Географиялық қабық және табиғат кешендері




Презентация қосу
Географиялық қабық және
табиғат кешендері
Орындаған: Камалиева Д.
Табиғат
кешені
• Табиғат кешені дегеніміз
өзара күрделі байланыста
әрекет ететін табиғат
компоненттерінің өзіндік
ерекшеліктерімен көзге
түсетін жер бетінің бір
көрінісі.Ең ірі табиғат
кешені географиялық
қабық деп аталады.
Географиялық қабық
• Географиялық қабық – атмосфера, литосфера, гидросфера, және
биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы,
яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін жердің беткі ( жоғарғы ) қабаты.
• Географиялық қабық ұғымын алғаш рет1910 жылы орыс метеорологы
П.И.Броунов, ал географиялық қабық терминін 1932 жылы орыс
географы, академик А.А. Григорьев енгізген.
• Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі – мұнда заттар 3 агрегаттық
күйде болады. Екінші ерекшелігі – географиялық қабықтың бір-бірімен
тығыз байланыста болатын орталығында органиалық өмірдің пайда
болуы.
Географиялық
қабық
• Географиялық қабықтың
құрылымы мен дамуында өзіндік
заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл
географиялық қабыққа да, оның
жекелеген компоненттері мен
шағын көлемді табиғат
кешендеріне де ортақ болып
келеді. Осы заңдылықтарды білу
айнала қоршаған ортаға нұсқан
келтірмей, байлықтарын тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді.
Географиялық қабықтың
біртұтастық заңдылығы
• Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері арасында
үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан,
біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да
өзгеріске ұшыратады.
Географиялық қабықтың зат және
энергия айналымы
• Зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғат
процесстер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда
айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі механикалық
қозғалыстар (атмосфералық циркуляция, теңіз ағындары),екіншісі,
заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы),
үшіншісі, химиялық трансформация (биологиялық айналым).
• Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің
нәтижесінде географиялық қабық үнемі дамуда болады. Дамудың
нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге
ұшырайды.
Географиялық қабықтағы
ырғақтылық
• Ырғақтылық деп уақыт аралығы бойынша бір бағытта
қайталанып отыратын құбылыстардың жиынтығын атайды.
Мезгілдік ырғақтылық
белгілі бір уақыт Циклдік ырғақтылық
аралығында тұрақты қайталану мерзімі
қайталанатын табиғи өзгеріп тұратын
құбылыстарды құбылыстарды
қамтиды. біріктіреді.
Аумақтық табиғат кешендері
• Географиялық қабық табиғатының ішкі
айырмашылықтарына байланысты алып жатқан ауданы
әртүрлі аумақтық табиғат кешендеріне
жіктеледі.Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат
кешендері – материктер мен мұхиттар. Олардың
жіктелуі жер қыртысының құрылысына және оларды
құрайтын табиғат құрамбөліктерінің әртүрлілігіне
байланысты.
Ландшафт
Әрбір зона өзіне тән жылу мен
ылғал мөлшері, топырақ-өсімдік
жамылғысы мен жануарлар
дүниесінің тобы арқылы
ерекшеленеді.
Ландшафт терминін орыс
ғалымы Л.С.Берг енгізген.
Ландшафт
• Географиялық ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер
қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының
біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен
біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия
алмасуының біртектестігі жатады.
Ландшафттану
• Ландшафтының құрылымы
мен құрамын, оның даму
заңдылықтары мен
өзгерістерін зерттейтін
ғылым саласы
ландшафттану деп
аталады.
Ландшафттану
• Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және
мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын,
өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып
табылады. Географиялық ландшафт туралы бұл
ғылымның басты міндеті – ландшафт түрлерінің
жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму
заңдылықтарын, орналасуын және адамның
шаруашылық әрекеттерінен оның өзгеруін зерттеу.
Мәдени ландшафт
• Адамның тұрақты
қамқорлығы нәтижесінде
қалыптасқан табиғи –
өндірістік аумақтық
кешен болып табылады.
Олардың қатарына егіс
алқаптары, бау-бақша,
шабындық, плантациялар,
бөгендер мен қалалар.
Күтімсіз қалған
ландшафт
• Ландшафт түрлері тиімсіз пайдаланып,
кейіннен ұзақ уақыт бойы күтімсіз қалған
жағдайда жыртылған тау беткейлері
эрозиялық бедлендке, шөлейттер мен
шқлді аудандар малды есепсіз жаю
салдарынан жылжымалы құмдарға,
суармалы жерлер батпақтар мен
сортаңдарға, ылғалды тропиктік
ормандар жаппай кесу салдарынан сирек
орман мен бұталарға айналуы мүмкін.

Ұқсас жұмыстар
Биосфера қабаты туралы
Ланшафт туралы түсінік
Геоэкология жайында
Өсімдік географиясы
Биосфераның негізгі құрамы
Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан
Экономикалық география
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы
ГЕОЭКОЛОГИЯ
Экологиялық этика табиғаттың эстетикасы спетті
Пәндер