Сыртқысаясат саясат


Slide 1

1960-2009 жылдар аралығындағы АҚШ

Орындаған: Ажб 16-09к тобының білім алушысы Адилбекова Аружан

Slide 2

Жоспар:

Д. Кеннедидің «Жаңа шептер» саясаты

1960-1970 жылдары ішкі және сыртқы саясат

ХХ ғ аяғы мен ХХI басындағы АҚШ. Билл Клинтон

Кіші Джорш Буштың әкімшілігі

2008 ж сайлау, демократтардың билікке келуі. Барак Обама

Slide 3

Джон Фицджералд Кеннеди

АҚШ-тың 35-президенті

Slide 4

Д. Кеннедидің «Жаңа шептер» саясаты

Джон Фицджералд Кеннеди 1941 - 45 ж. АҚШ-тың Тынық мұхиттағы Әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1945 ж. журналистикамен айналысты. 1947 - 53 ж. АҚШ Конгресінің төменгі палатасының депутаты, 1953 - 61 жылы сенатор, 1961 - 63 ж. АҚШ президенті болды. “Жаңа шептер” деп аталатын бағдарлама ұсынып, онда АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын әлемдегі күштердің арасалмағының өзгеруіне қарай бейімдеп жүргізуді көздеді. АҚШ пен НАТО-ның соғыс қуатын арттыруға және “коммунизмді тежеу” үшін басқа елдерге экон. көмек беру арқылы идеологиялық ықпал жасауға тырысты. Өмірінің соңғы жылдарында халықар. даулы мәселелерді бейбіт келіссөздер арқылы шешуге, КСРО-мен неғұрлым оңтайлы қарым-қатынас жасауға әрекет етті. Ол өте еңселі биік адам болды . 1963 ж. тамызда жерде, әуеде және суда ядр. қаруды сынауға тыйым салу жөніндегі Мәскеу шартына қол қойды. Соңғы саясаткерлер Джон Кеннедиді АҚШ президенттерінң ішінде халықаралық проблемаларды ең оңтайлы шешетін президент ретінде таныды . Саяси қарсыластары тапсырмасымен жасалған қарақшылық салдарынан қаза тапты. Кейін ағасының ісін жалғастырып, АҚШ президенттігіне сайлауға түскен оның інісі Р. Кеннедидің (1925 - 1968) де қазасы кісі қолынан болды.

Slide 5

1960-1970 жылдары АҚШ саясаты

Саясат

Ішкі саясат

Сыртқы саясат

Slide 6

Сыртқы саясаты

1970-жылдардың соңында АҚШ экономикасы бұрын-соңды мұндай тұрақсыздық жағдайға түспеген болатын. Дәл осы кезеңде «Американың экономикалық қайта өрлеуі» атты бағдарлама дүниеге келген еді. Бұл бағдарламаның негізінде мемлекеттің реттеушілік әлеуетін күшейту сол арқылы капиталистік бәсекені арттыра түсу көзделді. Бұл экономикалық саясат «рейганомика» деп аталып, оны президент Рональд Рейган әкімшілігі жүзеге асыруға құлшына кірісті.

Рональд Уилсон Рейган Дуайт Д. Эйзенхауэрдан соң екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі американдық тарихта екі президенттік мерзім бойы билік етіп, өз лауазымынан жоғары қоғамдық беделге ие болған екінші президент болатын.

Slide 7

Билл Клинтон

АҚШ-тың 42-ші президенті (1993-2001)

Slide 8

1974 ж. АҚШ конгресіне Демократиялық партия атынан сайлауға түсті. 1976 ж. Арканзас штатының бас прокуроры болып сайланды. Осы жылы Президент сайлауы кезінде Арканзас штатынан Дж. Картерді қолдау науқанын басқарды. 1978 - 80 ж. және 1982 - 92 ж. Арканзас штатының губернаторы болып сайланды. Ол соңғы 40 жыл ішіндегі АҚШ-тағы ең жас губернатор болатын. Губернатор қызметінде жүргенде реформа жасап, өндіріске салық жеңілдігін енгізді. Осындай іс-шаралар арқылы 1986 - 87 ж. АҚШ губернаторлары ұлттық ассоциациясының төрағасы болып, жалпыамерикалық көлемдегі саясаткерге айналды. 1991 ж. ол Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды, сөйтіп, 1992 ж. қарашада өткен сайлауда өз қарсыласы Дж. Бушты айқын басымдылықпен жеңді. 1996 ж. екінші рет сайланды. Президент ретінде Клинтон білім беру жүйесін жетілдіру, жұмыссыздықпен күрес және т. б. әлеуметтік шаралар үшін әскери шығындарды қысқарту есебінен 700 млрд. долл. қосымша қаржы бөлдірді. Бірақ оның денсаулық сақтау жүйесін реформалау жөніндегі ұсынысы Конгресте республикашыл партия депутаттары тарапынан өтпей қалды. Сыртқы саясатта АҚШ-тың әлемдегі жетекші мемлекет ретіндегі рөлін арттыру саясатын жалғастырды. 1993 ж. Клинтонның тікелей қатысуымен Израиль мен Палестинаны азат ету ұйымы арасында, 1994 ж. Израиль мен Иордания арасында келісімге қол қойылды. 1995 ж. АҚШ-тың араласуымен Босния жанжалы бейбіт жолмен шешілді және Клинтон бірнеше рет Солтүстік Ирландияда қарсыласушы жақтарды келісім үстелі басына отырғызуға әрекет жасады. Бірақ Сомали мен Гаитиге АҚШ әскерлерін енгізу және НАТО-ны Шығысқа қарай жылжыту саясаттары сәтсіздікке ұшырап, әлемдік қауымдастық тарапынан қатал сынға ұшырады. Клинтон АҚШ мемлекетінің басшысы ретінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевпен бірнеше мәрте кездесу өткізді. Оның президенттігі тұсында АҚШ Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі серіктес деп таныды.

Slide 9

Джордж Уокер Буш (кіші)

43ші Америка Құрама Штаттары президенті, 1995 - 2000 жылдары Техас штатының губернаторы.

Slide 10

Буш, Джодж Герберт Уокер (ағылш. George Herbert Walker Bush 12. 6. 1924, Массачусетс штаты, Милтонда туған) - АҚШ 41-ші президенті (1989-1993 жылдары), Рональд Рейган кезінде вице-президент (1981-1989 жылдары), конгрессмен, дипломат, Орталық барлау басқармасының директоры. Республикалық партиясының мүшесі. , Американың мемлекет қайраткері, кіші Джордж Буштың әкесі. Қазір тірі АҚШ Президенттерінің ең егдесі.

Массачусетс штатында сенатор және нью-йорктік банкир Прескотт Буш пен Дороти Уолкер Буштың отбасында дүниеге келген. Солтүстік-шығыс штаттардың ықпалды саяси және іскерлер отбасында дүниеге келген. Йель университетін бітірген (1948) . 1967 - 71 жылы АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының мүшесі, 1971 - 73 жылы БҰҰ-дағы АҚШ өкілі, 1976 - 77 жылы Орталық барлау басқармасының директоры, 1981 - 89 жылдары АҚШ-тың вице-президенті, 1989 - 93 жылдары президенті болды. Мұнай бизнесінің мүддесін білдіруші өкіл ретінде өзінің саяси мансабын республикалық партиядан бастаған. Буш ішкі саясатта - нашақорлықпен күресуге, жаңа америкалық мектеп құру жобасын енгізуге, сыртқы саясатта - халықартардың қауымдастықты күшейтуге, Парсы шығанағындағы дағдарысты реттеуге ұмтылды. Буш президент болған кезеңде АҚШ алғашқылардың бірі болып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін танып, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1992 жылы алғаш рет екі мемлекет арасында сауда жөніндегі келісімге қол қойылды. 1992 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарында Бушпен кездесіп, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа қол қойды

Slide 11

Барак Обама


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағдарлама
САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ЖҮЙЕСІНДЕ
Саясат философиясы
ҚАЗЫНАЛЫҚ САЯСАТ
Құралдары САЯСАТ
Саясат және дін
Салықтық саясаттың міндеттері
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Саясат дегеніміз не
Саясат субьектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz