Топографиялық түсірісті автоматтық әдістерімен жүргізу туралы жалпы түсінік
Презентация қосу
Тақырыбы: Топографиялық түсірісті
автоматтық әдістерімен жүргізу
туралы жалпы түсінік
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Топографиялық түсірісті
автоматтық әдістерімен жүргізу
туралы жалпы түсінік.
2) Әлемдік навигациялық серіктік
жүйелері.
III.Қорытынды
Кіріспе
Топографиялық түсірілім - материалдық өндіріс пен адам мен
қоғам арасындағы қатынастардың барлық саласында
геодезиялық жұмыстардың ең танымал түрлерінің бірі. Бұл
танымалдылық жерді жобалауға, кез-келген жаңа құрылысты
ұйымдастыруға, табиғи ресурстарды зерделеуге, оларды
игеруге, пайдалануға және олардың нақты жағдайындағы және
құқықтық қатынастарындағы басқа да өзгерістерге байланысты
кең сұранысқа ие.
Топографиялық түсірістерді технологиялық құрал ретінде де,
өндіріс процесі де, рельефтің беткі қабатын қажетті масштабта
дәл бейнелеу әдісі ретінде қарастыруға болады. Бұл кескін
топографиялық жоспар деп аталады және түсірілім нәтижесінде
алынған барлық ақпаратты қазіргі координаттар жүйесіне
кеңістіктік сілтеме түрінде орналастырады. Топографиялық
түсірілімдердің негізі мемлекеттік геодезиялық анықтама және
түсірілім желілері болып табылады.
Топографиялық-геодезиялық ақпаратты
алғашқы өңдеу және жинау жүйесінің жаңа
тәсілдерін геодезиялық тәжірибеге енгізу
топографиялық түсіріс жұмыстарын
автоматтандыру процесін
қамтамасыздандырады. Соның ішінде
динамикалық топографиялық пен лазерлі-
параллактикалық жүйелерді, электрондық
тахеометрия мен өзі тұрған жерін анықтаудың
немесе позициялау (позиционирования)
серіктестік жүйесі ерекше ажыратылады.
Лазерлі-параллактикалық жүйелер
Лазерлік жазықтықты жасау принципін қолданады.
Хабарлағыш құрылғы (передающее устройство)
горизонтальдық және көлбеу шоқ сәуле (наклонные
пучки) қалыптастыратын айналма бастиегімен (с
вращающей головкой) лазерлік таратқышты
(лазерный передатчик) және радиотаратқышты
қамтиды. Қабылдағыш құрылғы, телескоптық
қарнақта (телескопическая штанга) орнатылған
айналмалы шолу объектіві бар фотоқабылдағыш
және онда бекітілген радиоқабылдағыш пен есептеу
құрылғыдан (вычислительное устройство) тұрады.
Хабарлағыш құрылғы тұрған станциясында, ал
қабылдағыш құрылғы пикеттерде орнатылады.
Электрондық
тахеометрия
Бұрыштық және сызықтық
өлшеулерді автоматтандырудың
алғашқы кезеңі бір-біріне ерекше
жүргізілді, алғаш сызықтық өлшеулер
автоматтандырылған (радио және
жарық қашықтық-өлшеуіштер). Кейін
бұл бағыт бұрышөлшеуіш және
қашықтықөлшеуіш кешендерін жасау
жолымен дамыды, ол жарық
қашықтық-өлшеуішті оптикалық
теодолитке бекіту түрінде болды.
Дала жағдайында есептеу үшін
бағдарламалық микрокалькулятор
қолданылды. Бір аспапта жарық
қашықтық-өлшеуіш, теодолит және
есептеу құрылғыны қатар
Әлемдік навигациялық серіктік
жүйелері
Спутниктік навигация жүйесі — жер, су және әуе
нысандарының орналасқан жерін анықтау үшін (
географиялық координаттар және биіктігін)
әзірленген жүйе. Спутниктік навигациялық
жүйелер, сондай-ақ,сигнал қабылдағыштың
қозғалыс жылдамдығы мен бағытын алуға
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оны дәл уақытын алу
үшін пайдалануға болады. Мұндай жүйелер
ғарыштық жабдықтар мен жер сегментінен
(басқару жүйесі) тұрады. Қазіргі уақытта, тек екі
спутниктік жүйелер — GPS және ГЛОНАСС жер
шарының толық және үздіксіз қамтуды
қамтамасыз етеді.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдары жасалынған
«Цикада» (ҚСРО) және «Транзит» (АҚШ)
серіктестік радионавигациялық жүйелер
теңізде жүзу, авиация, құрылықтағы көлік
және әскери қызметтегі мәселелерін
навигациялық қамтамасыздандыру үшін
қолданылған. Ғылым мен техника дамуы және
нүктелердің координаталарын анықтау
дәльдігінің жоғарылауы барысында
серіктестік навигациялық жүйелер кең
ауқымды геодезиялық мәселелерді шешуде
қолданыс тапты.
Қазіргі таңда координаталарды анықтаудың екі негізгі
серіктестік жүйе әрекетте:
ресейлік ГЛОНАСС
(Жаһандық (әлемдік)
навигациялау серіктестік
жүйесі) (Глобальная
навигационная
спутниковая система)
Сонымен қатар, дайындықтың әр түрлі деңгейіндегі бірнеше
серіктестік навигациялық жүйе бар, олар: Бэйдоу (BeiDou), DORIS,
Galileo, IRNSS, QZSS.
американдық NAVSTAR
(Navigation Satellite Timing and
Ranging) GPS (Clobal Position
System) (ара қашықтық және
уақытты анықтау үшін
навигациялық жүйе,
позициялаудың әлемдік
(жаһандық) жүйесі).
Ғарыштық аппараттар сегменті. GPS и ГЛОНАСС серіктестік жүйелер
Жерді шеңбер орбиталарымен айналатын 24 серіктен тұрады, оның 21
әрекетте болады, ал 3 резервте болады. GPS жүйесінің серіктерінің
орбиталары 6 жазықтықтан өтеді. Әрбір жазықтықта 4 серіктен бар;
орбитаның орташа биіктігі 20 180 шақырым, Жердің айналып шығу
уақыты 11сағат 58 минут (сурет 15.1, а). Спутниктердің мұндай саны мен
орналасуы, Жердің кез келген нүктесінде кез келген уақытта кем деген де
4 серіктен бір мезгілде (одновременный) сигнал алуын
қамтамасыздандырады. 1983 жылы GPS жүйесін азаматтық
тұтынушылар пайдалануға рұқсат берілді.
ГЛОНАСС жүйесінің серіктері 19 150 шақырым биіктікте 3 орбиталық
жазықтықта Жерді айналады, әрбір орбитада 8 серік бар және олардың
Жерді айналу кезеңі 11 сағат 16 минутты құрайды. 1996 жылдың қаңтар
айында ГЛОНАСС жүйесі толық іске қосылды.
Серіктестік жүйелердің әрбір серігінде қуат беру күн батареялары,
қабылдағыш-хабарландырушы аппаратура, жиілік пен уақыт эталондары,
борттық компьютерлер және лазерлік қашықтық-өлшеуіштер үшін
бұрыштық шағылдырғыштар орнатылған.
Жер бетіндегі бақылау және басқару сегменті жер беті бойынша
біркелкі орналасқан серіктерді бақылау станциялары жүйесінен, дәл
уақыттың қызметінен, есептеу орталығы орналасқан бас станциясынан
және серіктерге ақпарат беретін станциялардан тұрады. Бақылау
пункттерінен лазерлік қашықтық-өлшеуішпен тәулік бойы екі рет әрбір
серікке дейін ара қашықтықы өлшейді. Орбитадағы серіктердің орналасу
туралы (эфемеридтер) жиналған ақпарат әрбір серіктің борттық
компьтеріне жеткізіледі. Серіктер тұтынушыларға өлшеу
радиосигналдарды, жүйелі уақыт туралы ақпаратты, өзінің координаттарын
т.б. мәліметтерді ұздіксіз жіберіп отырады.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz