Әлемдегі саяси ойлардың дамуының негізгі кезеңдері



Әлемдегі саяси ойлардың дамуының негізгі кезеңдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
“Су шаруашылығы және жерге орналастыру” кафедрасы
Оқу тобы: ЗУ-18-1
Орындаған: Көгембай Аружан
Қабылдаған: Байқадамова Г.
Notes: © Copyright PresentationGO. com - The free PowerPoint template library

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси ілімдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2

Кіріспе
Саяси ілімдер тарихы - адамзаттың рухани мәдениетінің құнды да ажырамас серігі және саяси ғылымның бір құрамдас бөлігі. Қандай да бір халық болмасын, оның ойлау мәдениеті, өз ішінен шыққан ойшылдары болады. Тарихта ойлау кеңістігі болмаған халық, мемлекет болған емес. Сондықтан да саяси ілімдер тарихының мәні - саясат пен мемлекеттің мәнін ашу, халықтардың саяси өмірі мен тіршілік тәсілдерінің, саяси ой-түсініктерінің қалыптасуын, эволюциялық дамуын зерттеу болып табылады. Қазіргі заман бейнесін дұрыс танып білу үшін, сондайақ келешекте жақсы да парасатты мемлекет басшысын сайлауда және қоғамда жақсы жол таңдап алу үшін адамдар әр кезде өзіне дейінгі болған идеяларға арқа сүйеген. Саяси ілімдер де адамзаттың рухани және күнделікті саяси тұрмыс тіршілігінде маңызды рөлге ие болған. Ол өмірдің жан-жақты саяси шындығы мен қайшылықтарын өрнектеуде қалтықсыз қызмет атқарып келеді. Саяси ілімдер қоғам мүшелерінің саяси мәдениетін айқындайды. Сондықтан да қоғамның саяси мәдениеті адамзаттың төрт мың жыл бойы қалыптасқан саяси ілімдер тарихынсыз дамуы мүмкін емес. Саяси ілімдер қоғамның, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаның қалыптасуын және олардың саясат субъектісіне айналу тарихын, саясатқа саналы түрде араласуының және саяси билік үшін күреске қатысу кезеңдерін ашады. Әрбір халықтың саяси тарихы мен мәдениетінде тек саяси түсініктер ғана емес, сонымен бірге саяси билікті 6 Саяси ілімдер тарихы жүзеге асыру дәстүрлері де қалыптасқан. Оларды зерттеу белгілі бір хронологиялық (уақыт), кеңістіктік (географиялық) және портреттік (индивидтік-портреттік) өлшемдермен өлшенеді. Мұндай зерттеу әдісін қолдану олардың қай дәстүрге қатысты екенін анықтау үшін керек.
3

Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы
Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.
Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:
Ежелгі замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б. з. д. 3 мың жылдықтан - б. з. V ғасырына дейін) .
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (V-XVIIғғ) .
Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси ілімдер тарихы.
ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.
4

Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды.
Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше.
Ежелгі еврей халқында адамдарды алғашында құдайлардың билегендігі, ежелгі Қытайда Аспан астындағы билеушінің болғандығы туралы айтылады. Ежелгі Египеттің діни және мифтік аңыздарында әділдік пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жіберіп отыратындығы баяндалады. Египеттікдердегі «ма-ат» ұғымы сияқты ежелгі үндістерде «рта», ежелгі Қытайда «дао», ежелгі гректерде «дике» ұғымдары бар және бұлардың барлығында олар шындық пен әділдіктің елшісі ретінде көрсетіледі.
5

Ежелгі Египетте «Птахотеп өсиеті» (б. з. д. ХХVIII ғ. ), «Өлілер кітабы» (б. з. д. XXV-XXIV ғғ. ) және т. б. жердегі әлеуметтік-саяси тәртіптер мен заңдар, адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастары құдайдың әділ істері ретінде мақталады.
«Птахотеп өсиеті» кітабында барлық адамдардың табиғи еркіндігі, туа біткен данышпандар мен оқымыстылардың болмайтындығы туралы көзқарастар кездеседі. Бұнда адамдардың мінез-құлқы «ка» принципіне - ізгілікті де қайырымды және әділетті мінез-құлық өлшеміне сәйкес келіу қажеттілігі негізге алынады. «Гераклепольдық патшаның өзінің ұлына айтқан өсиетінде» (б. з. д. ХХІІ ғ. ) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билігі туралы сөздермен қатар, заң мен әділдікке қарсы ешқандай іс-әрекет жасамау керектігі, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмір кешетіндігі туралы үндеулер кездеседі. Бұл өсиет кітапта патша сонымен бірге «әділдікті жасаушы және қорғаушы» ретінде дәріптеледі. Өсиет кітаптың авторы патша Ахтой өзінің ұлына, яғни мұрагеріне «Өзінің билігіңді жоғары ұста және оны одан әрі көтере түс, ол сенің заңдарыңды күшті етеді және мемлекетіңді қорғайды» деп, өсиет айтады.
«Өлілер кітабында» адамдардың өлгеннен кейінгі тіршілігі өлілер патшалығына ауысатындығы туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық және адамдар тұрмысына қажетті нәрсенің бәрі бар. Бұл патшалыққы келгендерді Осирис құдайдың әділ соты олардың жер үстіндегі өмірінде әділ де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы - Ма-ат мүсіні жанында Осиристің әділ соты олардың барлық іс-әрекетін сұрайды. Сот алдына келгендер «Мен ешкімге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкімді алдаған жоқпын, мен ешкімді жылатқан жоқпын, мен ешкімге қарыздар емеспін, мен құдайларды сөккен жоқпын» - деп, ант-су ішеді.
6

Египеттіктердің түсінігінше, адамдар жер бетіндегі сот жазасынан құтылғанымен, өлілер патшалығындағы Осирис құдайдың әділ сотынан құтыла алмайды. Жер бетіндегі өмірде әділдік пен шындық бола бермейді, бірақ түбінде оған жауап беруге тура келеді. Жер бетіндегі патшалықтағы теңсіздік пен заңсыздыққа адамдардың өздері жол берген. Мемлекет билеушісі - перғауын - құдайлар патшасы - күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағаындалады. Ол жер бетіндегі барлық әрекетті, жамандық пен жақсылықты, қатыгездік пен әділдікті бүтіндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келіспеушіліктің орын алуы да осыдан пайда болады.
Ежелгі Вавилон билеушілері өздерінің билігі мен заңдарының құдайлық сипатта екендігін дәлелдеуге тырысты. Б. з. д. ХVIII ғ. Хаммурапи заңдарының кіріспесінде «Аннуақтардың мәртебелі патшасы Анум мен ел тағдырын шешуші көк пен жердің әміршісі!… бүкіл адамзатты билеуді маған беріп, елге әділеттілікті орнату үшін, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлді әлсізге қысым жасамау үшін және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игілігіне халық мені шақырды, жерде әділдік пен тәртіп орнату үшін мені Шаман құдай жіберді, менің бұйрықтарым мен заңдарымды ешкімнің де өзгертуге құқы жоқ» деп айтылады.
7

Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б. з. д. 1792-1750 жж. ) . Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы жайлы бағалы және жан-жақты мәліметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биік базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәңірісі Шаман құдай және оның алдында ілтипатты тұрған әйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөліктерінде заңдар сыналап ойып жазылған.
Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті қызғыштай қорғайды.
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрініс тапты және дамытылды. Діни-этикалық бұл ағымның негізін қалаушы б. з. д. VIII ғасырда өмір сүрген Заратустра болып саналады. Кейбір тарихшылар оның туып өскен жері Сыр бойы деп есептейді. Қалй болған да ағым діни сипатта дамып, кейін едәуір территорияға ықпалын тигізді. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндістан, Греция, Орта Азия елдеріне кең тарады. Зороастризмнің негізгі қағидасы бір-біріне қарама-қарсы екі күш - жақсылық пен жамандықтың өзара күресі мазмұнында өрбиді. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдыреті көп көрсетіледі.
8

Платон - антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б. з. д. 407-399) . Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) . Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания - мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz