Бастауыш мектеп


Slide 1

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта математика сабағында сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын есептердің маңызы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Орындаған: Ақбай С. А.

Тексерген: Садибекова С. С.

Slide 2

Курстық жұмыстың өзектілігі

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құрай алмаймыз» - делінген.

Slide 3

Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай математиканы оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:

Ақиқатты танудың математикалық әдістері туралы оқушыларға мағлұмат беру.

Логикалық ойлау қабілетін және кеңістікті елестете білуге қажетті элементтерді құрастыра білу.

Мектептегі математика курсының негізгі мазмұны бойынша математикалық білім мен іскерлігінің белгілі бір жүйесін оқушыларға жеткізе білу.

Жалпылау, синтездеу, сұрыптау, салыстыру сияқты ойлана білу қабілеттілігін қалыптастыру.

Өмірде күнделікті кездесетін оңай есептерді шешу үшін және басқа да пәндерде қолдану мақсатында қажетті математикалық біліктілік пен дағдыларды сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру.

Slide 4

бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу, математикаға деген қызығушылығын арттыру;

бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың ойлауы дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген ынтасы оянып, қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.

Жұмыстың мақсаты

Slide 5

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға әдістемелік тұрғыдан шолу жасау.

Бастауыш сыныптың математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, білім, практикалық дағдыларын қалыптастыру;

Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылық әдістемесін және оның тиімділігін тексеру;

Математикадан алған білімдерін тереңдетеді, қызығушылықтарын арттырады.

Slide 6

І БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері мыналар: Оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, балаларды қызықты сабақтарға, жұмыстарға тарту, соның арқасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Slide 7

Мектептер тәжірибесінің негізінде математикадан мына сияқты сыныптан тыс жұмыстарын ұсынады:

Викториналар мен эстафеталар.

Мектеп олимпиадалары.

Оқушылардың математикадан жарыстары.

Математикадан экскурсиялар.

Сыныптан тыс оқу-барысында оқушылармен мазмұнды кітаптарды оқу.

Slide 8

1. 2. Бастауыш мектепте математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары

Нақты дүниедегі заттар мен құбылыстарды, негізінен алғанда, саны жағынан зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыруда математика пәні маңызды орын алады. Өйткені, қоғамдық өмірдегі барлық дерлік экономикалық процестерді нормативті сан көрсеткіштерісіз, әр алуан шамалардың сандық сипаттамаларынсыз және өзара қатынастарынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Тіптен, математиканы білмейінше экономика негіздерін оқып - үйрену де мүмкін емес.

Slide 9

ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДАҒЫ ОЙЫН ЕСЕПТЕРІ 2. 1 Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардағы ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ойлау тәсілдерін дамыту

Бастауыш сынып - баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау, кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттің бір түрі -логикалық ойлау тәсілдерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру.

Логикалық ойлауды дамыту дегеніміз:

барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;

ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;

трансформация әрекетін, яғни объектіні өзгерте білу қабілеттерін жетілдіру.

Slide 10

2. 3 Оқушылардың шығырмашылығын жетілдіруде жүргізілген сыныптан тыс сабақ үлгілері

Бастауыш сынып - оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуының басты баспалдағы. Сондықтан ойлау қабілетін дамытуда матемтика сабағының алатын орны ерекше, өйткені математика сабағының әрбір жұмысы ой-белсенділігін қажет етеді. Оқушылардың оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту - мұғалімнің міндеті. . Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, психологиясын, даярлығын ескере отырып, олардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында математика сабағында көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Қай пәннен болсын тиянақты білім беру үшін баланы қызықтыра отырып сөйлеу және сол пәннен сыныптан тыс қызықты сабақтар өткізу керек.

Slide 11

Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушылардың мектеп бағдарламасы бойынша алған білімдерін тереңдету, білімге деген қызығушылықтарын ояту, оқу, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру, сөйлеу мәдениетіне төселдіру, жылдамдыққа үйрету, математиканың басқа да ғылым салаларын түсіндіру;

Ә) Оқушылардың сауатты сөйлеу дағдысын, есте сақтау қабілетін, танымдық әрекетін дамыту, жан-жақты ойлау қабілетін, білім, білік, іскерлікті, сөздік қорын, тілін дамыту, математикалық білімдерін тереңдету;

Б) Оқушыларды сезімталдыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, мейірімділікке, парасаттылыққа, кішіпейілділікке, төзімділікке, шыншылдыққа, өз ойын еркін жеткізуге, тіл мәдениетіне, жылдамдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

І. Кіріспе сөз

Сайысқа қатысушыларды таныстыру

ІІ. Сайыс шарттары

1. Бәйге 2. Дода 3. Жорға 4. Көрермендер көрімдігі

Slide 12

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер!

Көңілді тапқырлар, білгірлер

Бар білімін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса, егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады. Өмірде ойлап тұрса бәрі де есеп, Ауырсаң іше - тұғын дәрі де есеп. Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз - ау Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Құрметті көрермендер математика пәнінен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалдық ойынымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырамыз, олар «Сұңқар» және «Бәйтерек» топтары.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейік.

Сайыскерлерімізге тек сәттілік тілейміз!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, -деп сайысымыздың алғашқы кезеңі «Бәйге» бөлімін бастаймыз.

Бәйге айналымының шарты:

1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 11 сұрақ беріледі.

2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.

3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.

4. ”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

Slide 13

«Сұңқар» тобына арналған сұрақтар

1. Теңдеудің шешімін тап: Х - 19 =221 (240)

2. Көбейтінді қай уақытта 0-ге тең боладыы? (0)

3. Іле Алатауының етегінде орналасқан қала? (Алматы)

4. y · 2= 450 + 372 теңдеудің шешімін тап (411)

5. «Шегіртке мен құмырсқа мысалын қазақ тіліне аударған ақын(Абай)

6. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?

7. Еліміздің астанасы қай қала?

8. Мұғалім сабақта әр қатарға 9 парақтан таратты. Сыныпта 3 қатар бар. Егер 76 парақ қалған болса, бумада неше парақ болған? (103)

9. Тұңғыш қазақ мектебін ашқан қазақ мұғалимасы

10. Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады? (130-дан астам)

11. Қазақстанда қанша облыс бар?

«Бәйтерек» тобының сұрақтары:

1. Азайтындының компоненттерін ата (Азайғыш, азайтқыш)

2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым (президент)

3. Іле Алатауының етегінде орналасқан қала ? (Алматы)

4. 190 мен 60-тың айырмасын 2 есе арттыр (260)

5. Бір кітапта 40 бет, ал екінші кітапта 10 бет. Бірінші кітапта екінші кітапқа қарағанда неше бет артық? (30)

6. Қызғалдақтың отаны? (Голландия)

Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы мүше болды? (1992жылы 2-наурыз)

Көбейтінді қай уақытта 0-ге тең болады ? (0)

Көбейтіндіні 1 -ге бөлгенде (Сол санның өзі шығады)

10. Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады? (130-дан астам)

11. Бөлуді қай амалмен тексереміз? (Көбейту)

Slide 14

ІІ кезең «Жорға» Сайыс шарты:

1. Бұл сайыста 6 ойыншыға мына экрандағы 3 тақырыпты таңдау ұсынылады. (қазақ тілі, математика әлемі, спорт)

2. Ойыншылар кезегімен бір тақырыптан таңдайды.

3. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.

1. Зат есімнің неше түрі бар? ( 2)

2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

3. Қазақ альфавитінде неше әріп бар? (42)

4. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989жылы 22 қыркүйек)

5. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер (диалект)

Математика әлемі

7 саны 91-ден неше есе кем? (13есе)

Қосындының компоненттерін ата (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)

Өнімділікті қалай табамыз? (Орындалған жұмыс : уақыт = өнімділік )

600-х=3•90, Теңдеуінің шешімін тап (330)

Көпбұрыштың ауданы неге тең? (қабырғаларының ұзындығының көбейтіндісіне тең)

Спорт бойынша:

2000 жылы олимпиада қайда өтті? (Сидней)

Биылғы жылы спортшыларымыз жазғы олимпиадалық ойындарынан қанша медальға ие болды? (13)

Шахмат ойынының тарихы қай кезеңнен басталады? (1500жыл бұрын)

Пьер Де Кубертен туралы не білесің? (Олимпиада ойындарының негізін қалаушы)

Slide 15

ІІІ кезең «Жорға»

Шарты:

Екі топ бір-бірлеріне алдын-ала дайындап келген логикалық есептерін жасырады.

ІV кезең «Көрермендер көрімдігі»

Шарты:

Көрермендерге сұрақ қою арқылы білімдерін шыңдау.

1. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (100)

2. Қазақстанның «Швейцариясы» қай қала? (Көкшетау, Бурабай)

3. Қазақстан Әнұранының авторлары кім? (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)

4. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы, қай күннен астап шыға бастады?(1993жылы 14 қараша)

5. Жердің нақты үлгісі (глобус)

6. Түлкі әр 6 секундта 4 рет секіреді. 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?(15)

Қорытынды

Білімнің мініп алып, тұлпарына

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін берелік.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсеңіздер де, өмірден жеңілмеулеріңізге тілектеспін!

Slide 16 Slide 17 Slide 18

Ойын рубикінің текшесі

Slide 19 Slide 20 Slide 21

Заттарды орнына орналастыр

Slide 22 Slide 23 Slide 24 Slide 25

Ойлан тап!

Slide 26

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп математикасында алгебралық ұғымдардың оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте информатика негіздерін енгізудің қажеттілігі
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш білім беру педагогикасының пәні және оның негізгі ұғымдары
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Жас ерекшеліктер туралы ұғым
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесіні қазіргі жағдайы, даму болашағы
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz