Белсенді оқу


Slide 1

Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пəндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы

Тиімді оқыту және оқу

Тиімді оқыту мен оқудың сипаттамалары

Белсенді оқу

Оқу ортасы

Slide 2

Жұптық жұмыс Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері қандай?

Тәсілдер туралы идеяларды талқылау;

Тәсілдерді сынып суреттерімен салыстыру;

Өз сыныбында қолданылатын тәсілдердің мысалдары туралы ойлану.

Slide 3

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері

Жұпта жұмыс істей отырып, мына суреттермен үлестірме материалда келтірілген тәсілдерді сәйкестендіріңіз.

Б

Ә

A

В

Slide 4

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері

Жұпта жұмыс істей отырып, мына суреттермен үлестірме материалда келтірілген тәсілдерді сәйкестендіріңіздер.

G

Ғ

Г

Д

Е

Slide 5

1. Белсенді оқу

Өз тәжірибесінің негізінде үйрену:

оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;

жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады;

қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады;

нәтижесі - терең білім;

көзқарасты өзгертеді.

F суреті

Slide 6

Құрылымдалған топтық жұмыс:

тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді;

ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді;

тиімді дербестікті дамытады - «біз бірлесіп табысқа жетеміз»;

оқушылар арасындағы тосқауылдарды жояды.

2. Бірлескен оқу

Ә суреті

Slide 7

Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру:

түсінік пен дағдылар тереңдейді;

өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады;

оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;

барлық оқушылар үшін тиімді;

барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.

3. Саралау

Е суреті

Slide 8

4. Пәнаралық байланыс

Пәндердің арасында байланыс орнату:

білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді;

тереңірек білім алуға мүмкіндік береді;

көптеген дағдыларды қалыптастырады;

түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады;

оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;

оқуға деген уәжді арттыра алады.

Б суреті

Slide 9

уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады;

оқыту үдерісіне бағыт береді;

оқушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік береді;

оқушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі

5. Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру

A суреті

Slide 10

Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы:

оқушылардың көбірек үлес қосуына мүмкіндік береді;

оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді;

тақырыпты терең түсінуіне жол ашады;

оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;

тапсырманы күрделендіріп, оқушылардың уәжін арттырады.

6. Оқу әңгімелері

В суреті

Slide 11

Технологияларды пайдалану:

белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады;

уәжді арттыра алады;

зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық орнату және тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолданылады;

оқушылардың ақпарат іздеп, өз тәсілдерін табуына мүмкіндік бере отырып, олардың өз үлесін қосуына септігін тигізеді;

сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді.

7. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану

Д суреті

Slide 12

8. Модельдеу

Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну:

оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді;

оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі;

үдеріс туралы ойланып, рефлексия жасауға ынталандырады.

Г суреті

Slide 13

Жұп болып талқылау

Осы тәсілдерді қолдану үдерісі мен сіздің мектебіңізде қазір қалыптасқан жағдайдың арасында қандай ортақ белгілер/ айырмашылықтар бар?

Бүкіл топпен талқылау

Бұл тәсілдердің қазіргі кезде сіздің мектебіңізде қолданылатын әдістермен қандай ұқсастығы/ айырмашылықтары бар?

Осы тәсілдерді іске асыруда қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

Оларды қалай шешуге болады?

Notes: 1-күнді түйіндеу

Slide 14

Белсенді оқу әдістері

Белсенді оқу үдерісіне қатысу;

Белсенді оқудың не екенін түсіну;

Өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізу;

Оқытудың жай ғана жаттығуларды орындауға емес, мақсатқа жетуге бағытталуы қажеттігін түсіну.

Slide 15

Түрлі оқу стратегиялары = оқушылардың білімдерін, дағдыларын және түсініктерін дамытуға арналған орта

Мен естимін, бірақ Мен ұмытамын!

Мен көремін және Мен есімде сақтаймын

Мен өзім істеймін, сондықтан Мен түсінемін!

Белсенді оқу дегеніміз не?

Slide 16

Іс-әрекет арқылы оқу

КӨҢІЛДІ оқу!

Белсенді оқу дегеніміз…

Slide 17

Құлақ

Көз

Дауыс

Тері арқылы сезіну

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

Ақпарат алу

Оқуда қолдану

Сезім органдарын оқу үшін пайдалану

Notes: ОҚУ ПИРАМИДАСЫ

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерінің орташа көрсеткіштері.

ЛЕКЦИЯ, ОҚУ, АУДИО-ВИЗУАЛЬДЫ АҚПАРАТ, КӨРСЕТУ, ТАЛҚЫЛАУ, ПРАКТИКА, БАСҚАЛАРДЫ ОҚЫТУ.

Құлақ, көз, дауыс, түйсіктер.

Оқуды қолдану. Ақпарат алу.

Slide 18

Топтық пікірталас

Белсенді оқушы қандай болады?

Суретте белсенді оқушыға тән негізгі қасиеттер мен сипаттамаларды көрсетіңіз.

Бүкіл топқа таныстыру

Белсенді оқушы

Slide 19

Белсенді мұғалім қандай болады?

Белсенді мұғалім

Slide 20

Белсенді мұғалім: Белсенді оқу қағидаттары (1)

Алға ілгерілеуді жандандыру:

Оқу мақсаттарын қайталау;

Әртүрлі жаттығуларды ұсыну;

Дағдыларды шынықтыру;

Бұған дейінгі біліміне негіздеу.

Slide 21

Белсенді мұғалім: Белсенді оқу қағидаттары (2)

Оқуды қолдау:

Білімге құштарлықты

ояту;

Сұрақ қою;

Эксперимент жасау;

Ұсыныс жасау;

Ойлап шығару;

Оқу стильдерін үйрету.

Slide 22

Ресурстарға келесі сипаттар тән екеніне көз жеткізіңіз:

Ұйымдастырылған;

Қолжетімді;

Бірлесіп қолдануға қолайлы;

Бәріне таныс;

Әзірленген;

Жүйелі қолданылады;

Уақыт өте келе күрделенеді;

Сапасы жақсы.

Белсенді мұғалім: Белсенді оқу қағидаттары (3)

Slide 23

Оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдану

Өзінің педагогикалық тәжірибесіне белсенді оқу қағидаттарын енгізу;

Оқытудың жай ғана жаттығуларды орындауға емес, мақсатқа жетуге бағытталуы қажеттігін түсіну.

Жеке жұмыс

Сіз өзіңіз өткізген табысты жаттығу туралы ойлаңыз.

Шағын топтардағы жұмыс

Өз жаттығуыңыз туралы айтып беріңіз. Белсенді оқу аспектілерін жазыңыздар.

Бүкіл топпен жұмыс

Белсенді оқудың үздік үлгілерімен алмасу.

Оларды табысты оқуға айналдыратын не?

Slide 24

Сыныптағы жұмысты саралаудың ең кең таралған жеті тәсілі:

Тапсырма;

Ресурстар;

Жылдамдық;

Нәтиже;

Диалог және қолдау;

Бағалау;

Топтасу

Үлестірме материалға қараңыз. Осы әрекеттерден сіз қайсыларын қолдандыңыз?

Әр тәсіл туралы сіз не ойлайсыз?

Оқыту тәжірибесіндегі саралау

Диалог

Саралау дегеніміз не?

Біз оны тәжірибеде қалай жүзеге асырамыз?

Тапсырмаларды саралауға мысалдар келтіріңіз.

Әріптесіңізбен идеяларыңызды талқылаңыз.

Slide 25

Нәтиже арқылы саралау

Тапсырма арқылы саралау

Ресурс және қолдау көрсету арқылы саралау

Саралау түрлері

Оқыту тәжірибесіндегі саралау

Slide 26

Талқылау:

Сабақта сараланған тапсырмалар қолданудың маңызы қандай?

Сіз өз тәжірибеңізде саралауды қалайша барынша тиімді пайдалана аласыз?

Сіз:

жоспарлау кезінде оқушының бұрынғы тәжірибесі мен үлгерімін қаншалықты ескересіз?

оқушыларға түрлі деңгейлерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініңізге қаншалықты сенімдісіз?

сіз оқушының қабілетіне сәйкес қосымша мүмкіндік, балама тапсырмалар мен қолда бар қажетті ресурстарды қалай пайдаланасыз?

Оқыту тәжірибесіндегі саралау

Саралап оқыту әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді

Slide 27

Ықтимал себептері

Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;

Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;

Бағалау үшін;

Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;

Тақырыпты қайта қарау үшін;

Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;

Күрделендіру үшін;

Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;

Түсінуге көмектесу үшін;

Бағамдау үшін.

Біз не үшін сұрақ қоямыз?

Тиімді оқыту және оқу

Slide 28

Жабық сұрақтар “иә”/“жоқ” деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді.

Мысалы, Мыс магниттеле ме?

Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді.

Мысалы, Қандай металдар магниттеледі?

Тиімді сұрақтар қандай болады?

Жақсы сұрақ дегеніміз не?

Slide 29

Тиімді сұрақтар қандай болады?

Жалпылама ашық сұрақтар

Біз … қалай істей аламыз?

Сен қалай …?

Егер …, не болады?

Маған … туралы айтып бере аласың ба?

Сен … туралы не ойлайсың?

Сыныпта сұрақ қою үшін осы сөйлем құрылымдарын пайдалануға болады.

Slide 30

Сұрақты теріс айналдырыңыз.

Нақты қайталауды талап ететін сұрақты қоюдың орнына, оны теріс айналдырыңыз, мысалы:

Мыс металл ма?

деген сұрақ

Неліктен мыс металл болып табылады?

… деген сұраққа айналады…

Тиімді сұрақтар қандай болады?

?

Slide 31

X және Y


Ұқсас жұмыстар
Белсенді оқушы
Белсенді оқыту әдістері
Оқытудың белсенді әдістері - оқу
Ықшамсабақ жаттығуын жоспарлау
Оқу белсенді топтардың жұмысы
БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ЗЕРДЕЛЕ
Оқытудың белсенді әдісі
Оқу үдерісін Саралап оқыту тәсілдерін қолдану ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс - тәсілдер
Белсенді оқыту әдістерінің жіктелуі
Қызыл түсті асық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz