Карта арқылы жолдан тыс жермен жүру




Презентация қосу
КЕНТАУ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНЦИЯСЫ

“КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАУ”

ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ: ШИРИНБЕКОВ Б.

КЕНТАУ 2020Ж.
Сабақ жоспары
Күні: 08.04.2020ж.
Сабақтың тақырыбы: Карта арқылы бағдарлау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жерді картамен қалай бағдарлау керек екендігін түсіндіру. Карта
арқылы жол табуды, қалай анықтау керектігі туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардағы алған дағдыларын одан әрі
дамыту.
Тәрбиелік: Карта арқылы бағдарлау кезінде оқушылардың география пәніне деген
қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сергіту сәті, «Миға шабуыл»,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Қорытынды.
Үйге тапсырма: Қазақстан Республикасынығ картасының сүретін салу.
Сергіту сәті
Мені көріп тұрғандар оң қолды көтеріңіздер?!
Мені тыңдап отырғандар сол қолды
көтеріңіздер?!
Сабаққа дайын болсаңыздар, шапалақ соғыңыздар!
Сендердің сыныптарыңның жоспары мына суреттегідей болуы мүмкін:

Бұл суреттің жағында оқушылардың 21 партасы, ал оң жағында мұғалімнің столы
және тақта бейнеленген. Бұған қарап сыныпта неше адамға орын бар және әрбір
оқушының отырған жерін белгілеуге болады. Оқушылардың парталары сары түске,
орындықтар қоңыр түске боялған.
Мысалы Балқаш көлінің ғарыштан жасалған фотосы мынандай:

Ғарыштан түсірілген фотодағы - өзендер мен көлдерді көк түске, тұзды суларды күлгін
түске, құмдарды нүкте-нүкте етіп, биік тауларды қызыл түске ал аласа жоталарды сары
түске боясақ, мынандай жоспарды, картаны аламыз:

Бұл карта Балқаш көлінің маңайындағы жерлер мен сулардың кішірейтілген жоспары.
Карталарды қағаз бетіне сызылады не электронды құралдар арқылы бейнеленеді.
Жаңа сабақты меңгерту.
Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер
бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып,
шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ
жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б.
анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және
сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында
маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда
кеңінен қолданылады.
Карта арқылы жол бойымен жүру. Алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс
маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт
жолын, өтуі қиын тұстардың орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол
айырығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Сонан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау
үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар тандалынып алынып, іріктеледі. Бүкіл марштурттың
ұзындығы мен тандалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып
алынады. Қозғалыс уақытында карта бағдарланған болуы тиіс. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеп,
картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру, жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар
бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау кез келген нүктеде таңдап алынған бағдарларға қатысты
маршрутта өз тұрған жеріңді және қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет.
Карта арқылы жолдан тыс жермен жүру.Ол үшін жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын
жергілікті жер бағдарлары көрсетіле отырып, картада маршрут белгіленеді. Маршрут бағыты
мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері т.б.) тұзу сызықты бағыттарымен
сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеу кезінде, жүріп өткен жолды карта бойынша
жиі бағдарлап, оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отыру керек.
Үйге тапсырма: Қазақстан Республикасының картасының суретін салу.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Карта
Абайлаңдар балалар
Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі
Көшеде жүру тәртібі
Мәнжазба Біржан мен Сара айтысы
Робототехника
Тау шаңғы
Тау шаңғысы спорты
Сызықтарды бағдарлау
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн
Пәндер