Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және тәрбиелік ықпалды мәжбүрлеу шаралары: Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері


Slide 1

Тақырыб:Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Орындаған: Кайтбекова А. Р

Тексерген: Мадыхан С. М

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Пән: Қылмыстарды саралау бойынша практикум

Slide 2

,

ҚР Қылмыстық кодексiнің 6-бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.

Slide 3

,

1997 жылғы ҚР ҚК алғаш рет «кәмелетке толмағандар» ұғымына түсінік берілген: жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында, көптеген еуропа мемлекеттеріндегідей кәмелетке толмағандың қылмыстары өсуде. Сол қылмыстардың 40%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар болып табылады.

Slide 4

,

Республика бойынша жалпы әрбір 15-ші ауыр қылмысты, әрбір 20-шы кісі өлтіруді, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыз зиян келтіруді, әрбір 8-ші қарақшылықты, әрбір 5-ші тонауды және әрбір 13-ші ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды. Жыл сайын ішкі істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіледі, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткізілгендердің жалпы санының 9, 4%-ы панасыз және қадағалаусыз қалған балалар.

Slide 5

,

Он төрт жастан қылмыстық жауаптылық басталатын қылмыстардың тізімі ҚР ҚК 15-бабының 2-тармағында берілген.

Slide 6

,

Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г. М. Миньковский, К. К. Сперанский, В. Рыбальская, Л. Голубева, А. Лиеде, т. б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К. Бегалиев, С. А. Шапинова . және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерін зерттеуде ең үлкен үлес қосқандар М. Б. Нәрікбаев, Н. И. Архипцев, Л. А. Андреева, Б. А. Жетпісбаев, М. П. Евтеев, У. Б. Джекебаев, М. М. Бабаев, И. И. Астимиров және т. б.

Slide 7

,

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн

Slide 8

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

Slide 9

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау

Slide 10

,

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

Slide 11

,

Slide 12

Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары

Slide 13

,

Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері

Slide 14

,

1. Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның іс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың зардаптарын түсiндiруден тұрады. 2. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мінез-құлқын бақылау жөнiнде мiндеттер жүктеуден тұрады. 3. Келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы және оның тиістi еңбек дағдыларының болуы ескеріле отырып жүктеледі. 4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақыттың белгiлi бiр нысанын, оның iшiнде механикалық көлiк құралын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттiк органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеудi көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға бiлiм беру мекемесiне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не мамандандырылған мемлекеттiк органның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкiн. Осы тiзбе толық болып табылмайды. 5. Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды сот қасақана ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған ұйымдарда болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер түзетудi қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған адам өзiнiң түзелуi үшiн бұдан әрi бұл шараны қолдануды қажет етпейдi деген түйінге келсе, мерзiмінен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

Slide 15

,


Ұқсас жұмыстар
Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік: кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен жазалау түрлері
Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы: құқықтық негіздер, статистика және алдын алу шаралары
Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкылығы мен жазалары: заңнамалық негіздері мен қолдану ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы Қазақстан жағдайында: ерекшеліктері, себептері және алдын алу
Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері, жазадан босату және кәмелетке толмағандар мен есі дұрыс еместігі бар тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы: криминологиялық сипаттамасы, әлеуметтік себептері және алдын алу шаралары
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: негіздері, құрамы және қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық құқық саласында психикалық бұзылысы бар тұлғаларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары: түрлері, қолданылу тәртібі және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz