2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Жыл мезгілдері (ертегі) - оқу мақсаттары, әдістемелік тәсілдер және қалыптастырушы бағалау


Slide 1

Алматы облысы, Талғар қаласы, №8 ДБАГ бастауыш сынып мұғалімі

Кайнарбаева Клара Дуйсеновна

Әдебиеттік оқу пәні

2- сынып

Сабақ тақырыбы

Жыл мезгілдері (ертегі)

Сабақ мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

2. 2. 6. 1Ертегінің мазмұнына сәйкес кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен әс-әрекетін бағалау, мұғалім көмегімен нақтылау, сұрақтарын қою және көркем сөздерді қолдана отырып жауап беру

2. ​2. 9. 1Сұраққа жауапты анықтамалық кңтаптардан. жинақтардан. сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушы:Ертегінің негізгі ойын анықтайды, сұрақтарға жауап береді, сөздіктерден берілген ақпаратты тауып кестеге салады.

Оқушының көпшілігі:жыл мезгілдерінің ерекшелігіне сәйкес көркем сөздерді қолдана алады.

Оқушылардың кейбірі: дереккөздерді пайдаланып дәлелді пікір айтуды үйренеді

Slide 2

1 тапсырма. Бірлескен Қорытынды шығару және есте сақтау«Нұсқау беру және айту» әдісі

Мақсаты: тапсырманы өзара талқылап, өз идеяларын ортаға салады

Қолданылуы:

Мұғалім көмегімен

оқылған шығарманы

бөліктерге бөлу, сұрақтар қою.

Белсенді оқыту

3 тапсырма - “ Ойлан, жұптас, топтас, ” әдісі

Мақсаты: көп нүкте орнына жыл мезгілін дұрыс толтыру

Қолданылуы:

Жыл мезгіліндегі көркем сөзбен өзінің мінез-құлқындағы ұқсастықты айту.

Дескриптор

Жыл мезгілдерін біледі көркем сөздерді қолданады, суреттер салады, дереккөздерді пайдаланып пікір айтады, дәлел келтіреді

-Мәтінді мұқият түсініп оқи алады.

-Сұрақтарға жауап береді,

-кейіпкерді сипаттай алады

-кейіпкерлердің мінездеріне баға береді

Дескриптор

Slide 3

Барлық оқушы:

Ертегінің негізгі ойын анықтайды, сұрақтарға жауап береді, сөздіктерден берілген ақпаратты тауып кестеге салады.

Оқушының көпшілігі:

жыл мезгілдерінің ерекшелігіне сәйкес көркем сөздерді қолдана алады.

Оқушылардың кейбірі: дереккөздерді пайдаланып дәлелді пікір айтуды үйренеді

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі Мақсаты:оқушылардың алған білімдерін қолдануға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге пайдаланып, хат жазу.

Қолданылуы:

Сурет бойынша ертегінің тақырыбын болжайды

Ертегідегі кейіпкерлерді естеріне түсіреді

Ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды

Суреттегі оқиғаларға сүйеніп, кейіпкер қосып өзгертулер енгізіп әңгімелейді

Slide 4

Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау

критерийлері

Ертегі мазмұнын түсінеді және кейіпкерді сипаттайды, бағалайды

Мәтінде берілген көркем сөздерді қолданады

Дереккөздерді пайдаланып пікір айтуға дәлел келтіреді

Рефлексия (жеке) :

“Өрмекші” әдісі

Кері байланыс

Күн - Тақырыпты түсіндім

Бұлт - орташа түсіндім

Қар - Сұрағым бар

Қалыптастырушы

бағалау

Жалауша әдісі

Үш шапалақ

Бас бармақ

Slide 5

Қорытынды

Сабақ жоспарлауда оқу мақсатынан SMART форматында құру керектігін білдім. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін саралап оқу тапсырмаларын деңгейіне қарай жіктеу тәсілдерін үйрендім.

Тренеріміз маған жаңартылған білім мазмұнын, белсенді оқу, саралап оқудың тиімді тәсілдерін, қалыптастырушы бағалау, сабақ жоспарын түсіндіріп, орта мерзімді жоспарлаудан мақсат алуды тақырыппен байланысын үйретті.

Саралау тәсілдері арқылы әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасалады. Және жауап беруге қиналған оқушыларға жетекші сұрақтар арқылы жауап беруіне мүмкіндік жасалады, жоспарланған уақытты үнемді пайдалануға болады.

Болашақта деңгейлері әртүрлі оқушылармен саралап оқыту тәсілін қолдануды ұйғардым. Қабілеті жоғары оқушыларға оқулықтан тыс тапсырмалар дайындау оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда өте тиімді тәсіл.

Slide 6

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттік оқу: Менің туған өлкем - оқу мақсаттары, әдіс-тәсілдер және бағалау дескрипторлары
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Құдайы қонақ - оқу-әдістемелік жоспары
Оқу барысындағы тиімді кері байланыс: әдістемелік тәсілдер мен қалыптастырушы бағалау
2-сынып Әдебиеттік оқу: Мен спортшы боламын - сабақ жоспары, оқыту әдістері және бағалау
Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінде қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Қонжық пен көжек ертегісіне арналған ықшам сабақ жоспары мен саралау тәжірибесі
2-4 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарын жоспарлау, бағалау және ықшамсабақ әдістемесі
2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Жүсіпбек Аймауытов Құштарлық шығармасы
Жолтай Әлмашевтің Адамның досы мәтіні бойынша 2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған Абайдың Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша әдебиеттік оқу сабағының оқу-әдістемелік жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz