Бөтен мүлік



Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Жоспар:
1) Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері
2) Бөтен мүлікті жымқырудың түсінігі, нысандары және түрлері
3) Бөтен мүлікті жымқыру нысандарының сипаттамасы
4) Жымқыру болып табылмайтын меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтар
5) Бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру

Нормативтік материалдар:
1) «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысы.
2) «Қорқытып алушылық жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы №6 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық құқық меншік қатынастарын позитивті тұрғыдан реттемейді, ол тек құқықтың өзге салаларының нормаларымен реттелген меншік қатынастарын қауіпті қол сұғушылықтардан қорғайды.
Меншік қатынастары негізінен азаматтық-құқықтық нормалармен реттеледі.

Меншiк құқығы дегенiмiз - субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы (ҚР АК 188-баб. 1-бөл. ) .

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар - мүлікті иелену құқығын бұзу немесе өзге тәсілдермен меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне мүліктік залал келтіретін немесе осындай қауіп төндіретін Қылмыстық кодексте көзделген қасақана немесе абайсызда жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттер.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі - меншік.

Меншікке қарсы қылмыстық
құқық бұзушылықтардың түрлері:
Пайдакүнемдік
қылмыстық құқық
бұзушылықтар
Пайдакүнемдік емес
қылмыстық құқық
бұзушылықтар

Меншікке қарсы пайдакүнемдік
қылмыстық
құқық бұзушылықтардың түрлері:
Бөтен мүлікті
жымқыру
Жымқыру болып
табылмайтын
пайдакүнемдік
қылмыстық құқық
бұзушылықтар

Жымқырудың нормативтік анықтамасы
Жымқыру - бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып, кінәлі адамның немесе басқа адамдардың
пайдасына пайдакүнемдiк
мақсатта жасалған
құқыққа қарсы
өтеусіз алып қою
және (немесе) айналдыру

Жымқырудың белгілері:
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі тікелей
Меншік қатынастары
Заты
Бөтен мүлік
Объективтік жағы
Қоғамдық қауіпті іс-әрекет
айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына:
а) алып қою
б) айналдыру
в) алып қою және айналдыру
Қоғамдық қауіпті зардап
Меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне мүліктік залал келтіру
Субъект
Жалпы
16 (14) жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъективтік жағы
Кінә
Тікелей қасақаналық
Мақсат
Пайдакүнемдік

Бөтен мүлікті алу тәсіліне қарай жымқырудың нысандары:
1) ұрлық
2) тонау
3) алаяқтық
4) қарақшылық
5) сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу
6) сеніп тапсырылған мүлікті талан-тараждау

Жымқырылған мүліктің мөлшеріне қарай жымқырудың түрлері:
1) ұсақ жымқыру
2) «елеулі » мөлшерде
жымқыру
3) ірі мөлшерде жымқыру
4) аса ірі мөлшерде жымқыру

Ұсақ жымқырудың белгілері (ҚР ҚК 187-бабы) :
1) жымқырылған мүліктің мөлшері болмашы болуы керек:
а) жеке тұлғалар үшін - 2 АЕК-тен аспауы керек
б) ұйымдар үшін - 10 АЕК-тен аспауы керек
2) жымқыру мына нысандарда жасалуы керек:
а) ұрлық
б) алаяқтық
в) сеніп тасырылған мүлікті иемденіп алу
г) сеніп тасырылған мүлікті талан-таражға салу

Ірі мөлшерде жымқыру -
мүліктің құны 5 жүз АЕК-тен асуы керек (ҚР ҚК 3-баб. 38-тарм. ) .
Аса ірі мөлшерде жымқыру -
мүліктің құны 2 мың АЕК-тен асуы керек (ҚР ҚК 3-баб. 3-тарм. ) .

Ұрлық (ҚР ҚК 188-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі тікелей
Меншік қатынастары
Заты
Бөтен мүлік
Объективтік жағы
Қоғамдық қауіпті іс-әрекет
Айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына алып қою және айналдыру
Қоғамдық қауіпті зардап
Меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне мүліктік залал келтіру
Тәсілі
Жасырын
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам (ҚР ҚК 188-баб. 1-бөл. )
14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
(ҚР ҚК 188-баб. 2, 3-бөл. )
Субъективтік жағы
Кінә
Тікелей қасақаналық
Мақсат
Пайдакүнемдік

ЖАСЫРЫНДЫҚ белгісінің көрсеткіштері:
Объективтік - бөтен мүлікті алу фактісіне жәбірленушінің немесе өзге адамдардың қатынасы
Субъективтік - бөтен мүлікті алу фактісіне қылмыс субъектісінің өзінің қатынасы
Осы екі көрсеткіш бір-біріне сәйкес келмеген жағдайларда субъективтік көрсеткіш шешуші мәнге ие болады

Тонау (ҚР ҚК 191-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі тікелей
Меншік қатынастары
Заты
Бөтен мүлік
Объективтік жағы
Қоғамдық қауіпті іс-әрекет
Айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына алып қою және айналдыру
Қоғамдық қауіпті зардап
Меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне мүліктік залал келтіру
Тәсілі
Ашық
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам (ҚР ҚК 191-баб. 1-бөл. )
14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
(ҚР ҚК 191-баб. 2, 3-бөл. )
Субъективтік жағы
Кінә
Тікелей қасақаналық
Мақсат
Пайдакүнемдік

Жымқырудың ашық тәсілі:
Талан-тараждау жәбірленуші немесе мүлік қарамағында немесе күзетуінде тұрған адамдардың не бөгде адамдардың көзінше жасалады
Қылмыс субъектісі аталған адамдар өз әрекетінің заңсыз сипатын түсінентінін біледі, бірақ осы мән-жайды елемейді

Алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі тікелей
Меншік қатынастары
Заты
а) бөтен мүлік
б) бөтен мүлікке құқық
Объективтік жағы
Қоғамдық қауіпті іс-әрекет
Айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына алып қою және айналдыру
Қоғамдық қауіпті зардап
Меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне мүліктік залал келтіру
Тәсілі
а) алдау
б) сенімді теріс пайдалану
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъективтік жағы
Кінә
Тікелей қасақаналық
Мақсат
Пайдакүнемдік

Алдау
Шындыққа сай келмейтін көрінеу жалған мәліметтерді хабарлау
Меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне хабарлануы тиіс мәліметтерді жасыру
Алдаудың мазмұны қылмыс затының көлемі мен сапасына, қылмыскердің жеке басына және жәбірленушіні адастыратын өзге де мән-жайларға қатысты болуы мүмкін

Сенімді теріс пайдалану - кінәлі өзі мен меншік иесі немесе мүліктің өзге де иеленушісі арасындағы сенімділік қатынастарды пайдалана отырып, оны алдайды не адастырады

Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу (ҚР ҚК 189-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі тікелей
Меншік қатынастары
Заты
Сеніп тапсырылған бөтен мүлік
Объективтік жағы
Қоғамдық қауіпті іс-әрекет
Айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру
Қоғамдық қауіпті зардап
Меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне мүліктік залал келтіру
Тәсілі
Иемденіп алу
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъективтік жағы
Кінә
Тікелей қасақаналық
Мақсат
Пайдакүнемдік

Сеніп тапсырылған мүлік - меншік иесі немесе өзге заңды иеленушісі соларға қатысты бақылау, тасымалдау, сақтау өкілеттігін берген мүлік.
Сеніп тапсырылған мүліктің қатарына тұлғаға кәсіби міндеттерін атқару үшін берілген мүлік жатпайды.

Иемденіп алу - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне қайтарып беруден жалтару жолымен заңсыз иелік орнатып, өз пайдасына немесе өзге адамдардың пайдасына айналдыру.

Сеніп тапсырылған мүлікті талан-тараждау (ҚР ҚК 189-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі тікелей
Меншік қатынастары
Заты
Сеніп тапсырылған бөтен мүлік
Объективтік жағы
Қоғамдық қауіпті іс-әрекет
Айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру
Қоғамдық қауіпті зардап
Меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне мүліктік залал келтіру
Тәсілі
Ысырап ету
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъективтік жағы
Кінә
Тікелей қасақаналық
Мақсат
Пайдакүнемдік

Ысырап ету - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелігінен шығару, жұмсап қою, тұтынып қою жолымен өз пайдасына немесе өзге адамдардың пайдасына айналдыру.

Қарақшылық (ҚР ҚК 192-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі тікелей
Меншік қатынастары
Қосымша тікелей
Жәбірленушінің денсаулығы
Заты
Бөтен мүлік
Объективтік жағы
Қоғамдық қауіпті іс-әрекет
Бөтен мүлікті алу мақсатында шабуыл жасау
Тәсілі
Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану
Осындай күш қолданамын деп қорқыту
Субъект
Жалпы
14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъективтік жағы
Кінә
Тікелей қасақаналық
Мақсат
Пайдакүнемдік

Шабуыл - жәбірленуші үшін кенеттен жасалған және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан өктемдік (агрессивті) сипаттағы әрекеттер.

ӨМІР МЕН ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ ЕМЕС КҮШ ҚОЛДАНУ (тонаудың сараланған құрамы) :
Ұрып-соғу
Итеру
Жұлқу
Жәбірленушінің денсаулығына өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмейтін жағдайларда жеңіл зиян келтіру

ӨМІР МЕН ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ КҮШ ҚОЛДАНУ (қарақшылықтың негізгі құрамы) -
Жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Жәбірленушінің денсаулығына өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларда жеңіл зиян келтіру (егер айығу үшін жәбірленуші амбулаторлық немесе стационарлық ем қабылдауға мәжбүр болса)

Қарақшылықтың сараланған құрамындағы қару ретінде пайдаланылатын заттар - жәбірленушінің денсаулығына немесе өміріне қауіпті зиян келтіруі мүмкін (тұрмыста қолдануға арналған пышақтар, ұстара, балта, бұрағыш, арнайы бейімделген құралдар: шоқпар және т. с. с. ) құралдар

ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАРУ НЕМЕСЕ ҚАРУ РЕТIНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ:
олардың көмегімен іс жүзінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру (оқ ату, тесу-кесу соққыларын келтіру және т. с. с), яғни қарудың немесе заттың тірі нысанаға зақым келтіру мүмкіндігін пайдалану

Қорқытып алушылық (ҚР ҚК 194-бабы)
Элемент
Белгі
Мазмұны
Объект
Негізгі тікелей
Меншік қатынастары
Қосымша тікелей
Жәбірленушінің денсаулығы
Жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиеті
Заты
1) Бөтен мүлік
2) Мүлікке құқық
Объект. жағы
Қоғ. қау.
іс-әрекет
Талап ету
Тәсілі
Қорқыту:
Күш қолданамын деп
Мүлiктi жоямын немесе бүлдiремін деп
Жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратамын деп
Жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялаймын деп
Субъект
Жалпы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz