Адам психикасы және Психология гылымының даму тарихы



Адам психикасы және Психология гылымының даму тарихы

Психология Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

1. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т. б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны - адам санасы. 2. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы.
Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М. Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның - сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Психика
1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;
2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.


Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика - биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады.

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. Көптеген ертедегі ойшылдардың көзқарастарына ортақ болған “психология” сөзінің орнына “жан” ұғымын қолданады және ерекше мәнді құбылыс ретінде қарастырады.
Жан
Идеалистік
Материалистік

Ойшыл-ғалымдар
Еңбектері
И. Ф. Гербарт
Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған. Ғылымға ассоциация және апперцепция енгізген ұғымдары психологияда сақталған және өз мәнін жойған жоқ.
В. Вундт
Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалаған, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды.
И. М. Сеченов
Оның “Бас ми рефлекстері” атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады.
В. М. Бехтерев
Ол Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.
Зигмунд Фрейд
Ол психоанализ бағытының негізін салушы. Оның негізгі еңбегі “Түс көруді талқылау” 1900 жылы жарық көрді.
Джон Уотсон
Америка психологі психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырады. ”Психология, оны бихевиорист қалай көреді”, ”Бихевиоризм”деген еңбектері бар.
Роберт Вудворте
Көрнекті америка психологі функционалдық психологияның негізін салушылардын бірі. Ол бихевиористердің ұсынған “стимул -реакция” үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын - ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады.

Ойшыл-ғалымдар
Еңбектері
Аристотель
Жан туралы ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы. Ол адамда болатын негізгі 5сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс.
Р. Декарт
Ол сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық тәсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіндіре бастады.
Б. Спиноза
Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты ұсынды.
Т. Гоббс
Ғылыми жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады.
Джон Локк
Ағылшын ойшылы психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептеледі.
Д. Гартли
Ағылшын ғалымының еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Оның айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың, және сезімдердің бір-бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.

Бірінші кезеңі - кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы- бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы(15-20ғ. )
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz