Ұрғашы малдың жыныс мүшелері


Slide 1

Қазақ ұлттық аграрлық университеті “Ветеринария” факультеті “Акушерлік хирургия және малдардың өсіп-өну” кафедрасы “Ветеринарлық хирургия” пәні

Тақырыбы:Овариоэктомия және Овариогистеректомия

Орындаған:Тұрсынбаева Мадина

ВМ-308топ

Тексерген:Дюсекенова Нұрсауле

Slide 2

Ұрғашы малдарды пішу (ovariectomia)

Анатомо - топографиялық деректер . Ұрғашы малдың жыныс аппараты ішкі және сыртқы бөлімдерден тұрады.

Ішкі бөліміне: жыныстық бездер, жатыр түтіктері, жатыр, қынап

Сыртқы бөліміне: сарпай (жыныс ернеулері), қынап кіреберісі, шүртекей жатады.

Малдың өсіп-өну, төл беру қабілеті тек қана жыныстық жетілген кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныс органдарында, эндокринді аппаратта, бүкіл организмде өте күрделі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда ұрық безінде фолликульдер өсіп жетіле бастайды да, онда аналық ұрық клеткасы және жыныстық эстрогенді гормондар ( фолликулин ) пайда болады.

Бұл гормондардың әсерінен ( эстрон, эстрадиол ) ұрғашы малдардың өзіне тән ерекше белгілері айқындала түседі, жыныс органдары өсіп жетіле береді, мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы кезден бастап ұрық безіндегі овогенез процесі белгілі бір мезгілде әрдайым қайталанып отырады да, әбден қартайғанға дейін жалғаса береді. Сүт бездері де өсіп дами береді.

Аналықтарды (ұрпақ, сыздандыру ) түтікшелерін кесіп тастау. Аналық жыныс жолдарын байлап тастау немесе резекциялау тек иттерде қолданыс тапқан (күшіктеуіне жол бергісі келмейтін ит иелерінің өтініштері бойынша) олар сезімін, озбырлығын сақтап қалғысы келеді) .

Операция тәсілі - лапаротомияны ақ жол бойымен жасау ыңғайлы. Аналық жыныс жолын жатыр мүйізіне таман жерде сылып кеседі де оған жіп байлап кесіп алады, егер оны тілумен шектелсе кесінді тұқымынан эпителий өсіп шығын жол қалпына келеді, сондай-ақ жібек немесе кетгутпен байлап тастаумен шектелу де нәтиже бермейді, уақыт өте келе жол өткізгіштігі қалпына келіп отырады.

Аналық жыныс жолының қалпына келуін болдырмау үшін кесендінің жатырлық шетіне сірі-бұлшық ет тігісі салынады.

Slide 3

Ұрғашы малдың жыныс мүшелері. А-биенікі; Б-сиырдыкі; В-саулықтық; Г-мегежіндікі; 1-шүртекей; 2-жыныс ернеулері; 3- без түтікшелерінің тесігі; 4- қынап креберісі; 5- зәр шығатын тесік; 6- химен; 7-қынап; 8-қуық; 9- жатыр мойнының сыртқы тесігі; 10-жатыр мойны; 11- жатыр денесі; 12-ұрық безінің байламы; 13-ұрық безі; 14- ұрық жолы; 15-жатыр тармағы; 16-жатыр шарбысы (байламы) .

Slide 4

Овариоэктомия

Овариоэктомия - аналық жыныс безін алып тастау операциясы.

Жануардың мінез-құлқын өзгерту мақсатында. Бұдан басқа, қаншықтарда іріңді эндометриттердің, әсіресе сүт бездерінде ісіктердің пайда болу жиілігін төмендету туралы пікір бар. Жатырдың экстирпациясы кезінде овариоэктомия жасау ұсынылады.

Slide 5

Бекемдеу

Бекемдеу. Жануарды операциялық үстелде шалқасынан жатқызып бекемдейді. Операцияны жалпы анестезия арқылы орындайды.

Slide 6

Операция техникасы

Slide 7

Сиырларды және тайыншаларды пішу

Анатомо - топографиялық деректер. Сиырлардың аналық бездері сопақ түрді, қысқа шажырақайларға (мезоварий) ілініп қойылған, сол аналық без әрқашан оңынан азырақ болады, ересек сиырларда оң аналық бездің көлемі - ұзындығы 4-5 см, ені 2, 8 см дейін болады. Аналық бездер жатырлық кең будаларынан медиальды орналасады, мөлшері жамбас қуысына кіру деңгейінде, тек қана кәрі сиырларда олар одан тыс орналасады.

Жатырдың денесі кысқа, жатыр мүйіздері жамбас қуысының кірісінде орналасады. Жартылай кұрсақ қуысында болады, олар жатырлық кең будаға ілініп қойылған, иілген, артқа және жоғары бағытталған. Қынап бөлімінде жатырдың мойнында дорсальдық күмбездер болады - қынап күмбезі. Қынаптың алдыңғы бөлімі сырттан сероздық қабықпен жабылған, ол іш пердесінде тікішек жатырлық және күлдіреуік жатырлық тереңдетулерді құрастырады. Бұл учаскелер арқылы қынап жағынан овариектомияны жасағанда құрсақ қуысқа ену үшін қолайлы.

Қанмен қамтамасыз ету жэне иннервациясының ерекшеліктері шошқалардағыдай болады.

Slide 8

Көрсетулері

Көрсетуі. Өндіріске жарамсыз (ісіктер, аналық бездің склерозы, сары денелердің персистенттық кистоздары) сиырларды бордақылауын жақсарту және лактациялық дәуірін ұзарту үшін, етке шығарылған тайыншалардың жемдеуін жақсаруы. Бір аналық без зақымдалғанда, ұқсас сау органның компенсациялаушы (кикарлықты) функциясын тигізуін есепке ала, біржақтық овариектомия жасалады.

Slide 9

Операция тәсілдері

Операция тәсілдері аналық бездерге оперативтік жетілуіне тәуелді болады:1) кұрсақ қуысы арқылы овариектомия жас сиырларға және тайыншаларға бүйірі арқылы жүзеге асырады; 2) қынап арқылы овариектомия, қынап ені толық жетілген, тек қана есейген сиырларға орындалады, дорсальды немесе вентральды колпотомияны қолданумен (дорсовагинальды, вентровагинальдық тілімдермен) жүргізіледі.

Slide 10

Операцияға дайындау

Малды операцияға дайындау. Міндетті түрде 18-24 сағаттық аш диета. Операцияның алдында қуықты және тік ішекті босатады. Құрсақ қабырғалар жақтан жетілуде операция жасайтын орнының жүнін қырып, хирургия дайындау ережелерімен мұқият зарарсыздандырады. Қынап жағынан операцияны жасағанда оны антисептикті ерітіндімен жуып тазартады, сыртқы гениталиді, оның шеңберін және құйрықты сабынмен мұқият тазартып жуып, кептіреді және теріні 5%- тік йод ерітіндісімен өңдейді. Қынапта және жатырда іріңді катаралдық қабынуы барысында колпотомияны істеуге болмайды.

Slide 11

Бекемдеу

Станокта бекіту. Бір көмекші мұрын қысқыштарының қолдануымен басты ұстап тұрады, ал екіншісі құйрықты шетке немесе жоғары қайырып ұстайды. Бұзауларды оң жағына жатқызып, сол жамбас аяғын бұрып бекітеді.

Slide 12

Жансыздандыру

Жансыздандыру. Нейролептикқа 2% - тік рометар немесе ромпун ерітіндісін қолданады. Операцияны аналық бездерге қынап арқылы жасағанда аласа сакральді жансыздандыруды қолданады, оның арқасында қынап қабырғалары күшпен жиырылып, оны тесу жеңілдейді. Колпотомияна ең болмағанда жансызданусыз жүзеге асыруға болады. Кейбір авторлар ұсынылған мезовариді анестетик ерітіндісімен өңдеу тәсілі операция барысында практикалық мағыналар болмайды.

Slide 13

Операция техникасы

Ана бездеріне құрсақ арқылы жетілу аш шұңқыр аумағынан болады. Бел омыртқалардың өсінділерінің 8-10 см ара қашықтықтан бастап, аш шұңқырдың орталығында теріні, үстіңгі және сары құрсақ фасцияларын ұзындық көлемі 12-15 см мөлшерде кеседі. Қарынның сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық етін оларды талшықтардың жүруімен ажыратады. Іш пердесін көлденең фасция бүрмесімен бірге іскекпен қысып алып, оның тартып сыртқа шығарып қайшымен кесіп тастайды, содан кейін саусақтардың қорғанышымен кесуді қайшымен кеңейтеді. Құрсақ қуысының артқы бөліміне енгізілген қолмен, жатыр мүйіздерін бойымен бағыттай, жатырдың оң мүйізін аналық безімен бірге жараға тарта әкетеді. Мезоварийге шынжырлы экразердың ілмегін немесе эмаскуляторды салып аналық безді алады. Ұқсас тәсілмен сол аналық безді алады. Іш пердесін, көлденең фасцияны, көлденең бұлшық етті және қарын қиғаш бұлшық еттерін кетгутпен тігіп қояды. Тігілген қабаттардың бетіне антибиотик немесе күрделі бактерициттік ұнтағын себеді. Құрсақ қабаттарын жартылай тігіп қоймауға болмайды, себебі операцияның арты жарықпен асқынуы мүмкін. Теріге және сары құрсақ фасциясына түйінделген тігісті салады, оны 10 күннен кейін шешеді.

Slide 14

Операцияға қажетті құралдар

Slide 15

Ұрғашы малдарда пішуден кейін болуы мумкін шиеленісулер

Қан кету. Сыртқы айналма бүйір артериясы зақымдалғанда пайда болады. Қан кетуін операция кезінде тамырды торзильдеп немесе лигатура салып токтатады.


Ұқсас жұмыстар
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТАЛЫҚ МАЛДЫҢ ЫҚПАЛЫ
Жыныстық циклдің өтуіне экологиялық және климттық жағдайдың, азықтандырудың, күтіп- бағудың, аталық малдың тигізетін әсері
Малдың жыныстық жетілуі
Қотыр кенелері және оларға қарсы ветеринариялық санитариялық шаралар
Сарып (некробактериоз)
Күйіттеуші малды пайдаланудың маңызы
Жыныстық цикл
Персистентті сары дене
Ірі қара малының трихомонозы
Ірі қара трихомонозы дүнне жүзі елдеріндеінен тараған ауру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz