болмайды

Тоқтай бек сонда да күресті тоқтатпады. Батыр ұлдарынан айырылған меркіт бегі енді найманның Таян ханына келіп қосылды және Жамуха сияқты қиын уақытта қашып кетпей, соғыстың аяғына шейін майдан даласында болды. Таян хан жараланып өлген соң, Тоқтай бек өзінің селдіреп қалған қолымен найманның екінші ханы Бұйрыққа келді. Шыңғыс хан оны бұл жерде де аман қоймады, ақыры майдан даласында өлді. Тоқтай бектің інісі Құду өзінің балаларымен ағасының денесін алып жерлемекші болып еді, асығыста денесі ауыр болғандықтан көтеріп жүре алмады. Амал жоқ, Тоқтай бектің басын кесіп алып Шығыс Түркістанға қарай тартты. Бұл жерде ұйғыр идиқұты көмектесер деп еді, ол ойлары болмады. Осылайша іргелі елді билеген әулеттің соңғы өкілдері азып-тозып әр жерде жан сақтауға кірісті, көпшілігі соңынан өкшелей қуған моңғолдардан қырғын тапты.

МЕРКІТТЕРДІҢ МЕКЕНІ, ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ
«Қосакөлінен бастап Селенгі, Орхон өзені бойларында мал шаруашылығымен шұғылданған» («Түрік, қырғыз, қазақ әм хандар шежіресі» Шәкерім Құдайберді) .
«IV ғасырдың соңынан VI ғасырдың басына дейінгі аралықта меркіт ұрпақтарының жағыдайы өте жақсы болған. Олар Мұқар өңірінде шалқыған тұрмыс кешіріп, меркіт тайпасының іргесін қалап, атын шығарды» (Құрманғали) .
«Гәугилер Қосакөлде тұрғанда көлдің батысында меркіт, ораңхай елі бар еді» (Шәкерім Құдайберді) .
«Меркіттер бастапта IV ғасырда Байқал көлінен бастап, Селенгі, Орхон өзені бойларында мал шаруашылығымен шұғылданған. IV ғасырдың соңында қазіргі Тұрпанның батысында, сондай-ақ, Тянь-Шань тауларының солтүстік жағы мен батысындағы жайылымдарға Алтай, Тарбағатайға дейін көшіп-қонып отырған» (Әнуар Байтұр, ұйғыр зерттеушісі. «Шинжияңдағы ұлттар тарихы») .

Меркіттердің жан саны, рулары, мәдениеті
«Меркіттер түркі тілінде сөйледі. Орхон-енисей жазуын, соңынан соғды жазуын пайдаланды» (Ғизат Әубәкір) .
«Меркіттер алдымен христиан дінін» (нейрустан) «моңғол дінін» (лама), соңынан ислам дінін қабылдаған» ( «Меркіт ата» кітабы) .
«Өтекин меркіт» (Өкеш ұрпақтары), «Қатағай меркіт» (Кәсейін ұрпақтары), «Жюн-тұрақылиын» (Айбақ бикенің Сауфуан ұрпақтары), бұдан басқа тағы «Моңғолдың құпия шежіресінде» «Ұдоуиын меркіт», «Уас меркіт» рулары жазылған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz