Криминологиялық болжау
Презентация қосу
31 Криминологиялық
болжау
1 Криминологиялық болжаудың түсінігі, онда қолданылатын
мәліметтер
Криминологиялық болжау – қылмыстылықтың (деңгейі, құрылымы, динамикасы)
және оның детерминанттарының болашақтағы жай-күйі, белгілі бір уақыт аралығында
қылмыстылықтың алдын алу және өзге де ықпал ету шараларын қолдану мүмкіндігі
туралы ықтимал пікірлер.
Н.Ф.Кузнецованың пікірі бойынша криминологиялық болжау кезінде ескерілуі тиіс
мән-жайлар:
-Қылмыстылыққа тұрақты және елеулі ықпал ететін әлеуметтік үрдістердің жай-күйі
мен даму бағыттарын сипаттайтын кем дегенде соңғы 10 жыл ішіндегі статистикалық
мәліметтер мен іріктеп байқау нәтижелері;
-Болжам жасалатын уақыт ішінде аталған үрдістердің жай-күйі мен даму
бағыттарындағы ықтимал өзгерістер туралы мәліметтер;
- Жалпы қылмыстылықтың және оның жекелеген түрлерінің деңгейі, құрылымы және
динамикасы, қылмыскерлер контингенті, аумақтық бөлінісі, қол сұғушылық объектісі,
ниеті мен тәсілдері және т.б. белгілері бойынша кем дегенде соңғы 10 жыл ішіндегі
статистикалық мәліметтер мен іріктеп байқау нәтижелері;
- Аталған мерзім ішінде алдын алу және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын
қолдану тәжірибесінің көлемін, құрылымын, даму бағыттарын сипаттайтын
статистикалық мәліметтер мен іріктеп байқау нәтижелері;
- Алдыңғы 10 жыл ішіндегі және болжам жасалатын уақыттағы Қылмыстылықпен
күресуді құқықтық реттеу, ұйымдастыру және ресурстық қамтамасыз етудегі
ықтимал өзгерістер туралы мәліметтер;
- Болжам жүргізілетін мерзімдегі қоғамдық пікірдің жай-күйі және даму бағыттары
туралы мәліметтерді алдыңғы 1-3 жылдағы мәліметтермен салыстыру;
- Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа түрлері, қылмыстық әрекеттердің жаңа
нысандары мен тәсілдері туралы мәліметтер;
- Аумақаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстар туралы мәліметтер;
- Жақын аумақтардағы және көрші мемлекеттердегі қылмыстылықтың және онымен
күрес жүргізудің жай-күйі және болжамдары.
- Қылмыстылықтың болашақтағы дамуын (өзгеруін)
сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау, соның негізінде
жағымсыз тенденциялар мен заңдылықтарды айқындау,
оларды қажетті бағытқа өзгерту жолдарын таңдай білу;
Мақсатта - Тиімді жоспарлар жасау үшін елеулі маңызы бар барлық мән-
ры мен жайларды анықтау;
міндеттері
- Құрылымдық бөлігі ретінде құқық қорғау органдарының
тиімді қызметін қамтамасыз етуді көздейтін қылмыстылықпен
күресудің жалпы концепциясын әзірлеу;
- Қылмыстылықтың жай-күйі, деңгейі және динамикасындағы
болашақтағы ықтимал өзгерістерін анықтау;
- Аталған өзгерістерге ықпал ететін мән-жайларды анықтау.
2 Криминологиялық болжаудың негізгі
кезеңдері
Криминологиялық болжаудың негізгі кезеңдері
- Болжау алдындағы бағдарлау – мақсаты мен міндеттерін,
гипотезаларды, уақытын және т.б. айқындау;
- Қылмыстылықтың және онымен күресудің дамуына ықпал
ететін үрдістер мен құбылыстар туралы мәліметтерді
жинақтау;
- Іріктеме болжау – нақты шешімдер қабылдануы тиіс
мәселелерді анықтау үшін ықпал етуші үрдістер мен
факторларды ескере отырып даму бағыттарының ықтимал
нұсқаларын іріктеу;
- Нормативті болжау – анықталған мәселелерді шешудің
ықтимал тәсілдерін олардың сипатын, көлемін, шаралардың
құрылымын, ресурстарын сипаттайтын нормативтерді ескере
отырып анықтау;
- Болжаулардың негізділігін бағалау;
- Қылмыстылықпен күресуді және оның шарттарын бақылауды
жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3 Криминологиялық болжау түрлері
Криминологиялық болжаудың үш негізгі түрлері
- Криминологияның дамуын болжау
криминологиялық зерттеулерді болжауды және
криминологияның нақты бағыттарының даму
болашағын анықтауды қамтиды;
- Қылмыстылықты болжау
қылмыстылықтың келесі түрлерін болжауды
қамтиды: бірінші рет жасалған және қайталанған
қылмыстылық; ер және әйел адамдардың
қылмыстылығы; қаладағы және ауылдық
жерлердегі қылмыстылық; жекелеген
аумақтардағы немесе әкімшілік-аумақтық
бөліктердегі қылмыстылық; жекелеген
объектілердегі немесе экономика салаларындағы
қылмыстылық;
- Нақты тұлғаның болашақта қылмыстық құқық
бұзушылық жасау ықтималдылығын білдіретін
дербес мінез-құлықты болжау
криминологиялық болжаудың бір түрі ретінде
қарастырылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz