ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТА ҚЫСЫМНАН БАС ТАРТЫП, ЖҰМСАҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ




Презентация қосу
ТАНЫСУ ОЙ-
СЕРГЕКТЕРІ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ПОЭМА
1. Есіміңіз.
2. «Мен қандаймын» ( есіміңіздің әріпінен
басталатын сын есімдер).
3. Сүйікті іс-әрекеттеріңіз, хобби.
4. Арманыңыз.
5. Өмірлік қағидаңыз, кредо.
6. Сіздің қауіптеріңіз - Сіз өмірде неден
(кімнен) қорқасыз?
7. Фамилияңыз, тұрғылықты жеріңіз, жұмыс
орныңыз.
ЕСІМ-АКРОНИМ:

ТОЛҚЫН
*Т аңғажайып
*О йшыл
*Л үпілдеген
*Қ ызығушылығы жоғары
*Ы нтызарлық
*Н әзік
Таңғажайып ойшылдың
жүрегі лүпілдеп,
қызығушылықпен әрі
ынтызарлықпен нәзік
соғады.
ЕСІМ-АКРОНИМ
АЙГҮЛ
А - алғыр
Й - инабатты
Г – гүлденген
Ү - лбіреген
Л - лапылдаған
Айшықтай
иілген гүл үзіле
лүпілдейді.
ӘН БОЙЫНША ТОПҚА БӨЛІНУ
Тыңдаушылар топтарын Шәмші Қалдаяқов,
Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса
Тілендиев сияқты композиторлардың ел
арасына көп тараған, кеңінен таныс әндердің
(«Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында»,
«Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз
елім») аттары жазылған карточкалар бөлініп
беріледі. Тыңдаушылар сол әндер бойынша
топтарға бөлініп, карточкада келтірілген
әндерді бірлесе орындайды.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ҚЫСЫМНАН БАС ТАРТЫП,
«ЖҰМСАҚ» ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Сабақ беруде халқымыздың «Жақсы сөз – жарым ырыс»,
«Жылы-жылы сөйлесе – жылан інінен шығады, суық-суық
сөйлесе – мұсылман діннен таяды» деген аталы сөздерін
ұмытпаған абзал. Сондықтан да қысымға негізделген
әрекеттерді педагогикалық қызметтен аластату керек,
өйткені, олардың игі нәтижеге апаруы неғайбыл.
Физиканың «Қандай да болмасын қысым қарсылыққа тура
пропорционалды» деген заңын мектептен білеміз. Міне, осы
қағиданы француз философы әрі жазушысы Альбер Камю
қоғамдық қатынастарға да қолданған. Неғұрлым қатты
қысым жасасақ, солғұрлым қарсылық та күшейе түспек.
Сондықтан да білім беру ісінде, мейлінше, жұмсақ болу шарт.
Көне қытай данышпаны Лао-цзы былай деген
екен: «Шөп өсіп тұрғанда жұмсақ болады да,
қурағаннан кейін солып қалады, адам денесі де тірі
кезінде жұмсақ та, өлгеннен кейін қатты болады.
Демек, өмір дегеніміз - жұмсақтық, ал өлім -
қаттылық. Ең жұмсақ нәрсе – су, ол қандай да
болмасын кейіп (форма) қабылдап, кез келген
қалыпқа енеді. Сонымен бірге, ең қуатты да су:
тасығанда оның тегеурініне шыдайтын бір де бір
тосқауыл жоқ та болар. Демек, жұмсақтық – күш..
Олай болса, су сияқты жұмсақ болып, әр адамның
бабын таба білу керек».
ӨЗІ ТУРАЛЫ КЛАСТЕР
Тыңдаушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер
құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы
шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын
шеңберлерге өздерінің өмірде атқаратын бес немесе одан
да көп негізгі рөлін жазады. Мысалы: отбасында:
біреудің баласы, әкесі, анасы, бауыры, ағасы, әпкесі;
еңбек ұжымында: маман, әріптес, ұстаз, басшы, тәлімгер;
жұмыстан тыс уақытта: дос, жолдас, көрші.
Әр рөлден туындайтын шеңберлерге өзінің осы рөлдегі
ахуалын сипаттайтын сын есімдерді жазады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар өз
жазғандарын жариялайды, топ ішінде талқылайды,
басқалардың сұрақтарына жауап береді.
ӨЗІ ТУРАЛЫ КЛАСТЕР
ҚАМҚОР ОЙШЫЛ
АНА ҒАЛЫМ

ТОЛҚЫН

ІЗДЕНГІШ АДАЛ
ҰСТАЗ ҚҰРБЫ
БУРИМЕ
Буриме деп берілген ұйқастарға өлең жолдарын
құрастыруды айтады. Мысалы, оқытушы тақтаға
өзара ұйқасқан бірнеше сөзді тігінен жазады:
кезімнен
көзіңнен
ұмыттың
үміттің
Осы ұйқастарды қолданып, тыңдаушылардың
әрқайсысы бір шумақ өлең жазуы керек. Берілген
уақыттан кейін (1-1,5 минут) өлеңдер топ ішінде
оқылып, ең сәтті шыққандары бүкіл аудиторияға
оқылады.
Соңында оқытушы Тұманбай
Молдағалиевтің «Әнім сен едің» өлеңінің
осы ұйқастар алынған шумағын оқып
береді:

Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен,
Бақыт көріп ем қара көзіңнен...
Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың...
Жібін үздің ғой нәзік үміттің.
Оқу үдерісінде қатысушылардың барлығы да
өздерінің ортақ іспен айналысып, маңызды бір
проблеманы шешіп жатқандығын есте ұстауы
қажет: «Илеп жүргеніміз – бір пұшпақтың
терісі». Сондықтан әркімге қол ұшын беру -
бірлескен жұмыстың нәтижелігін арттырады
деп тұжырымдаған дұрыс. Осы орайда әр
ұстаз оқу үдерісі барысында әрбір үйренуші
мен топтың жұмысын, оның нәтижелерін
қуаттап, қолдап, қолпаштап, олардың
нәтижелеріне шын көңілден қуанып отыруы
қажет.
Сәттілікке бағытталу
Біз, әдетте, сәтсіздікке көп көңіл бөлетін сияқтымыз,
яғни, күнделікті өмірде қандай да бір іс жасамасақ та,
алдымен жіберген қателерді назарға аламыз да, қол
жеткізген сәттіліктерімізге жіті мән бермейміз. Мұндай
ұстаным позитивтік көзқарасты дамытпайды және өмірде
де, жұмыста да жағымды нәтижелерге әкелмейді. Үйрену
үдерісінде өз жұмысы мен әрекеттерінің сәтті шығуына
ниеттелмеген шәкіртте өмірінің басқа да мезеттерінде
(жұмыста, отбасында, күнделікті қарым-қатынаста) өз
ісінің ойдағыдай аяқталуына деген сенімі болмайды.
Оның өз істері мен әрекеттерінің тек жағымсыз ғана
нәтиже беретіндігіне әбден сеніп кетіп, өзін ылғи да
«жолы болмайтындар» қатарына қосып жүруі де мүмкін.
Оқу үдерісінде сәттілікке ниеттелу керек және
тыңдаушылардың немесе оқушылардың бойына
соңғы нәтиженің ойдағыдай болатындығына сенім
қалыптастыру қажет. Мәселен, қате жасағанда оған
налымай, оны жібергені үшін үйренушіні жазаламай
(төменгі баға қою, ескерту жасау, сөгу, т.б.), қатенің
үйренуде алатын маңызды рөліне назар аударған жөн.
Шындығына келсек, ешнәрсе жасамаған адам ғана
қателеспейді, қате жасамай біз үйрене алмаймыз. Сол
себепті де білім игерудің басты ұрандарының бірі
«Жасасын қате!» болуы керек шығар. Жазалаудың
орнына жіберген қателерді талдап, түзетіп, оларды
болашақта қайталамаудың жолдарын қарастыру
қажет.
Егер үйренушінің бойында өз ісінің ұтымды әрі игі
нәтижелі болатындығы туралы сенім қалыптаспаса,
оның үйренуге деген ықыласы мен ынтасының
төменгі дәрежеде болуы хақ. Сол себепті де үйрену
үдерісінде сәттілік жағдайын қалыптастыруға ұдайы
көңіл бөліп тұрған жөн.
Сәттілік жағдайын келесі түсініктерді басшылыққа алу арқылы
қалыптастыруға болады:
* - басты назарды жұмыстың сәтті шыққан жерлеріне аудару (мәселен, сабақ
соңындағы кері байланыста тыңдаушылар иен оқушылар «Өз жұмыстарыңыздың
қандай жерлері сәтті болды деп ойлайсыздар?», «Қандай жетістіктерге қол
жеткіздіңіздер?» деген секілді сұрақтарға ауызша не жазбаша жауап береді);
* - тыңдаушылардың немесе оқушылардың қателесу құқығын мойындау: жіберген
қателерді кемшілік ретінде қабылдамай, оларды үйренудің заңды көрінісі деп
түсіну, қателерді түзетуді үйренушілердің өздеріне тапсыру;
* - жазалау шараларын (мәселен, төмен баға қою, ескерту жасау) түзету
әрекеттерімен алмастыру;
* - «сөйлеу» ұғымын «әңгімелесу» ұғымымен алмастыру;
* - әр үйренушіні дәрежесі тең тұлға ретінде сыйлау және оған ілтипат көрсету,
тыңдаушылардың немесе оқушылардың әрбір ниеті мен әрекетін қолпаштау,
олардың сеніміне ие болуға ұмтылу, олармен жылы сөйлесу секілді «жұмсақ»,
«ұстамды», «сабырлы» қарым-қатынастық тәсілдерді қолдану;
* - әр үйренушіні атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижелерінің сәтті
шығатындығына сендіру, оларды өздерінде жеңімпаз сезімін қалыптастыруға
ынталандыру.
Сәттілікке жетудің кейбір кеңестері
*Кәсіби қызметке жан-тәніңізбен берілу керек!
*Шаршамаңыз, талмаңыз, әрекеттеріңізді еш толастатпаңыз,
доғармаңыз! Сәттілік ешқашан да бекерден бекер, аяқ асты
келе салмайды!..
*Оптимист болыңыз! Үлкен жетістіктерге қол жеткізу тіпті де
қиын емес!
*Басқа адамдармен бірлесе өмір сүруге және олармен
ынтымақты болуға үйреніңіз! Өзіңізді қоршаған адамдардың
сүйіспеншілігіне бөленуге тырысыңыз!
*Шыдамдылыққа үйреніңіз! Сіз өзіңіз танитындардың ішінен
ең шыдамды болуға тырысыңыз!
*Басқалардың пікірлері мен ұстанымдарын сыйлаңыз!
*Әрбір туындаған проблеманы жан-жақты ойластыруды
үйреніңіз! Мойымаңыз! Егер де Сіз бір шешімге бүгін келе
алмаған болсаңыз, бұл мәселеге ертең қайта оралыңыз.
Өзіңіз жасаған әрбір шешім Сізде проблема шеше білетін
қабілеттің бар екендігін меңзейді. Осыны ұмытпаңыз.
Алдыңызда туындаған кез келген проблеманы шешу жолы
Сіздің басыңызда пайда болатындығына кәміл сеніңіз.
*Басқа адамның көзқарасын түсінуге үйреніңіз! Әрбір
пікірталаста сан алуан тұжырымдар тоғысады. Бұл таласта
Сіздің пікіріңіздің дұрыс болуы міндет емес. Бұл мәселенің
Сізге қаншалықты қатысы бар болса да, Сіздің санаңыз
ашық болсын.
*Тәкаппар болмаңыз!
*Кешірімді болыңыз!
*Өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздің тыныштығын ойлаңыз!
*Табандылықпен және толассыз еңбектеніңіз!
*Ұтымды қасиеттеріңізді біліңіз!
*Әділ болыңыз!
*Материалдық байлықтар Сізді билеп-төстеп алмасын!
*Өз сәтсіздіктеріңізге тым қатты кейімеңіз!
*Сізді қоршаған адамдарға сыйласымдық пен ізеттілікті әрбір
оңтайлы сәтте көрсетуге ұмтылыңыз! Ешкімге де менсінбей
қарамаңыз!
*Өткенді тым жиі және ұзақ түрде еске алмаңыз!
*Басқа адамдар мен бүкіл Әлем алдындағы
борыштарыңызды, міндеттеріңізді орындаңыз!
*Әр кез бақытты болуға ұмтылыңыз және өмірге қуаныңыз!
*Өмірде сәттілік армандауға батылы жететіндерге,
ұйымдастыру қабілеті және өз талаптарын жүзеге асыруға
қайраты бар адамдарға ғана беріледі!

Билл Ньюменнің «Бүркіттермен бірге қалықтаңдар»
кітабынан).
Ысты Бөлтірік шешеннің төмендегі айтқан
ойында терең идея жатыр.
Қарт шешеннен: “Өмірдің мәні не: бала ма, бақ па,
дәулет пе?” – деп сұрағанда, ол былай деп жауап
берген екен: “Бала деген артта қалған із емес пе,
бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе, дәулет деген
қолда ұстаған мұз емес пе? Бұл өмірдің мәні – сіз
бен біз емес пе?!”
Демек, “өмірдің мәні – араласу, қатынасу, сырласу,
қауышу, дидарласу, жүздесу, яғни, түсінісу”, - деп
түсінген ата-бабаларымыз осы әрекеттер арқылы
басқа адамға, оның көзқарасы мен дүниетанымына,
ойы мен пікіріне деген ыждаһат пен ықылас
қалыптасатындығына көздерін жеткізген.
Лирикалық шегініс
АРАЛАСУ
Ұстаз өз шәкірттерінің барлығына да өз бетінше өніп-өсу
мүмкіншілігін беріп, ешқайсысының да дамуын
жеделдетпейтін. Өзінің бұл ұстанымын ол келесі
әңгімемен түсіндіретін:
- Бір адам бірде қауызынан шыға алмай жатқан көбелекті
көріпті. Көбелектің қимылдары оған тым баяу болып
көрініп, әлгі адам көмектесейін деген ниетпен қауызға
ақырын үрлей бастайды. Оның демінің жылуынан
қауыз демде жарылып кетіпті. Алайда оның ішінен
шыққан жәндік әдемі көбелек емей, қанаттары алба-
жұлба болған ұсқынсыз бірдеме болып шығыпты.
- Өсу мен дамуды жеделдетуге тіпті де болмайды.оларға
араласу тек залал келтіреді, - деп ұстаз өз сөзін
тұжырымдады.
БЕСТАРМАҚ
1.Бірінші тармақ (жол) 1 зат есімнен тұрады. Бұл сөз
тақырыптың (проблеманың, мәтіннің т.с.с.) негізгі мазмұнын (
идеясын, ойын) айқындайды (атау, термин т.б.). Мысалы,
тұлға.
2.Екінші тармақ 2 сын есімнен тұруы керек. Бұл сөзде бірінші
жолдағы негізгі сөзді анықтау керек, соған сын-сипат береді.
3. Үшінші тармақта 3 етістіктің болуы шарт. Етістіктер негізгі
сөзді әрекет пен іс-қимыл тұрғысынан сипаттауы қажет.
4. Төртінші жол негізгі сөзді бағалайтын кез келген сөз
таптарынан тұратын 4 сөзден тұрады. Бұл сөздер
тыңдаушылардың негізгі сөзге деген көңілін, сезімін
(жақтыру/жақтырмау, қабылдау/қабылдамау, ұнату/ұнатпау,
жақтау/жақтамау сияқты) білдіруі керек.
5. Бесінші жол тағы да бір сөзден тұрады.
Бұл сөз негізгі атаудың басқаша баламасы, оның синонимі
болуы керек (әдетте зат есім).
Мәселен, сабақ тақырыбы «Жанартаулар» болды делік. Өз
ойларын қорытындылау мақсатымен тыңдаушылар алдымен
жеке-жеке берілген уақыт ауқымында (әдетте екі-төрт минут)
Бестармақ құрастыруы керек.Олардың Бестармағы келесідей
болуы ықтимал:
Везувий,
Жалынды, күркіреген,
Атқылайды, арқырайды, шашады,
Помпеяны құртқан сұмдық тау...
Тажал.
Бірінші көзге қарағанда Бестармақ балалардың ойыны
іспеттес қарапайым, орындалуы оп-оңай тәсіл ретінде көрінуі
мүмкін. Алайда тәсілді қолдану барысында тыңдаушылар аз
да болса, қиыншылықтарды басынан өткеріп, терең
толғаныста болатындығы ақиқат.
Өйткені әдетте біз ойымызды жеткізуде еш шектелмейміз:
қандай және қанша сөздер, қай сөз таптарын
қолданатынымызды өзіміз білеміз, сол себептен де көсіліп
сөйлеуімізге болады. Ал, Бестармақта барлық ойды тек 11 сөз
шеңберіне сидыру керек – бұл оңай шаруа емес. Бұл тәсілдің
негізінде әр сөзді таңдау мен өз пікіріңді білдіру, яғни, бағалау
жатыр.
ШЫҒУ ПАРАҚТАРЫ

Нені білдім
Нені білгім келеді
Сабақ ұнады
Сабақ ұнамады

Ұқсас жұмыстар
Интербелсенді әдіс - тәсілдер
Білімге деген жаңа көзқарастар мен түсініктер
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Педагогикалық қарым қатынас стилі
Артериялық гипертензия
Кәсіби құзырлылықтың түрлері
ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАҒЫ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР
Бинтті таңғыштар
Тәрбие принциптері
Қайрымдылықтың қағидасы мынадай
Пәндер