Туристік - өлкетану жұмысы мақсатында аймақты рекреациялық бағалау


Slide 1

9-тақырып: Туристік-өлкетану жұмысы мақсатында аймақты рекреациялық бағалау

Орындаған: Хатшыбай Айнур

Группа: Тур18-1К

Slide 2

Баға беру

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау - туризм географиясының ең басты мақсаты. Мәдениет пен тарих объектілерінің туристік-рекреациялык ресурстардағы маңыздылығына қарамай, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуына негізгі алғышарттар жасайды. Сондықтан, отандық және шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиеттерде туристік-рекреациялық ресурстардың табиғи жағына баға берген.

Slide 3

Рекреациялық табиғи алғышарттары деп - ең алдымен, табиғи-территориялық және аквальды кешендердің әртүрлі дәрежелерін айтатын болсақ, олардың компоненттері мен жеке қасиеттерін, оның ішінде - аттрактинтік, коюлық пен ландшафт ырғағы, кедергілерді жою мүмкіндігі, географиялық ерекшеліктерін және тағы басқаларын атап көрсетуге болады.

Slide 4

Демалыс пен туризм үшін табиғи жагдайларға баға беру өте қиын. Емдеу ресурстарына баға беруден айырмашылығы, бұл жерде келесі факторлар арқылы айқындалады:

табиғи ландшафтардың тартымдылығы;

олардың күтпегенділігі, экзотикалығы;

қайталанбайтындылығы

1

2

3

Slide 5

Баға беру реті

Баға субъекті мен объектінің өзара қатынасын көрсетсе, онда баға беру реті келесідей міндетті кезеңдерден тұрады: объектіні бөлу, табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау; субъектіні бөлу, соның позициясы бойынша бағалау, рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі алға шығады; бағалау өлшемін құрастыру, масштабы мен зерттеу мақсатын, соңдай-ақ субъект қасиеттерін анықтайды; градациялық баға беру шкалаларының, параметрлерін жасау. Бұл градация синтетикалық сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағалаудың өзі.

Slide 6

Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар:

Медико-биологиялық (физиологиялық) - демалысты уйымдастыру үшіп табиги ландшафты ортаның комфорттық ережесін табу

Психолого-эстетикалық - табиғи ортаның және мәдени-тарихи объектілердің демалушыларға аттрактивті эмоциялық әсерлеріне талдау жасау

Технологиялық - арнайы және кешенді ТРЖ құрудың мүмкіндіктерін, туризмнің әртүрлі түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтайды

Slide 7

Медико-биологиялық бағалау

Баға берудің медико-биологиялық түрі - табиғи факторлардың адам организміне әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы бағаланады. Баға бергенде климат басты роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен туристердің климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген. Климаттың адамға әсері ауа райы арқылы беріледі. Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға - адам организмінің жағдайы болуы керек. Сондықтан климатқа рекреациялық баға беру адам организмінің меторологиялық факторларға байланысын тексеру болмақ. Белсенді рекреанттар үшін комфорт зонасы 12 пен 16 арасындағы эквивалентті әсерлі температурада болады.

Slide 8

Психологиялық-эстетикалық бағалау

Психологиялық-эстетикалық баға бергенде адамға табиғи ландшафт пен оның компоненттерінің ерекше әсерлерін бағалайды. Ол адамның табиғи кешенге эстетикалық реакциясымен анықталып қана қояды. Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафтың эстетикалық қасиетін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынды. Сонымен, АКДІ-тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары тартымдылық әсер алатыны - шектік зоналар мен фокустік пунктер.

Slide 9

Табиғи кешендердің ішкі эстетикалық қасиеттері мынадай көрсеткіштермен де сипатталады: ағаштардың толықтығы, орманның қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т. б. Мысалы, орманның тығыздығы 50% асқанда ландшафтың эстетикалық қасиеті төмендейді. Қалың орманмен рекреант жаяу жүргенде тез шаршайды және табиғат пейзаждарының өзгерістерін дұрыс қабылдай алмайды.

Табиғат пейзаждарының сыртқы әртурлілігіне келесілер жатады: бірден көрінетін көрші табиғи кешендердін саны, сыртқы табиғат пейзаждарын қабылдау бұрышының тікелей жөне көлденең мөлшері, көкжиек сызықтарын кесіп оту, сондай-ақ кен орынның болуы арқылы сыртқы табиғат суреттерін жақсы кере алады. Мысалы, таулы аудандарда ең жоғарғы бағаны тау шындары алуы керек, өйткені солар арқылы барлық табиғи кешендер кабылданады, ең төменгі бағаны - тау шатқалы алады.

Slide 10

Технологиялық баға беру

Технологиялық баға беру - адам мен табиғи ортаның өзара әсерлері рекреациялық іс-әрекетте "технология" арқылы ерекшеленеді. Демек, бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, бүкіл рекреациялық жүйенің жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан территорияны игерудегі инженерлік-құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды. Көпшілік географтардың пікірі бойынша, территорияның туристік-рекреациялық ресурстарына баға берудің ең жақсы негізі - лаңдшафт картасы болады, өйткені бұндай жағдайда бағалау объектісі территориялық табиғи кешендер болады.

Slide 11

Объективті баға беру


Ұқсас жұмыстар
АЛАКӨЛ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЗОНАСЫН ЖАҒДАЙЫ
Құрылыс карталары
Қазақстанның туризм географиясы
Туристік жорықтағы міндеттер мен құрал-жабдықтар
Экологиялық туризмнің негізгі түрлері халықаралық туризмнен онша ерекшеленбейді, тек теңіз шығымдылығының жоқтығынан басқа
Туризм индустриясын дамыту
Өлкетанудағы рекреациялық ресурстар
Қазақстандағы экскурсиялық істің дамуы мен қалыптасуы
Туризм негіздері үйірмесінің оқушылар тізімі
Батыс Қазақстан туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz