Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу



Оқыту әдістері мен құрал жабдықтары

Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары Жоспары 1. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні 2. Оқу əдістерін топтастыру 3. Оқу құрал-жабдықтары 4. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу 5. Нақты бір тақырыпта оқыту әдісіне мысал

Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Оқыту әдістері - бұл оқушылар мен мұғалімдердің оқыту процесінде көрсететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы .
Әдіс - (грек тіл. ) тәсілі әрекеті, қызметі: мақсатқа жету жолы

Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.
Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары.
Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Оқу ережелері
Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) - оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.

Оқыту әдістерінің жіктелуі
(по ( Юрий Константин Бабанский)
1) әдістері ұйымдастыру және жүзеге асыру оқу-танымдық қызметі;
2) ынталандыру әдістері және оқу қызметінің мотивациясы;
3) бақылау әдістері және өзін-өзі бақылау, тиімді оқу-танымдық қызметі.

Оқу əдістерін топтастыру
Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер: - білім жинақтау əдісі; - ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі; - білімді қолдану, пайдалану əдісі; - білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.
2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-əрекеттік (практика) . Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді) ; көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады) . Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.

Əңгімелеу - оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру - бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат - оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі - қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді. Дəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады. Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.

Сөздік әдісте оқытушы сөз арқылы оқу материалын түсіндіріп баяндайды, ал оқып-үйренушілер тыңдау арқылы есте сақтап белсенді қабылдайды және меңгереді.
Педагогикадағы әңгімелесу - оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі - оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болу тарихы
Оқытудың белсенді әдістерін жандандырушы Я. А. Коменский, Ж. -Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, Г. Гегель, Ф. Фрёбель, А. Дистервег, Дж. Дьюи, К. Д. Ушинский және басқалары.

Дидактикалық алғышарттар
Проблемді оқу əдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің мəні - оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Мұндай əдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.
Проблемді оқу әдісі
Бөлшектеп ізденіс әдісі
Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады. Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді. .
Оқудың зерттеу əдісі - оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.
Оқудың зерттеу әдісі

Дидактикалық алғышарттар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz