ЖЫЛДАРДАҒЫ ИРАН
Презентация қосу
1905-1911
ЖЫЛДАРДАҒЫ
ИРАН
РЕВОЛЮЦИЯСЫ
Дайындаған: Истилевов Х
Революцияның басталу себептері
Оған Каджар әулеті бастаған
билеуші феодалдар тобы және
оларды қолдайтын империалистер
мен жаңадан пайда бола бастаған
ұлттық буржуазия, шаруалар,
қолөнершілер және жұмысшылар
арасындағы қайшылықтар себеп
болды. Бұл қайшылықтар Иранның
20 ғасырдың басында Англия мен
патшалық Ресейдің жартылай
отарына айналуына байланысты
күшейе түскен еді. 1905-07 жылы
орыс революциясы Иранға үлкен
әсер етіп, революцияның басталуын
тездетті.
Революция кезеңдері
Революцияның бірінші кезеңі
Иран революциясы 1905 жылдың аяғында жаппай
ереуілдермен және Тегеран, Шираз, Мешхед т. б.
қалаларда шаһ өкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы
жалпы халықтық қызу демонстрациялармен
басталды. Халық қозғалысының дүмпуінен
қауіптенген шаһ 1906 жылы 5 тамызда
конституциялық құрылысты енгізуге мәжбүр болды. 7
қазанда бірінші Иран мәжілісі ашылды. Ол шаһ
өкіметіне шек қоятын Иран конституциясының
бірінші бөлімін – Негізгі заңды жасады. Негізгі заң
бекітілгеннен кейін (1906), революцияның бірінші
кезеңі аяқталды.
Революцияның екінші кезеңі
1907 жылы революцияның екінші кезеңі басталды. Демократиялық және реакциялық
күштер арасындағы күрес шиеленісе түсті. Революцияға қатысушылар арасында
либералдық және демократиялық бағыт өріс алды. 1907 жылы 7 қазанда мәжіліс
қабылдаған Негізгі заңға қосымшаларды бекітті. Иран конституциясының ең маңызды
бөлімі болған бұл қосымшалар азаматтардың буржуазиялық праволарын енгізді.
Империалистік елдер Иран революциясына қарсы болды. 1907 жылы Англия мен
патшалық Ресей өзара келісім жасасып, 1909 жылдың көктемінде Оңтүстік Иранға
ағылшын әскерлері, Иран Азербайжаны мен Гилян қаласына патша әскерлері кірді. Бұл
Иран реакцияшыларының жағдайын жақсарта түсті. Сөйтіп 1908 жылы 23 маусымда
Мұхаммед-Әли шаһ патша офицерлері бастаған парсы казактар бригадасының күшімен
контрреволюция төңкеріс жасады. Бұдан кейін революция күрес орталығы Иран
Азербайжанына ауысып, 1908-09 жылы Тебриз көтерілісі басталды. Бұл революцияның ең
жоғарғы сатысы – қарулы көтеріліске ұласып кей жерлерде (Тебриз) қозғалыс басында
демократияшыл топтар тұрды. Революцияшыл Тебризге Закавказье революционерлері
үлкен көмек көрсетті. Олар Тебризге еріктілер отрядтарын, қару-жарақ жіберіп, шаһ
әскерлерімен шайқасқа қатысты. Гилян революционерлеріне Г. К. Орджоникидзе бастаған
Закавказье большевиктері көп көмек көрсетті. 1909 жылы шілдеде гилян федайлары мен
бахтияр отрядтарының Тегеранға жасаған табысты жорығының нәтижесінде Мұхаммед-
Әли шаһ тақтан түсіріліп, кәмелетке толмаған оның баласы Ахмед шаһ болып
жарияланды. Бұдан кейін-ақ революция өзінің соңғы кезеңіне енді (1909-11).
Революцияның соңғы кезеңі
1911 жылы шілдеде патша үкіметінің құпия қолдауымен Иранға
бұрынғы шаһ Мұхаммед-Әли келді. Курдистан қаласында оның інісі
Салар-әд-Доул реакцияшыл бүліншілік көтерді. Реакцияның ескі
тәртібін қайтадан орнатып, революция жетістіктерін жоймақ болған
әрекеті халықты ызаландыра түсті. Бүкіл Иранда контрреволюцияға
соққы беруді талап еткен жаппай шерулер мен демонстрациялар өріс
алды. Сөйтіп қайтадан революцияшыл қарулы федай отрядтары құрыла
бастады. 1911 жылдың күзінде Мұхаммед Әли Салар-әд-Доулдың
қарақшылары біріккен үкімет күштері мен ерікті отрядтардан ойсырап
жеңілді. Иран революциясы 1911 жылдың аяғында империалистік
державалардың және Иран реакциясының біріккен күштерімен басылды.
Иран революциясы – 1905-07 жылғы орыс революциясынан кейін
көтерілген, В. И. Ленин «Азияның оянуы» деп атаған империализм мен
феодализмге қарсы толқынның бір бөлігі. Бұл толқын шығыста
буржуазиялық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар заманын
ашты.
Ірі оқиғалар
Иран Имигранттары Түркия , Үндістанда <<какун ,
Хекмат>> газеттерін шығарды.
1901 ж Тегеранда құпия қоғам,1905ж жылы Энджумане
махви (жасырын эднджумане ) пайда болды.
20ғасыр басында Иран қалаларында Аштық бүліктер
болып өтті.
Иранда революция 1905ж желтоқсанда Тегеран ,
Керман тебриз, Ширазда тұрғындар болды.
Тегеран қаласында шах Абдул-Азим мешітінде
наразылық таныту акциясы болып, шетелдіктердің
кетуін , халықтың арыз шағымын тыңдайтын әділхана
құруды талап етті
Нәтижесінде:
Шах 1906 жылы тамызда конститутция енгізіп, мәжіліс құруға
мәжбүр болды
1906жылы қазанда мәжіліс өз жұмысын бастады
1907жылы кәсіподақтар мен социолистік-домократиялық ұйымдар
пайда болды
Жаңа Шах Мухаммед Әли мәжілісті таратып көтерілістер тербизге
ауысты.1908-1909
Ресейдің ықпалымен көтерілісті басты
1909 жылы шілдеде Гилян провинциясынан көшпелі бахтиярлар,
федойлар Тегеранлды басып алып ықпалдарын жүргізе бастады.
Таққа ахметті отырғызды
Конститутция қалпына келді
Осыны пайдаланған шетелдік Англия мен Ресей басып кіріп,
Көтеріліс ошақтарын басты.
1911жылы желтоқсанда тегеранда контрореволюциялық төңкеріс
болып мәжіліс таратылды.
1905-1911жылдардағы иран революциясы буржуазиялық,
антифеодалдық, антиимпериалистік көзқараста болды
Пайданылған әдебиеттер:
Қазақ совет энцеклопедиясы. 5 том.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz