Дағдыларды дамыту




Презентация қосу
Сабақ тақырыптары
Жаратылыстану Жаратылыстану пәні бойынша
жаңартылған білім беру
бағдарламасының ерекшеліктері

Жаратылыстанудағы белсенді оқу
жаттығулары (1)

Жаратылыстанудағы белсенді оқу
жаттығулары (2)

Жаттығуларды жоспарлау
Жаратылыстану

Талқылау

Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнін оқытудың
маңызы қандай?
«Жаратылыстану» пәнін оқыту оқушылардың қандай
дағдысын дамытуды көздейді?
Оқушыларға ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға көмектесетін себептерді анықтау

«Жаратылыстану» пәні оқушыларға ХХІ ғасырға
қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Жаратылыстану
Жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру кіші мектеп жасындағы
оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-
өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай
қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу
біліктерінің дамуына көмектеседі.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізгі мектепте
«Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін оқытудың негізін
қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат
әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру,
сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған
«Жаратылыстану» пәні: оқу бағдарламасы

Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және
меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
1) қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ
табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын;
2) өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар
мен үдерістердің себептерін;
3) жаратылыстану ғылымы бойынша білімнің адамның көптеген іс-
әрекет түрлері үшін маңыздылығын;
4) пәнді оқу қоршаған ортаның түрлі құбылыстары мен нысандары
жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі
практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің
байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.

Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы
зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер
негіздерінің қалыптасуына бағытталған
«Жаратылыстану» пәнінің
Сынып Апталық Жылдық сағат
мазмұны жүктеме саны
1 1сағ 33 сағ
2 1сағ 34 сағ
3 2 сағ 68 сағ
4 2 сағ 68 сағ

№ Бөлімдер Бөлімшелер
1 Мен - зерттеушімін 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
1.2 Табиғатты тану әдістері
2 Тірі табиғат 2.1 Өсімдіктер
2.2 Жануарлар
2.3 Адам
3 Заттар және олардың 3.1 Заттардың типтері
қасиеттері 3.2 Ауа
3.3 Су
3.4 Табиғат ресурстары
4 Жер және Ғарыш 4.1 Жер
4.2 Ғарыш
4.3 Кеңістік және уақыт
5 Табиғат физикасы 5.1 Күш және қозғалыс
5.2 Жарық
5.3 Дыбыс
5.4 Жылу
5.5 Электрлік
Зерттеу дағдылары

Дағдыларды дамыту:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
тәжірибе тарату блогы
Жүйелі-әдістемелік кешен

http://smk.edu.kz/ порталы
«Жүйелі әдістемелік кешен» сайтында
«Жаратылыстану» пәні бойынша ұсынылған
ресурстармен жұмыс
Сабақ жоспарлау

Оқу мақсаттарын таңдау;
Сабақ тақырыбын анықтау;
Сабақ мақсатын белгілеу (таңдап алынған оқу мақсаттарына сәйкес);
Бағалау критерийлерін дайындау; тапсырма құрастыру кезінде саралау
тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының
деңгейлеріне сәйкестендіру;
Сабақ тақырыбы, мақсаттары және бағалау критерийлері белгіленгеннен
кейін, сабақ жоспарын жасауға кірісу (Сабақ жоспарының үлгісін пайдалану);
Оқу жоспарына және ресурстарға сүйене отырып, сабақты жоспарлау;
Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін сабақтың алға қойылған мақсатына
қол жеткізетіндей етіп жоспарлау;
Оқушылар үшін бағалау критерийлеріне сәйкес келетін және мақсатқа қол
жеткізу туралы қорытынды жасайтындай тапсырмаларды таңдау,
дескрипторлар әзірлеу, т.б.
Сараланған оқуды ұйымдастыру
Сабақ жоспарлау

Оқулық, оқу бағдарламасы, оқу жоспарымен жұмыс
Пән бойынша оқу мақсаттарына сәйкес әр түрлі деңгейлі
тапсырмалар дайындау
Ұсынылған тапсырмаларда:
-сыныптағы көпшілік оқушылардың оқу мақсатына қол
жеткізудегі прогресін көрсетуге мүмкіндік беретін жаттығуды
қалай жоспарлауға болатынын;
-көбірек қолдауға мұқтаж оқушыларға арнап жаттығуды қалай
бейімдеуге болатынын;
-анағұрлым күрделі тапсырмалары орындайтын оқушыларға арнап
жаттығуды қалай бейімдеуге болатынын қарастырады.
Сабақ жоспарын бағалау барысында ескеру:

сабақ мақсатының, тілдік мақсаттардың дұрыс анықталуы;
бағалау критерийлерінің белгіленуі;
оқыту әдістерінің тиімді таңдалуы;
қалыптастыруш бағалау тәсілдерінің ұтымды қолданылуы;
оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрі, оқыту үлгілерінің (жеке, жұптық,
топтық, бүкіл сыныптық) үйлесімділігі;
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың тиімді таңдалуы;
тапсырмаларға сәйкес дескрипторлардың анықталуы;
үйге берілетін тапсырмалардың дайындалуы;
саралау тапсырмаларының дайындалуы;
бақылау, бағалау түрлерінің анықтығы;
сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтардың дайындалуы;
сабақтың ресурстармен жабдықталуы (қосымша оқу материалдары, т.б.)
Өзін-өзі бағамдау

Ұқсас жұмыстар
УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА
Географиялық білімділік
Топтық жұмыстың мақсаты
Сауықтыру міндеттері
Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары
Математика және оны оқыту
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі
Оқыту процесінің функциялары
Оқыту процесінің Оқыту процесінің Оқушылардың Оқытудық түрлері мәні
Пәндер