Тарихи-географиялық аймақтар және дүниежүзілік саяси картаның қалыптасу кезеңдері


Slide 1

Тарихи - географиялық аймақтар және дүниежүзінің саяси картасы

Орындаған: Камалиева д.

Slide 2

Тарихи - географиялық аймақтар

1. Батыс Еуропа 9. Латын Америкасы

2. Шығыс Еуропа 10. Солтүстік Африка

3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 11. Батыс Африка

4. Оңтүстік-Батыс Азия 12. Орталық Африка

5. Оңтүстік Азия 13. Шығыс Африка

6. Орталық және Шығыс Азия 14. Оңтүстік Африка

7. Оңтүстік-Шығыс Азия 15. Аустралия

8. Солтүстік Америка 16. Мұхит аралдары

Slide 3

Тарихи - географиялық аймақтар

Қазіргі заманғы әлем - әртүрлі табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының, алуан түрлі мәдениетінің, сан салалы экономика мен әр бағыттағы саясаттың тоғысқан түйіні.

Slide 4

Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады.

Slide 5

Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл - өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын осындай кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.

Slide 6

Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

І кезең: Еуропалықтардың отарлау әрекеттері 15 ғасырда португалдардың Солтүстік Африкадағы аса маңызды сауда және көлік қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута және Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды.

1 кезең: 19 ғасырдың басында Латын Америкасында бастаған ұлт азаттық қозғалыс нәтижесінде : 1. Эквадор-1809ж 2. Колумбия-1810ж 3. Венесуэла-1811ж 4. Парагвай-1811ж 5. Аргентина-1816ж тәуелсіздік алды.

Slide 7

Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

2 кезең: Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Аустрия-Венгрия монархиясы, Осман империясы ыдырады, Германияда монархия құлатылып, фашистердің келуі, Дүниежүзінің саяси картасында КСРО, Чехославакия, Ирландия, Исландия, Ватикан сияқты жаңа мемлекеттер пайда болды. Финляндия, Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезде Африкада Египет, Эфиопия, Либерия, ОАР ған тәуелсіз елдер болды.

2 кезең: Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан кейін : 1939-1940 жылдары Балтық бойы елдерін қосып алуынан КСРО аумағы кеңейе түсті. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның шекаралары өзгерді, саяси картада Югаславия, ГФР, ГДР, мемлекеттері пайда болды. Азияда бұл кезеңде Индонезия мен Вьетнам (1945), Филиппин (1946), Үндістан (1947), Бирма (қазіргі Мьянма 1948), Цейлон (қазіргі Шри-Ланка 1948) тәуелсіздігін алды. 1948 ж Корея бөлініп, 38 с. е. бойымен сызықтың солтүстігінде КХДР, оңтүстігінде Корея Республикасы пайда болды. 1948 жылы БҰҰ шешімімен Израиль мемлекеті қалыптасты. 1949 ж Қытайда мемлекет құрылымын өзгертіп, Қытай Халқы Республикасы жарияланды.

Slide 8

Дүниежүзінің саяси картасы

Slide 9

Дүниежүзінің саяси картасы

Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси - әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси - географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т. б. көрініс табады.

Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым - қатынастарға, сондай - ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.

Slide 10

Дүниежүзінің саяси картасы

Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір - бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.


Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері: тарихи ашулар және қазіргі географиялық зерттеулер
Саяси ойдың тарихи дамуы және негізгі кезеңдері
Мұхиттар: дүниежүзілік мұхиттардың географиялық сипаттары мен тіршілік әлемі
Польша Республикасы: саяси, экономикалық, географиялық және тарихи шолу
Қазақстан Республикасының Конституциясының қалыптасу кезеңдері
Топографиялық картаның шартты белгілері және картографиялық жалпылау
Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері, кезеңдері және салдары
Дін философиясы: анықтама, тарихи түрлері және дүниежүзілік діндер феномені
Топографиялық картаның рамкасы: анықтамасы, негізгі ерекшеліктері мен функциялары
Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік қалыптасу тарихы және ТМД-пен байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz