Дұрыс тамақтануға үйрету: бастауыш сынып сабақ жоспары мен белсенді оқыту, саралау және бағалау әдістері


Slide 1

Алматы облысы, Талғар ауданы Туғанбай ауылы №30 орта мектептің бастауыш мұғалімі: Бакамбекова Салтанат Кенжегалиевна Дүниетану

Сабақ оқу мақсаты:

2. 1. 4. 1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау

Сабақ тақырыбы: Дұрыс тамақтана біл

Барлық оқушы: түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтайды

Оқушының көпшілігі: тағам құрамындағы дәрумендерді сипаттау арқылы сәйкестендіру

Оқушылардың кейбірі: тақырыптан тыс қосымша мәліметтерді пайдаланып, дәлелдер келтіре алады

Сабақ мақсаттары:

Сабақ барысында тағам түрлерін ажырату, дәрумендер туралы білу

Slide 2

Белсенді оқыту әдістері

«Тыныш сұрау» әдісі .

Мұғалім бір не бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын ақырын дауыстап сұрайды, ал басқа оқушылар дайындала береді. Бұл әдіс көп тапсырма берілген жағдайда оқушыларға қайталау мүмкіндігін туғызады. Оқушыларға қызықты болуы үшін әртүрлі әдісті қолдана берген жөн.

«Суретпен жұмыс». Шеңбердің екі жағынан немесе бөлменің әр тарапынан екі балаға екі түрлі көгөніс немесе жеміс- жидектің суреттері беріледі. .

«Кестемен жұмыс». Тақтадағы кестеге неліктен бір пайдалы, ал екіншісі зиян екендігі туралы оқушылар келтірген себептерін жазады

«Сәйкестендір стратегиясы.

Әр түрлі азықтүліктер бейнеленген суреттер беріледі. Оқушылар дұрыс тамақтану суреттерін және дұрыс тамақтанбау суреттерін сәйкестендіреді.

«Тамақтану мәдениеті» ұғым

«Бос микрафон» әдісі.

Қысқаша «Спикердің бақшасы» деп атауға болады:доп, таяқша сөйлеушінің микрафоны бола алады. Мұғалімнің қолында болады, ол сөйлейді, содан кейін келесі сөйлеушіге беріледі.

ы жайында ой бөліседі.

Slide 3

Саралау әдістері

Қорытынды

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады.

Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндеріне көз жеткізу керек.

Саралаудың қорытынды тәсілі

Постермен жұмыс.

Барлық оқушы:Пайдалы және зиянды тағамды ажырата алады.

Көптеген оқушылар : дәрумендердің айырмашылығын анықтайды

Кейбір оқушылар: дәрумендермен дұрыс тамақтану қағидаларын құрастыру

Slide 4

Критериалды бағалау

«Кестемен жұмыс» Тақтадағы кестеге неліктен бір пайдалы, ал екіншісі зиян екендігі туралы оқушылар келтірген себептерін жазады

Пайдалы тағамдар

Зиянды тағамдар

Бағалау критерийі

Дескриптор:

Тағам құрамындағы дәрумендерді сипаттайды

-берілген суреттерді сәйкестендіре алады

тағамдағы дәрумендерге сипат бере алады

-арасындағы байланысты түсіндіреді

Slide 5

Ықшамсабақтың сабақты жоспарлауға ықпалы

Курс барысында әріптертерім Мұздыбаева Гүлдана және Таубекова Гулнар апайларымыздан тәжірибе алмасу мақсатында жіктеу, қорытындылау әдістерін үйрендім. ҚМЖ жазу кезінде әріптестерімнен нұсқаулар ала отырып, бірге топтық, жұптық жұмыстар жүргізе отырып, әр пәннің жаңартылған бағдарламасы бойынша сабақ жоспарларын құруды үйрендім.

Үйрендім

Курс өту барысында Ания Абыйровна маған белсенді оқу әдістерінің тәсілдерімен, саралау әдістерінің тәсілдерін таныстыра отырып, қысқа мерзімді жоспар құрастыруды үйретті.

Құндылықтардың қалыптастыру үрдісі мен күтілетін нәтижесі туралы толық мағлұматтар берді. Сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып SMART форматында құрастырылу керектігін айтты. Белсенді оқыту кезінде топтық, жұптық жұмыс кезінде оқытудың жай ғана жаттығуларды орындауға ғана емес, мақсатқа жетуге бағытталуы қажеттілігін түсіндірді.

Болашақта ұсыныстарды ескере отырып одан әрі дамыта отырып оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне қолдау көрсету мақсатында белсенді оқыту, саралау тапсырмаларын тиімді қолданып алған білімімді тәжірибе жүзінде қолданамын.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптағы Өсімдік топтары сабағы: белсенді оқыту, саралау және қалыптастырушы бағалау
Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру: тиімді оқыту, белсенді оқу және саралау тәсілдері
Бастауыш сыныптағы Жаратылыстану пәні: жаңартылған бағдарлама, белсенді оқыту және сабақ жоспарлау
2-сынып Әдебиеттік оқу: Мен спортшы боламын - сабақ жоспары, оқыту әдістері және бағалау
Бұрыштар мен көпбұрыштар: бастауыш сынып математика сабақ жоспары
Дұрыс және бұрыс бөлшектер: сабақ жоспары және оқыту мақсаттары
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Қонжық пен көжек ертегісіне арналған ықшам сабақ жоспары мен саралау тәжірибесі
Жоғары оқу орнында оқу үдерісін ұйымдастыру: формативті және суммативті бағалау, белсенді оқыту әдістері мен практикалық сабақ жоспарлары
2-сыныпқа арналған Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық мерекелері: сабақ жоспары, оқыту әдістері және критериалды бағалау
3-сынып: Қағаз ақшаны ажырату мен түрлі төлем жасау әдістері - сабақ жоспары және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz