Ұлыбританияның экономикалық жағдайы
Презентация қосу
ХІХ ғ соңын мен ХХ ғ
соңындағы Еуропа және
Солтүстік Америка елдері
Орындаған: АжБ 16-09к тобының 1 курс студенті
Адилбекова А.
Тексерген: Ертісбаева С. Б
Жоспары:
Ұлыбританияның экономикалық жағдайы.
Францияның саяси және экономикалық жағдайы.
Германядағы экономикалық даму. Өндірісті
механизациялау.
Италиядағы саяси және қоғамдық құрылыс.
Ресей империясының экономикалық жағдайы,
өнеркәсібінің дамуы.
АҚШ-тың экономикалық дамуы.
Ұлыбритания
ХIХ ғасырдың соңғы он жылында Ұлыбритания экономикасы жедел дамыды. Оның негiзгi
себебi: 1. Өндiрiстiк төңкерiс аяқталып, өнерк.сiп шаруашылығы жаңа құралдармен жабдық-
талып, өндiргiш күш тез өстi. Шет елде ағылшын қаржысы үстем болды. Ұлыбритания
отарлық империя ретінде өз отарларында үстемдiкке ие болды. Халықаралық сауда жүйесi
ағылшын монополиясының қолында болды. Ұлыбританияның бақталас елдерi болмады.
Ұлыбритания дүниежүзiндегі бiрден-бiр империя болды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Англия өнеркәсіптік монополиядан
айырыла бастаған, көбінесе экстенсивті түрде дамыған мемлекет болды. XIX ғасырдың соңы
мен XX ғасырдың басында Англияның өнеркәсіп өндірісі 2 есе дерлік өсті. XX ғасырдың
басында ел өзінің ең ірі отарлық империясын кеңейте берді. Бұрынғысынша дүние жүзіндегі
барлық сауда флотының 40 процентке жуығы Англияның қолында болды, ал оның
шетелдердегі күрделі қаржысы Франция мен Германияның шетелдердегі күрделі қаржысын
қосып есептегендегіден асып түсті. Бірақ өнеркәсіп өндірісінде АҚШ пен Германия оны
басып озды, сөйтіп, Англияның дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 2 еседен аса, ал
дүниежүзілік саудада — 70% дерлік кеміді. Ал бірінші дүниежүзілік соғыста жеңімпаздар
қатарынан көрінгенімен Ұлыбританияның экономикасы дағдарысқа ұшырады.
Әлеуметтік жұмыс ретінде кәсіп XIX-XX ғасырлар тоғысында пайда болды. Осы уақытта,
алғашқы мектеп болды Құрама Корольдігінің, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Швеция,
әлеуметтік жұмыс және басқа жерде. Әлеуметтік жұмыс бастапқыда көмектесе құралы
ретінде пайда қиын жағдайға тап адамдар, мысалы, олардың жұмыс орындарын жоғалтты,
тұрғын үй, және т.б., дене немесе ақыл-ой жарақат алды
Жаңа парламент сайлауы қарсаңында саяси күштердiң ара салмағы реформалық жолды
қолдаған Лейбористiк партия жағына ауысты. Бұдан бұрынғы реакциялық бағыт ұстаған
партиялардың халық арасында беделi түстi. Лейбористер сайлау қарсаңында өз
бағдарламаларын жариялады. Онда бiрiншiден, елде әлеуметтiк-экономикалық реформа
жүргiзу, яғни жалпы ұлттық бiрыңғай жалақы, салық реформасы, жұмыссыздықты азайту,
жол құрылысын жүргiзу, тұрғын үй мәселесiн шешу, әлеуметтiк қорғау, жалпыға бiрдей
сайлау заңын жетiлдiру сияқты мәселелер көтерілді. Сыртқы саясатта КСРО-ны елшiлiк
деңгейде мойындау да маңызды мәселе ретінде қарастырылды. Лейборист партиясының
жетек-шiсi Рамзей Макдональд «Таймс» газетiне берген сұхбатында: «Заңдылықты сақтай
отырып, реформа арқылы, еңбекшi ха-лықтың қолдауына сүйенген мұндай партия бұрын-
соңды елде болған емес» - деді.
1923 жылы желтоқсан айының 6-ы күнi кезектен тыс парламент сайлауы болды. Сайлауда
лейбористер партиясы iрi жеңiске жеттi. Оларды 4,5 млн сайлаушылар қолдап, парла-ментке
191 депутат өткiздi. Сайлаудан кейiн 1924 жылы қаңтар айының 22-і күнi Ұлыбританияда
тұңғыш рет лейбористiк партия үкiмет құрды. Бiрiншi лейборист үкiметiнiң премьер-
министрi Рамзей Макдональд болды.
Жаңадан құрылған үкiметтiң көбi оңшыл лейбористер болды. Сондықтан олар
монополиялық буржуазияның мүддесiне сәйкес саясат жүргiзе бастады. Солшыл
лейбористер үкiметтiң құрамына кiре алмай қалды. Олар үкiметті сайлау алдындағы
әлеуметтiк-экономикалық реформаны iске асыруға шақырды. Елде еңбекшi халықтың
қозғалысы етек алып, сол-шыл лейбористердiң талабын қолдады. Р.Макдональд үкiметi
сайлау алдындағы көптеген уәделерiн орындаудан бас тартты. 1924 жылы ақпан айында
КСРО-ны мойындап, екi ел арасында сауда жасау туралы келiсiмге қол қойылды.
Зейнеткерлер мен мүгедектерге зейнетақы мөлшерiн өсiрдi, жұмысшыларға арнап тұрғын үй
салуды қолға алды.
Франция
1917 жылдың қараша айынан 1920 жылдың қаңтар айына дейін Франциядағы министрлер кабинетін
екінші рет радикал Жорж Клемансо басқарды. Соғыстың аяқталуына аз қалған кезде билікке келген ол
үкімет билігін герман армиясына қарсы бағыттады. Соғысты жеңіспен аяқтау үшін бар күш-жігерін
жұмсады, сондықтан да оған «Жеңістің әкесі» деген құрметті атақ берілді. Францияда соғыстан кейін бас
көтерулер көбейе бастады. 1919 және 1920 жылдардағы «Ұлы қақтығысқа» 2 млн. аса адам қатысты.
Үкімет басындағыларға еңбекшілердің талаптарын мойындауына тура келді. 1919 жылдың көктемінде
көтерілісшілердің талаптары мен ұсыныстарын қамтыған екі заң жобасы қабылданды. Оның бірі – 8
сағаттық жұмыс күнін бекітсе, екіншісі – кәсіподақтың кәсіпкерлермен ұжымдық келісімге келу
мүмкіндігін берді. Клемансоның сыртқы саясаттағы басым бағыты Кеңестік Ресейге қарсы соғысқа
бағытталды. Франция, Англия және АҚШ ақтарды белсенді түрде жақтап, 1918 жылдың күзінде Ресейге
қарсы қарулы интервенцияны бастады.
Алексаандр Мильераан (фр. Alexandre Millerand) (10 ақпан 1859 жылы, Париж, — 7 сәуір 1943 жылы,
Версаль) — француз қайраткері, Франция президенті (1920—1924).Саяси мансабын буржуазиялық
радикал ретінде бастады. 1885 ж. парламент депутаты. 90 жылдың басында социалисттік қозғалысқа
қосылып, оңшыл бағыт ұстады, реформашыл саясатты жақтады. 1899 ж. сауда және өнеркәсіп министрі
ретінде үкімет құрамына кіріп, капиталисттік құрылысты белсенді түрде қорғады. Бұл социалистің
тарихта тұнғыш рет буржуазиялық үкіметке қатысуы еді, және бұл мильеранизм деген ұғымның пайда
болуына себеп болды. 1904 ж. Француз социалистік Партиясынан шығарыды. 1909-10, 1912, 1913, 1914,
1915 ж. түрлі министрліктерде министрдің қызметін атқарды. 1920 ж. қыркүйектен қаңтарға дейін
Министрлер Кеңесінің төрағасы және сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Александр Мильеран
Кеңес Одағына қарсы интервенцияны белсене ұйымдастырушылардың бірі болды. 1920-24 ж. республика
президенті, 1925-27 ж. сенатор.
Мильеранизм, министериализм, «министрлік социализм»[1] — социалист Александр Мильераның 1899 ж.
француз буржуазиялық үкіметінің құрамына кіруімен байланысты ұғым. Владимир Ильич Ленин
«француз мильеранизмі – ревизионистік саяси практиканың кең, шын мәнінде ұлттық көлемде
қолданылуының ең ірі тәжірибесі...» деп баға берген. 2-ші Интернационалдың Амстердам конгресі (1904),
оппортунистердің қарсылығына қарамастан, социалистердің буржуазиялық үкіметке қатысуына қарсы
ГерманияСлайд 8
Германияның экономикалық-саяси тұрақтануы елде iрi буржуазияның империалистiк бағыттағы
сыртқы саясаттың қалыптасуына әкелдi. 1924 жылғы желтоқсан айындағы рейхстаг сайлауында iрi
буржуазия партиялары жеңiске жеттi. Германияның канцлерi Лютер үкiмет құрды. Үкiметтiң
құрамында iрi буржуазия болды. ГСДП-сы бұрынғыша оппозицияда қалды. 1925 жылы елдiң
президентi Эберт өлiп, оның орнына реакциялық топтан кайзер генералы, монархияны жақтаушы
Гинденбург сайланды. Германия үкiметiнiң сыртқы саясаты Версаль бiтiмiн жою үшiн күреске шығып,
қайта бөлу бағытында жүргiзілдi. Лютер үкiметi елдегi фашизмге арқа сүйеп, ұлтшылдық саясатты
жалғастырды. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлттық
социалист неміс жұмысшы партиясын (НСДАП – немiс сөзiнен қысқартылған) құрды. Капитализмнiң
уақытша тұрақтану кезiнде Германияның сыртқы саясаты нығайып, АҚШ үкiметiнiң қамқорлығына
бөлене бастады. 1924 жылы Лондон конференциясында «Дауэс жоспары» Германияның репарациялық
төлеуiн жеңiлдетiп, iшкi экономиканың тұрақтануына әкелдi. 1925 жылы Локарно конфе-ренциясында
Франция, Бельгия және Ұлыбритания Германияның батыс шекарасының қау iпсiздiгiне кепiлдiк бердi.
Сөйтiп, Германияның империалистiк топтары шығыс саясатын еркiн жүргiзуге мүмкiндiк алды да, 1926
жылы Ұлттар лигасына толық мүшесi болып қабылданды. Империалистiк елдердiң қолдауымен 1927
жылдан бастап Германияға қойылған әскери шектеу алынып тасталды. Германия өзiнiң армиясын
көбейтуге және қаруландыруға қол жеткiздi және Рур облысынан Франция мен Бельгия әскерлерiн
шығаруға келiстi. Версаль бiтiмiндегi әскери шектеу тежеле бастады. Германияның сыртқы iстер
министрi Штреземан «Рапалло келiсiмiн» пайдалана отырып, КСРО елiмен достық қатынасты дамыта
түстi. Сөйтiп Батыс пен Шығыс елдері арасында екi жақты саясат жүргiзд i. Кеңестiк Ресеймен сауда-
экономикалық қатынастың дамуын Германиядағы демократиялық күштер ГКП-сы мен жұмысшы табы
қолдап отырды. Германия импе-риалистiк елдер арасында бiрiншi болып Кеңестiк Ресеймен достық
қатынас орнатқан ел болды. Рапалло келiсiмiнен кейiн 1925 жылы Герман-Кеңес сауда келiсiмiне қол
қойылса, 1926 жылы екi ел арасында бейтараптық келiсiмге қол қойылды. Штреземан жүргiзген екi
жақты саясат Германияның экономика-сауда қатынасының дамуына, Еуропадағы бейбiтшiлiкті сақтауға
мүмкiндiк жасады.
Германиядағы революцияның болуына 1848 жылы Францияда болған революциясы түрткі болды. 1848 жылғы
наурыз айында Берлин қаласында қарулы көтеріліс өтті. Патшалар мен князьдар уақыт жеңу үшін Майндағы
Франкфурт қаласында федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгерманиялық Құрылтай
жиналысын шақыруға келісім берді. Демократиялық конституцияның жобасы іс жүзінде енгізілмеді, ал 1849
жылы жиналған делегаттар Вюртемберннің үкіметімен таратылды. 1850 жылы қабылданған конституция
феодалдық басшылардың мүддесіне сәйкес келді. Елде екі палаталық заңшығарушы орган құрылды.
Парламенттің (ландтаг) заңшығарушы билігі абсалюттік вето құқығы арқылы патшаның билігін шектеді.
Үкімет құрамындағы министрлер Ландтагқа бағынысты емес еді, сол себептен оларға сенімсіздік вотумы
қорқыныш тудырмайтын. Пруссия канцлері Отто Бисмарк өз әскеріне бюджеттің 51 ден 22 млн. талерін
жұмсап отырды. Алайда, канцлердің бұл әрекеттері 1866 жылы Пруссияның Австриямен соғыста жеңіске
жетуімен кешірілді. Соғыстың нәтижесінде Пруссияға бірқатар солтүстік-германдық мемлекеттер қосылды,
соның ішінде: Ганновер, Гессен-Кастель, Ниссау, Майндағы Франкфурт мемлекеттері болды. Шлезвиг пен
Гольштейн 1864 жылы Даниямен соғысқаннан кейін қосылды.1866 жылы Герман одағының орнына
Мемлекеттердің солтүстік-германдық одағы құрылды. Жаңа мемлекет 1867 жылы жаңа конституция
қабылдады. Оған сәйкес, Одақты басқару пруссиялық патшаға (президентке), канцлерге және екі палатаға
берілді. Төменгі палата жалпы сайлау құқығының негізінде сайланды. Одаққа келесі оңтүстік-германдық
мемлекеттер енбеді: Бавария, Саксония, Вюртемберг. Оларды күштеп біріктіруге Франция кедергі жасады,
себебі, Франция үшін Германияда қуатты біртұтас мемлекеттің құрылуы тиімсіз еді. 1870 жылы Пруссия
Франциямен соғыстың басталуына себепкер болды. Франция жеңілді, ал Пруссияға оңтүстік-герман
мемлекеттерін біріктіруге мүмкіндік туды. Осылай, Еуропаның орталығында жаңа мемлекет — Герман
империясы пайда болды. 1862 жылы қазанның басында Бисмарк министр-президент және сыртқы істер
министрі болып ресми түрде тағайындалады. Сол сәттен, ол 28 жыл бойы алдымен Пруссияның, кейін Герман
империясының саясатын жүргізді. Өзінің алғашқы ресми сөзінде, «тарихтың ұлы мәселелері сөздер мен
жарғылармен шешілмейді… Олар қан мен темірмен шешіледі» деген жиі қайталанатын сөздерін айтады. «Қан
мен темір саясаты», «темір канцлер» – саяси және тарихи әдебиеттегі бұл ұғымдар Бисмарк бейнесін
елестетеді. Дания Бисмарк саясатының бірінші құрбаны болды. Даниямен соғысты, Бисмарк Шлезвиг пен
Гольштейннің бірігіп, Герман одағында тағы бір тәуелсіз мемлекеттің пайда болуын болмырмау үшін бастады.
Бұл соғыста, ол қайта ұйымдастырылып, үлкейген Пруссия армиясын сынамақ болды. Данияға шабуыл
ұйымдастыру сәті дәл таңдалынды. Бірнеше күнде Пруссия Данияны басып алды. Аустрия Пруссия жеңісінен
кейін, өзіне де пайда түсіруді көздеп, Пруссияға қосылады.
Италия
1919 жылдың басынан бастап, Италияның басқарушы тобының арасында бірлік болған жоқ.
Буржуазиялық диктатура жүйесінде дағдарыс туды, мемлекеттің өкімет органдары бұзылды. Әскер
мен полиция елдегі наразылықты баса алатын күш болудан қалған еді. Осы жағдайда басқарушы
топтың бір бөлігі социалистік партия, әлеуметтік базасы бәсекеге түсе алатын буржуазиялық партия
құруға ұмтылды. Осы мақсатта 1919 жылдың қаңтарында Халық партиясы құрылды. Оның
бағдарламасы: помещик иеліктерін сату арқылы шаруаларға бөліп беру; буржуазиялық-
демократиялық реформа жүргізу т.б.
"Италияның вашистік ұйымдары" 1919 жылдың көктемінен құрыла бастады(Фашизм- италияның
"Фашио" деген сөзінен шыққан мағынасы- бума, одақ, бірлестік дегенді білдіреді). XIX ғасырдың
соңында Сицилиада помещиктерге қарсы шаруалар ұйымы қалыптасты. Бұл эмблеманың мәні- "бір
сабақты сындыру оңай, ал бір бума сабақты сындыра алмайсың". Яғни күрыс нәтежиелі болу үшін,
бірлік қажет деген сөз. Бұл терминді бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарулы фашист топтары
наразыларға қарсы күресте пайдаға асырды. 1919 жылы наурызда Милан қаласында бірінші
жалпыұлттық фашистік жиын өтті. Онда фашистік әскери отрядтар одағы құрылды. фашистер
одақтары- кез келген қылмысқа даяр тұратын бұзақылар мен қылмыскерлерден, азғындаған
элементтерден құрылды. "Фашистік топтар" Біржуазия мен помещик топтпрының өкілдері күшті
билік керек дегенді сылтау етіп, фашистік топтарды ашықтан-ашық қолдады. Фашистік топтарды, ал
кейін фашистік партияны құрумен Бенито Муссолини айналысты. Ол көпірме сөздермен қала мен
қыстақтардан ұсақ біржуазияны, жұмысшылардың артта қалған топтарын өз қатарына тарта білді.
Фашистер "Жер шаруаларға берілсін!", "Сұрқия біржуазия мен ұлттық қанаушылар жойылсын!"
деген ұранды көтерді. 1920-1921 жылдардағы Италияның соғыстан кейінгі экономикалық және саяси
дағдарыс жағдайын пайдаланған фашистік қозғалыс лаңкестік әрекетке көшіп, тез қарқын ала
бастады. Жұмысшы ұйымдарының мекенжайын өртеу, солшыл партияшылдар мен кәсіподақ
белсенділерін өлтіру, өкіметтің жергілікті органдарын қудалау күшейе түсті. Муссолини өнеркәсіп
иелері мен жер иесі ақсүйектер жағынан күшті қолдау тапты. Либералдық біржуазияның орта бөлігі
және оның Джолитти секілді.
Ресей империясы
Ресей империясы - 1721 жылдың 22 қазанынан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін болған
мемлекет.
Бірінші орыс төңкерісі – Ресей империясында экономикалық және саяси дағдарыстың
салдарынан 1905-07 ж. болған революция. 1905 ж. 9 қаңтарда Санкт-Петербургтегі "Қанды
жексенбі" оқиғасынан бастау алған Б. о. р. кезінде елде демокр. республика орнату,
помещиктердің жерін тәркілеу, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұлттық теңдікті қамтамасыз ету
туралы ұрандар көтерілді. Төңкеріс жылдарында 24 мыңнан аса жұмысшылар ереуілдері, 18
мыңға жуық шаруалар көтерілісі болды. Оған 270 әскери гарнизондардың солдаттары мен
матростары қатысты. Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев, Одесса секілді, т.б ірі қалаларда
жұмысшылар кеңестері құрылды. Төңкерістің өрши түсуі Ресей патшасын 1905 ж. 17 қазанда
манифест жариялауға мәжбүр етті. "Бостандық манифесі" атанған бұл құжат конституциялық
монархияны заңды түрде бекітті, соның нәтижесінде біршама демокр. бостандық негіздері
жүзеге асырылды. Мемлекеттік дума шақырылды. (қ. Бірінші Мемлекеттік Дума, Екінші
Мемлекеттік Дума). Б. о. р. қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сатыға
көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес болса, ең алдымен патшаға, отарлық билікке
петиция (арыз-тілек) жазып тапсыру түрінде көрінді. Слайд 11
1906-1917 жж. Ресей империясының заң жөнінде кеңес беретін заң шығарушы құқықтары
шектеулі уәкілетті мекемесі. Мемлекеттік дума Бірінші орыс төңкерісі нәтижесінде
демократиялық даму жолындағы өзгерістерді енгізуге мәжбүр болған Ресей патшасының 1905
ж. 17 қазанда жариялаған манифесі негізінде құрылды. Мемлекеттік дума төрт рет шақырылды.
Қазақ халқы оның тек екеуіне қатысты. I және II Мемлекеттік думаға қатысқан қазақ
депутаттары Ресей парламентіне өз аймақтарының көкейкесті мәселелерін жеткізуге тырысты.
Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық
Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне
жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша
жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917
жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы
реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі
Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен
аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында
Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын
шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы
шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді.
Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған
шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін
болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына
жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда
жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15
жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс
аударушылардың пайдасына қазақтардың
иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы
жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге
қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық
реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан
астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.
АҚШ
Теодор «Тедди» Рузвельт (ағылш. Theodore Roosevelt, МФА 27 қазан 1858 —
6 қаңтар 1919) — америкалық саясаткер, АҚШ-тың 25-ші Президенті, 1901-
1909 жылдар арлығындағы АҚШ-тың 26-шы Президенті, Республикалық
партияның өкілі, 1906 жылы әлемдік Нобель сыйлығының иегері.
Терминдер:
Капитализм – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам
тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал
немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-
экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша,
Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын
(пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі
болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін
қоғами құрылыс.
Реформизм - революцияның қажеттілігін жоққа шығаратын, таптық
ынтымақтастығын жақтайтын және рефорлар көмегімен капиталистік
қоғамды «жалпыға ортақ игілік» және әлеуметтік әділеттік қоғамына
айналдыруды көздейтін немесе бірқатар реформалар жасау жолымен
буржуазиялық қоғамдық жүйе шегінен шықпай оның «социализмге»
эволюциялық «енуін» қамтамасыз етуді көздейтін саяси ағым.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz