Қалыптастырушы бағалау Жиынтық бағалау


Slide 1

Жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру: жоспарлау

Бағалау үдерісін ұйымдастыру

Бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасына шолу

Жаңартылған білім беру бағдарламасы: оқу бағдарламасы және оқу жоспарлары

Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау(1)

Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау(2)

Бастауыш сыныптың оқу бағдарламалары бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындау және оқу ресурстарын қолдану дағдысын дамыту

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша бағалау тәсілдерін зерделеу

Оқу үдерісінде қолданылатын кері байланыстың түрлерін білу, тиімді кері байланыс ұсынудың маңызын түсіну

Бастауыш сынып пәндері бойынша орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауды түсіну

Критериалды бағалау жүйесіндегі жиынтық бағалаудың мазмұнын және ұйымдастыру тәртібін білу

Бөлім/ортақ тақырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыруды түсіну

Slide 2

Қалыптастырушы бағалау: кері байланыс

Кері байланыс дегеніміз не?

Кері байланыс қандай мақсатпен жүргізіледі?

Кері байланыстың қандай түрлерін білесіз?

Кері байланыс сабақтың қай кезеңінде жүргізіледі?

Оқу үдерісінде тиімді кері байланыстың маңызы қандай?

Slide 3

Қалыптастырушы бағалау: кері байланыс

Кері байланыс - белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.

Кері байланыс - оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастыру құралдарының бірі болып табылады, оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының үлгерімі мен қиындықтары туралы хабардар етеді.

Тиімді кері байланысты ұйымдастыру табысты оқытудың негізі болып табылады (уақытылы және жүйелі ұсыну; анық және нақты болуы) .

Тиімді кері байланыс оқушының келесі сұрақтарына жауап береді:

Менің оқуым қандай сатыда?

Мен жоғары нәтижеге қалай қол жеткіземін?

Білімімді толықтыру үшін не істеуім керек?

Slide 4

Кері байланыс беру жөнінде ұсыныстар:

Үнемі тиімді кері байланыс жасаңыз және оқушыларды өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалауға үйретіңіз.

Түсіндірмесіз айтылатын «дұрыс емес», «өтірік», «кім жауап береді?» деген сөздерден аулақ болыңыз. Ненің дұрыс емес екенін, оны түзету үшін не істеуге болатынын ұсыныңыз.

Қателігін емес, дұрыс орындалғанын айтыңыз.

Кемшіліктерді болдырмаудың жолдары немесе жауаптарын қалай жақсартуға болатыны жөнінде ұсыныстар беріңіз.

Қателіктері туралы төмендегідей ақпарат бере аласыз:

орналасуы;

қателерінің түрі;

қателерді жөндеу үшін жасалатын әрекеттер.

Оқушының жауабына берілетін кері байланысыңызда мысқылдайтын, сынайтын тұрғыдағы «орынсыз жауап», «бұлай ойлауға қандай қақың бар» және т. б. жағымсыз сөздерді, сөз тіркестерін қолданудан сақтаныңыз.

Тиімді кері байланыс белгілері: уақытылы ұсыну; жүйелі ұсыну; анық және нақты болуы

Қалыптастырушы бағалау: кері байланыс

«Мұғалім өзінің түсініктемелерінің, бағалары мен балдарының оқушылардың сенімділігіне және олардың құлшынысына тигізетін әсерін сезінуі тиіс, сол себепті де ол кері байланыс беруде мейлінше сындарлы болуы тиіс». Бағалауды реформалау тобы, 2002

Slide 5

Қалыптастырушы бағалау: кері байланыс

Slide 6

Критериалды бағалау құрылымы

Критериалды бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау - белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан/ триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі

Notes: Если они не согланны то внести изменения за четверть, за раздел,

Slide 7

Критериалды бағалаудың құрылымы

Критериалды бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау

Білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау

Slide 8

Критериалды бағалаудың құрылымы

Notes: Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі: апробация және енгізу. Можаева О. И., Шилібекова А. С.

Slide 9

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Балдар

Әр бөлім және тоқсан бойынша

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Әр бөлім және тоқсанды аяқтау бойынша

Баға

Оқу жылын аяқтау бойынша

Slide 10

Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру тәжірибесіндегі түйінді мәселелер

Slide 11 Slide 12

БӨЛІМ/ОРТАҚ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

*Мұғалім

талдайды дайындайды/құрастырады

*ПӨО және ҰБА ұсынған әдістемелік құралдарды басшылыққа алады

Slide 13

БӨЛІМ/ОРТАҚ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Жаратылыстану-ғылыми пәндер - бөлімдер бойынша

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер - ортақ тақырыптар бойынша

Тілдік пәндер - сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым және жазылым бойынша

Slide 14

Оқу мақсаттары мен ойлау деңгейлері, бағалау критерийлерінің байланысы

Slide 15

Ойлау деңгейлері

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Оқушы:

түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды

Қолдану

отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің портретін ауызша жасайды

Талдау

мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіреді

Оқу мақсаттары мен ойлау деңгейлері, бағалау критерийлерінің байланысы

Slide 16

Бағалаушы/эксперт ретінде ойлау

Әрекеттерді жоспарлаушы/жобалаушы ретінде ойлау

Түсіну деңгейін бағалаудың нақты дәлелі қандай?

Тақырып, бөлімді өту кезінде не қызықты және пайдалы болады?

Тапсырмамен, тақырыппен, бөліммен жұмыс істегенде қандай мәселелерді бекіту керек және басқару әрекеттерінің қандай сәттеріне көңіл бөлу керек?

Бұл тақырыпқа қатысты қандай ресурстар мен материалдарды пайдаланған дұрыс?

Барлығын түсініп және ештеңе түсінбей отырған оқушыларды қалай білемін?

Сыныпта және сыныптан тыс уақытта оқушылар немен айналысады? Оларға қандай тапсырма ұсынуға болады?

Жұмысты бағалауда қандай критерийлерге назар аударамын?

Ата-аналарға ұсыну үшін оқушыларды қалай бағалаймын, ынталандырамын?

Оқушылар нені түсінбей қалуы мүмкін? Мен оны қалай тексеремін?

Жоспарым жүзеге асырылады ма? Неліктен «Иә/жоқ»?

Бағалау үдерісіндегі мұғалімнің рөлі

Slide 17

«Көркем өнер» пәні

Slide 18

Notes: Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі: апробация және енгізу. Можаева О. И., Шилібекова А. С.

Slide 19

Деңгейлер

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

5 балдық шәкілге ауыстыруда болжамдық баға

Төмен деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді

жай тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі

ақпаратты ұсынудың әр түрлі формаларының (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады

жай тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады

1 -2

бағаларына сәйкес

Орта деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін және түсінігін көрсетеді

әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады

ақпаратты жалпылайды және ішінара негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады

әдеттегі тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады

тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді

3-4

бағаларына сәйкес

Жоғары деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін және түсінігін көрсетеді

қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады

әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды және толық негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтерді келтіре алады

қиын тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады

тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды

5

бағасына сәйкес

Slide 20

Рубрика - бағалау критерийлеріне сәйкес оқу жетістігінің деңгейлерін көрсеру құралы

Рубрикада мұғалім әрбір оқушы үшін әрбір критерий бойынша оның қол жеткізген оқу жетістігінің деңгейін белгілеп көрсетеді

Бағалау критерийлері

Деңгейлер

Жоғары

Орта

Төмен

Бірмүшені стандарт түрге келтіруді біледі, бірмүшенің коэффициентін анықтайды

Дәреженің қасиеттерін қолданады, бірмүшені стандарт түрге келтіреді, бірмүшенің коэффициентін анықтайды

Бірмүшені стандарт түрге келтіргенде дәрежені қолданады, бірақ аздаған қателер жібереді

Бірмүшені стандарт түрге келтіруде және коэффициентін анықтағанда қиналады, қателеседі

Көпмүшелерді қосу және азайтуды орындайды

Көпмүшелердің қосындысы мен айырмасын дұрыс

табады

Көпмүшелердің қосындысы мен айырмасын толық

орындай алмайды

Көпмүшелерді қосу және азайтуды орындағанда

қателеседі

Slide 21

Тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді.

Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі.

Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн.

Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі.

Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін.

Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді.

Slide 22

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Тапсырмалар кімдерге арналған?

Тапсырмаларды орындауға қанша уақыт беріледі?

Тоқсандық жиынтық бағалау қалай өткізіледі?

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының мазмұны қандай?

Қандай тапсырмалар түрлері қолданылады?

Тапсырмалар немесе сұрақ қажет?

Сақтар үшін балдар қалай есептеледі?

Неше тапсырма құрастыру керек?

Тапсырманы құрастырушы:

оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасайды;

тест спецификациясына сәйкес тапсырмалар түрлерін анықтайды және құрастырады;

құрастырылған тапсырмалар мен балл қою кестелерін ПӨО мен ҰБА-на сараптамаға жібереді;

Сараптамадан кейін тапсырмалар мен балл қою кестелерін толықтырады және ПӨО жібереді.

Slide 23

Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.

Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т. б. ) .

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.

Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.

Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.

Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау

Тоқсандық жиынтық бағалау жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысында берілген үлгідегі балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Аталған кестеге сәйкес мұғалімдер балл қояды.

Slide 24

Венн диаграммасы.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты талдау.

Slide 25

Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау ерекшеліктері

Slide 26

Бөлім/Ортақ тақырып бойынша

Бөлім бойынша оқу мақсаттарын қамтиды;

Жаратылыстану және тілдік пәндерден бөлімдер бойынша, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден ортақ тақырып бойынша ұйымдастырылады ;

5-20 минут уақыт беріледі;

Ойлау деңгейлері мен бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі;

Балл дескрипторларға сәйкес қойылады;

Оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша (төмен, орта, жоғары) кері байланыс беріледі;

Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%) ;

Тоқсан бойынша

Тоқсандағы барлық бөлімдердегі оқу мақсаттарын қамтиды;

Жаратылыстану және тілдік пәндерден бөлімдер бойынша, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден ортақ тақырып бойынша ұйымдастырылады ;

Сабаққа берілген уақытта орындалады;

Жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес өтеді

Нәтижесі балл қою ережесіне сәйкес қойылады;

Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%)

Жиынтық бағалау үдерісі

Slide 27

Бағалау жүйелеріндегі айырмашылықтар

Сипаттамалар

Нормативті бағытталған бағалау

(қазіргі таңда орын алатын жүйе)

Критериалды бағалау

(мазмұнды жаңарту шеңберіндегі жүйе)

Оқушылардың нәтижелерін салыстыру аймағы

Оқушылардың оқу жетістіктерін басқа оқушылардың оқу жетістіктерімен салыстыру

Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлерге негізделген күтілетін нәтижелермен салыстыру

Бағалаудың түрлері

Ағымдағы бағалау - мұғалімнің жүйелі түрде бағаны тіркеу арқылы үнемі жүргізіп отыратын бағалауы

Қалыптастырушы бағалау- мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа

да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз

ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді)

Жиынтық бағалау- оқушылардың белгілі бір оқу кезеңін аяқтағандағы оқу жетістіктерінің деңгейі (бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау)

Қорытынды бағалау нәтижесі

Оқушының барлық бағалары орта арифметикалық негізде қойылады

Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағаның пайыздық ара қатынасы ретінде қойылады.

Мазмұн мен бағалаудың өзара байланысы

Мақсаттардың жалпыланған тұжырымдамасына байланысты оқу мақсаттарына жету жолдарын көрсетпейді

Мақсаттарға және күтілетін нәтижелерге жетуді көрсетеді


Ұқсас жұмыстар
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Тоқсандық жиынтық бағалау
Бағалау үдерісі
Жиынтық бағалау үдерісі
Критериалды бағалау жүйесі
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ АЛГОРИТМІ
Оқыту үшін бағалаудың түпкілікті нәтижесі
БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Математика Проблемаларды шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz