Өзен көлігі
Презентация қосу
СУ
КӨЛІГІ
СУ КӨЛІГІ
Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.
Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам
қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік
теңесе алмайды. Кеме жасауға жұмсалатын көптеген материалдардың
тығыздығы тұщы және теңіз суының тығыздығынан едәуір үлкен.
Бірақ кез келген кеме үшін жүзудің негізгі шарты орындалады:
кеменің суға батқан бөлігі ығыстырып шығарған судың салмағы
кеменің жолаушыларымен, отынымен, тетіктерімен және басқа
құралдарымен қоса есептегендегі салмағына тең болады. Кеме суда
орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін
ғана суға батуы тиіс. Біздің елімізде су көлігі Ресей мен
Украинадағыдай рөл атқармайды, себебі су қатынасы бар ірі өзендер
еліміздің шет аймақтарымен ағып өтеді.
Өзен көлігі
Өзен көлігі – ішкі су жолдарында қатынайтын көлік түрі. Республика
аумағында қазіргі жағдайда кеме қатынауға болатын 7-ге жуық су алабы
бар. Қазақстан аумағындағы кеме қатынайтын өзендер тым әркелкі
орналасқан. Республиканың шығыс жақ шетін бойлап Ертіс өзені ағады,
ол республиканың ең қуатты су күретамыры. Қазақстанның батыс
жағын Жайық (Орал) өзені кесіп өтеді, ал Оңтүстікте Сырдария
өзенінде, Балқаш көлі мен оған құятын Іле, Қаратал өзендерінде,
Солтүстікте Есіл өзенінде кеме қатынай алатын су жолдары жоқ.
Қазақстанда кеме қатынайтын жалпы пайдаланудағы су жолдарының
ұзындығы 5635 км; оның ішінде жоғары Ертіс телімі бойынша – 1715
км, Орал бойынша – 1164 км, Іле пайдалану телімі бойынша – 880 км,
Балқаш бойынша – 978 км, Сырдария бойынша – 840 км, Есіл бойынша
– 55 км. Қазақстан өзендерінің суы аз болуына байланысты оларды
кеме қатынайтын жағдайда ұстау үшін жыл сайын бірнеше млн. теңге
шығын жұмсалады. Өщен көлігі-ішкі су жолдры арқылы жүк
тасымалдайтын көлік түрі. Өзен көлігінің республиканың жалпы жүк
айналымдағы үлесі-0,8%. Республиканың өзен көлігі арқылы
тасымалданатын жүктің басым көпшілігі минералдық-құрылыс жүктері
құрғақ жүктің 70%.
Қазақстанды Ресей мен Қытаймен
байланыстыратын өзен жолдары
Теңіз көлігі
Теңіз көлігі – теңіз су жолында қатынайтын көлік құралы. 1960 жылға
дейін теңіз тасымалы Каспийдің солтүстік бөлігінде шоғырланған.
Бұл орайда Гурьев (қазіргі Атырау) айлағында мұнай жүктерін
тасымалдау есебінен жүк айналымы жоғары деңгейде болды.
Маңғыстау түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан Баутино айлағы
екінші орынды иеленді.
1964 ж. Мақат – Бейнеу –
Маңғыстау темір жолының
салынуына және онымен
Маңғыстау мұнайының
Атырауға тасымалдана
бастауына байланысты теңіз
жолымен Баку мен Орта Азия
мұнайын Атырау айлағына
әкелу едәуір азайды. Каспий
теңізімен жүк тасымалдау
соңғы жылдары Маңғыстау
түбегінің байлығын игеруге
байланысты қайта жанданды.
Транзиттік тасымалдың
көбеюіне орай Каспий теңізі
халықаралық жүктерді
тасымалдау үшін пайдаланыла
бастады.
Қазақстанда су көлігі Ресей, Украина, Кытайдағыдай
рөл атқармайды. Бірақ су көлігі, әлем практикасында
көліктің ең тиімді түрлеріне жатады. Қазақстанның
пайдалануға болатын су жолының ұзындығы - 4 мың
шақырымдай. Су көлігінің басты міңдеттері жук және
жолаушы тасымалдау. Осыдан тек Қазақстанда емес,
бүкіл Орталық Азиядағы негізгі рөл атқарады -
Каспий теңізінің су жолы. Қазақстанның тасымалдау
секторының 95% Каспийге тиіс. Апта сайын
Қазақстан кеденінең 190 мың тоннадан астам мұнай
өтеді. Қаспий порттарында тіркелген кемелердің саны
бүкіл Орта Азияның кемелердің санынан 7 есе көп.
Қазақстанның су көлігімен
тасымалдаған жүк ( мың тонна)
Назар аударыңызға рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz