Абай мен Ыбырайдың педагогикалық - теориялық негіздері




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

Тақырыбы:
Абайдың, Ы.Алтынсариннің педагогикалық және
әдеби тағылымдарын оқушыларды тәрбиелеуде
пайдалану
Мазмұны:
Кіріспе

1 Абай мен Ыбырайдың педагогикалық-теориялық негіздері
1.1 Абай мен Ыбырайдың өнегелі өмірі мен биік таланты
1.2 Ыбырай мен Абайдың педагогикалық көзқарастары

2 А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсариннің педагогикалық және әдеби
тағылымдарын пайдалану

2.1 Абай мен Ыбырайдың шығармаларында оқушыларды рухани-
адамгершілікке тәрбиелеу
2.2 Абай мен Ыбырайдың патриоттық-тәрбиелік мұраларының жастарды
тәрбиелеуде пайдалану

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар
Кіріспе:
Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы жиырма жылдың
көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып
дүние жүзіне танымал болдық. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет,
тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру
арқылы жүзеге аспақ. Өркениет үлгісімен рухани жаңару үдерісінің күрделі сипатын
ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл үдерістің қазіргі таңда қалай жүріп
жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің
қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер үдерісін, маңызды ақпаратты халыққа
жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-
экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа
дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент
Н.Ә.Назарбаев . Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин мұрасы – халқымыздың
ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар
көзі. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың
қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік,
адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған[1, Б. 12].
Зерттеудің мақсаты: А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы
тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин әлеуметтік-қоғамдық
көзқарастары және шығармаларындағы рухани-адамгершілік
құндылықтарын айқындау;
- А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы
философиялық, педагогтық-ағартушылық, діни және
гуманистік ой-жүйелеріне талдау беріп, қазіргі жастарды
рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау;
1 Абай мен Ыбырайдың педагогикалық-теориялық
негіздері

1.1 Абай мен Ыбырайдың өнегелі өмірі мен биік таланты

Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық
жұлдыздай болып бағыт – бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың
тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Есімдері
мен еңбегі баршаға қымбатты, тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай
Алтынсарин, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев осындай жұлдызды есімдер
бар.
Ыбырай Алтынсарин– бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді,
жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған
көрнекті тұлға.
Абай Құнанбаев-ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби
тілінің негізгі қалаушысы, философ, саяси қайраткер.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында
дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы,
белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді [3, Б. 15].

Абай Құнанбаев 10 тамыз 1845 жылы қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының
болысы аға сұлтаны Құнанбайдың 4-ші әйелі Ұлжаннан туған. Абай 13 жастан бастап ел ісіне араласады[5, Б.
56].
1.2 Ыбырай мен Абайдың педагогикалық көзқарастары

Абай мен Ыбырай қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы
қарай алмады. Жоқшылық пен аш-жалаңаштыққа душар болған ауыл кедейлері
тұрмыс-тіршілігінің соншалықты ауыр екенін өз шығармаларында бейнелеген.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан бүкіләлемдік тәлім-
тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу,
мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс
тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне
жазған нұсқау хатында ол: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда
оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін
кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі,
шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп
түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер
оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді... Оқытушыларды
бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы жоқ сөздеріне қарап емес,
олардың біліміне қарап бағалау керек» - деп жазған[12, Б. 266-267].
Абай Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен
мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып,
өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді.
Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік,
көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын
айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-
дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу
сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің
қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең
болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп
ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен
мәніне ерекше тоқталады[13, Б. 218-222].
2 А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсариннің педагогикалық және әдеби
тағылымдарын пайдалану
2.1 Абай мен Ыбырайдың шығармаларында оқушыларды рухани-
адамгершілікке тәрбиелеу
Абай Құнанбаевпен мен Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың
бірі болып табылады. Олар өз шығармаларында педагогикалық көзқарасты, адамгершілік,
иманжүзділік, қайырымдылық, адалдылық, еңбекке, талаптылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
қасиеттерін негіздей отырып халыққа түсіндіруді көздеді.
Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А. Крыловтың мысалдарын, Л.H.
Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа әдемі
әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер,
мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. жолдас»,
«Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан
мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, алғашқы тілашар ретінде халықтың ауыз
әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби
шығармалары арқылы қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі
болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді.
Абай мен Ыбырайдың халқына әңгіме, аңыз, өлеңдер, шығармалар жазуының
басты себебі: халық қамын ойлайтын парасатты азаматтар қай елде болмасын бар,
жас ұрпақты еңбекке баулып, талапқа, өнер-білімді меңгеруге шақырып, тәлім-
тәрбие, үлгі-өнеге алуға бағыттайды. Мысалы, Абайдың «Ескендір» поэмасында көп
елді қырып, ханын өлтіріп, халқын талап, жазықсыз жандардың қанын дарияның
суындай шашқан қанішер, жауыз Ескендір патшаның шапқыншылық әрекетін
суреттей келе, ақыры темір қақпаға тепсініп келіп, тығырыққа тіреліп, қамалды ала
алмай, дағдарған патшаға біреу орамалға түйген адамның бас сүйегін сыйға тартады.
Оның мәнісін түсінбей ашуланған Ескендір ойшыл-ғалым Аристотелге жолығып,
жұмбақтың мәнісін сұрайды. Аристотель адам көзі тіршілікте ешнәрсеге
тоймайтынын, тек өлгенде бір уыс топыраққа ғана тоятынын айтады. Ақын атақ,
даңқ, байлық үшін жасаған жауыздықты ақыл-парасат,ізгілік жеңеді дегенді
қорытындылайды. Ы.Алтынсариннің «Мейірімді бала» әңгімесінде, 13 жасар қыз
патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін, патшаға арыз етіп,
өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала – шағаларын асырайтын
атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың
тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.
Қазақ әдебиеті тарихында табиғат лирикасы жанрының туындап, қанат жаюына
Абай мен Алтынсарин зор үлес қосты. Олар өзіне дейінгі ақындардың жыр мен
толғау, дастандарында табиғат көріністерінің жеке бөлінбей, түйдек-түйдегімен қоса
жырланып келген үлгілерін түңғыш рет жеке алып, түр мен мазмұн жағынан тың
сипат бере білді.
Ыбырайдың «Таза бұлақ» өлеңі: Абайдың «Жазғытұры» атты өлеңінде
Күн - күйеу, жер - қалындық сағынысты,
Жақындар құдайымның көктен күні, Құмары екеуінің сондай күшті...
Тең болар жарлықпенен күн мен түні. Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Аспаннан рақымменен күн төнгенде, Біреуіне біреуі қосылыспай,
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны Жер толықсып түрленер тоты құстай.[15, Б.
104-108].
Оқушыларды адамгершілікке тәрбилеу және білімге шақыру.
Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінен:
«Бір Құдайға сыйынып,
Кел,балалар,оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыннан
Іздемей-ақ табылар...»- жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор.
Абайдың қара сөздері оқушыларды тәрбиелеуде:

Абай өзінің қара сөздерінде,өлеңдерінде тәрбиенің маңызын көрсете білген.
Қазіргі жағдайда мектептерде Абайдың шығармашылығын оқушыларды
тәрбиелеу үшін пайдаланылады. Абай «Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-
анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді
болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол
естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса,
соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»— деп жоғарыдағы өлең
үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге
болады.
Абай «Жетінше сөзінде»: «... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек
керек, бұл жанның тамағы еді»,— деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз
ақынның бұл «жетінше сөзде» көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда
болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы
тамақтарын сіңдіру еді [23, Б. 98].
2.2 Абай мен Ыбырайдың патриоттық-тәрбиелік мұраларының жастарды
тәрбиелеуде пайдалану
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, А.
Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Абай мен Ыбырай өз қызметін
Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан
тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген
қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына,
мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына
деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты.
Жастардың патриотизмінің еңді бір қайнар көзі адамгершілік қасиеттер
болмақ. Бұл ойда алдымен бізге Абай мен Ыбырай түседі. Данышпан, қазақтың
ұлы Абайы мен ағартушы- педагогі Ыбырай, олардың өлеңдері мен ұлы түйінді
ойлары. Бұлардың барлығы да адамгершілік хақында. Жастарының тәрбиесіне,
халқының әдет-ғұрпына еркеше мән беріп, жазған асыл сөз арналары бүгіндері
адамгершілік бастауы іспеттес. Адам болып, алланы сүйіп, өмірде ғылым, білім
үйреніп, арам пиғыл күнәлардан арылып, мәдениетті елдердің озық үлгісін алуға
үйретті [25, Б. 155].
Қорытынды:

Егемен Қазақстан елінің өркениетті дамуында жас ұрпаққа тәрбие мен білім
берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарап, оны қоғам
талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы көкейкесті
мәселенің бірі. Қазіргі бетбұрыс кезінде әдебиет пен өнер аясында осы күнге
дейін белгісіз болып келген қаншама жұлдыздар жарқырай түсті! Қандай асыл
жандарды жасырған біздерден. Таңқалған жас ұрпақтың көз алдында қазақ
жерінде өніп-өскен бәйтерек пен арыстар айқын болды. Сол арыстардың бірі
Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин. Олар орыс және шығыс классиктерімен
қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашылар, бармағынан өнер тамған
сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткерлері, ағартушы, ғалымдар еді.
Ыбырай мен Абайдың қазақ әдебиетінде жазған өлеңдер жинағы, қазіргі
таңда оқушыларды тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді. Ыбырай мен Абай қазақ
әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Біз олардың жазған еңбектерін
мектепте бастауыш сыныптардан бастап оқимыз.
Абай мен Ыбырай қазақ жастарының ұлттық сезімдерін оятып, оларды
Отанды сүюге, тілін, дінін құрметтеуге итермеледі. Жастардың патриоттық,
елжандылық, отансүйгіштік сезімдерін оятты.
Қазіргі таңда, Қазақстанның патриотизмі жастардың қолында.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың « Қазақстанның болашағы - қоғамның
идеялық бірлігінде» дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс
жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да
даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенің мақтанышпен
сезіне алатындай іс- қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері
де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам
бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты
мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсетіндей істеген жөн».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә.:Қазақстан халқына жолдауы//«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»,Астана, 2007 жыл 28
ақпан.-12б.
3. Асқаров А: «Ұлы Тұранның ұлдары», -Алматы, 1998 ж.-15б.
5. Мұхтар Әезов: «Абай. Энциклопедия» – Алматы:Атамұра,2005ж,-56б.
12. Талжанов С: «Тұңғыш ағартушы және аудармашы»,Көкшетау, 1998 ж. Бастауыш мектеп, №2, 266 –
267б.
13. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары.Бала тәрбиесі-еліміздің
болашағы // Президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асырудағы мектепке дейінгі және
бастауыш мектептегі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың қазіргі бағыттары. - Семей, 2006.- 218-
222б.
15. С.Қалиев,Ж. Молдабеков, Б.Иманбекова: «Этнопедагогика»,Астана: Фолиант,2010.-104-108б.
23. Абай мен Ыбырайдың тәлім-тәрбиелік идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық
үрдіске ендіру. Арнайы курс бағдарламасы. – Семей: СМПИ, 2006. – 98б.
25. М.О.Әбдікәрімов.Ұлттық тәлім-тәрбие мазмұны Абай мен Ыбырайдың педагогикалық
идеяларында// Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Семей, 2006. -155б.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогиканың негізі ұлттық тәлім - тәрбие
Қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
ХІХ ғасырдың екінші жартысындаға балалар әдебиеті
Қазақ ағартушыларының педогогиканың дамуына қосқан үлесі
Қазақтың ағартушылық философиясы
Торғайдағы мұражай тарихынан
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуы
Этнопедагогика
Этнопедагогика туралы ақпарат
Пәндік білімін жетілдіру
Пәндер