Батыс Қазақстан экономикалық ауданы




Презентация қосу
Батыс Қазақстан
экономикалық ауданы
Орындаған:Камалиева Д.
Жоспары

Батыс Қазақстан
Шаруашылығы
Өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
Экологиялық проблемалары
Вставка рисунка

Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай
химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (24% жуық) жәнеминералды тыңайтқыш (35%)
өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.
Шаруашылығы

Батыс Қазақстан
экономикалық ауданының
шаруашылығының
дамуына Ресей
Федерациясының Жайық
бойы, Орал экономикалық
ауданының жақын
орналасуы және аудан
аумағындағы мұнай, газ
ресурстарының мол
болуы әсерін тигізеді.
Өнеркәсібі

Батыс Қазақстанда мұнай, газ және химия өнеркәсібі жақсы дамыған.
Мұнай өнеркәсібінің дамуына байланысты Батыс Қазақстан аумақтық-
өндірістік кешені жақсы дамып келеді, Ембі алабы мен Маңғыстау
түбегінде мұнай мен газды өндіру, Атырауда мұнай өңдеу, полиэтилен
өндіру және Жаңа Өзен, Жаңажол, Жаңажол, Теңіздегі газ өңдеу
өндірістері дамыған. Ақтау қаласында мұнай-газ-химия өндірістерінің
негізінде пластмасса жасап шығарылады. Батыс Қазақстанда мұнайдан
барлығы 20-30 пайыз ғана дайын өнім өндіріледі. Бұл ауданның қазіргі
кездегі міндеті - шикізат пен энергияға тапшы аудандарға мұнайды
энергетикалық мақсатта пайдалану үшін шығару. Мазутты көп
тұтынушылардың біріне айналып отырған- темір жол көлігі. Мұнай-
химия өнеркәсібінің дамуы үшін өте көп су қоры қажет, ал бұл ауданда
су қоры тапшы. Мұнай өңдеу мен газ өнеркәсіптерін одан әрі дамытуға
себебін тигізетін басқа да кәсіпорындар салынуда.
Өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе
облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-
бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы
мен минералды тыңайтқыш шығаратын
Алға химкомбинаты бар. Машина жасау
өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде
дамыған. Атырау, Орал және Ақтөбе
қалаларындағы зауыттарда жетекші
өнеркәсіпсалаларына арналған машина
және құрал-жабдықтар шығарады.
Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібіне
арналған құрал-жабдықтар шығарады.
Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты,
Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарын
шығаратын зауыт жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жетекші саласы – мал шаруашылығы
болып табылады. Бұл ауданда қой өсіру, негізінде қылшық жүнді,
құйрықты және қаракөл тұқымдары басым, солтүстік дала
зонасында етті – сүтті мал шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен
қатар бұл аудан ертеден жылқы және түйе өсірумен айналысады.
Тыңайған жерлерді игеруге байланысты бұл ауданда егістік жер
көлемі 3,8 млн га жетті. Бұл ауданда негізінен дәнді дақылдардан
жаздық бидай, тары, күздік қара бидай, техникалық дақылдардан
қылша, күнбағыс егісті басым орын алады.
Экологиялық проблемалары

Каспий теңізі- Еуропа мен Азия
аралығында орналасқан жер
шарындағы ең үлкен тұйық көл.
Ілеспе газ ашық ауада алау
күйінде жануда, қоршаған орта
қалдық сулармен ластануда.
Алдағы уақытта теңіздің
қазақстандық бөлігіндегі көмір
сутегін жан-жақты игеру тек осы
аймаққа емес, бүкіл
мемлекетіміздің экологиялық
жағдайына кері әсер етуі мүмкін.
Экологиялық проблемалары

Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен орындарын кең көлемде
игеру теңіздің және жағалаудың экожүйесіне қолайсыз әсер етуде. Игеру
нәтижесінде мұнай қалдықтары топырақ қабатын, теңіз суларын ластауда.
Мұнаймен ластанған аймақтың жалпы ауданы 200 мың га, қуаттылығы 100
мкР/сағ өлшемде болатынрадиоактивті заттармен ластанған жердің ауданы
600 гектардан артық. Каспий теңізінің Маңғыстау облысы жағалауындағы
теңізі суының ластануы белгіленген концентрациядан 8-13 есе артық.
Физикалық география курсынан сіздерге таныс Каспий теңізінің деңгейі
соңғы кездері жоғары көтерілуде. Нәтижесінде мұнай-газ кешендерінің
біраз нысандары су астында қалып, экологиялық жағдайын одан бетер
ушықтырып жіберді. Каспий теңізінің дүниежүзілік маңызының бірі - бекіре
тұқымдас балықтарының мекенжайы. Қазіргі таңда Каспийдін, биологиялық
байлығын сақтап калу дүниежүзі қауымдастығының өзекті мәселесі болып
отыр. Мұнайды өндіру кезінде әр түрлі заң бұзушылықтар орын алады.
ет !
ах м
ғ а р
ы з
ар ың
арл
Н аз

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Орталық Қазақстанмен шектесетін облыс саны
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ
Газ өңдеу өнеркәсібі
Ірі химия өнеркәсіптері
Атырау тарихы
Биологиялық ресурстар
Қостанай облысы Павлодар облысы
ШЕТЕЛДІК АЗИЯ
Құятын өзендер
Пәндер