Сыбайлас жемқорлық түсінігі


Slide 1

Тақырып: Қазіргі таңдағы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес органдарының қызметі

Орындаған: Кайтбекова А. Р

Тексерген: Дюсебаев Т. Т

Slide 2

Нормативтік материал:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңы

«Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысы

Slide 3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық құжаттар

Бағдарлама

Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген (күшін жойған)

Стратегия

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген

Slide 4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия

Квазимемлекеттік

және жекеше сектордағы

сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл

Мемлекеттік қызмет

саласындағы сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мәдениеттің деңгейін

қалыптастыру

Соттар мен құқық қорғау

органдарында сыбайлас

жемқорлықтың алдын алу

Қоғамдық бақылау

институтын енгізу

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл мәселелері

бойынша халықаралық

ынтымақтастықты дамыту

Slide 5

Бүгінгі күнгі негізгі басымдық:

Сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреспей, оның алғышарттарын жою

Slide 6

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

Заң

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы

Заң

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы

Қаулы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген

.

Slide 7

Сыбайлас жемқорлық түсінігі

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Slide 8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл -

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі

Slide 9

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Агенттік төрағасы -

Қожамжаров Қайрат Пернешович

Slide 10

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тұйықталған тізімі ҚР ҚК 3-баб. 29) -тармағында бекітілген

Slide 11

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР

361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану

364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау

366-бап. Пара алу

367-бап. Пара беру

368-бап. Парақорлыққа делдал болу

369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау

370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк

Slide 12

Лауазымды адам - тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлi функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам

Slide 13

Лауазымды адамдардың санаттары

1

Билік өкілі - мемлекеттiк қызметте жүрген, қызмет бабымен өзіне тәуелді емес адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен билік ету өкілеттіктері берілген адам, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның, әскери полиция органының қызметкері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын әскери қызметші

2

Ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар - қызмет бабымен бағынысты адамдардың орындауы үшін міндетті бұйрықтарды және өкімдерді шығаруға, сондай-ақ бағыныстыларға қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген құқық

3

Әкімшілік-шаруашылық функциялар - ұйымның балансындағы мүлікті басқаруға және оған билік етуге Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген құқық

4

Аталған функцияларды арнайы өкiлеттiк бойынша атқаратын адамдар

Slide 14

Қылмыс заты

Мүлiктік сипаттағы пайда:

мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету, соның ішінде мүліктік міндеттемелерден босату


Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық субъектілері
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмір құбылысы және сыбайлас жемқорлық мінез - құлық ретінде
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Жемқорлық терминінің түсінігі және пайда болуы
Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу шаралары
Сыбайлас жемқорлықтың белгілері
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері
Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайлары
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz