Ауыл шыруашылығы



Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Орындаған:Камалиева Д.

Жоспары
Оңтүстік Қазақстан
Ауыл шаруашылығы
Өнеркәсібі
Экологиялық жағдайы

Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан - республиканың ірі аграрлы-индустриалды қаудандарының бірі. Ауданның жалпы өнім өндірудегі үлесі 34%. Жетекші салалары болып салалары, түсті металлургия, кен-химия өнеркөсіптері мен машина жасау саналады.
Оңүстік Қазақстан - дайын өнім шығарудан ең жылдам дамып келе жатқан аудан.

Ауыл шыруашылығы
Ауданның географиялық жағдайы мен табиғи-климаттық ерекшеліктері оның ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеудегі республика бойынша жетекшірелін анықтайды.
Оңтүстік Қазақстан - мақта өсірудің басты орталығы. Одан басқа мұнда қант қызылшасы, темекі, әртүрлі көкөністермен жемістер әсіріледі.
Оңтүстік Қазақстан, негізінен техникалық дақылдар өсіруге маманданған. Оның негізгілері - мақта, қант қызылшасы және темекі. Оларды суару үшін Киров, Арыс - Түркістан, Талас -Асы, Қартал суландыру жүйелері салынған.
Суармалы жерлерде дәнді дақылдардан күріш өсіріледі (Сырдария мен Іле өзендерінің жайылмаларында) . Егістік жерлердің біраз бөлігін бидай, арпа, жүгері мен соя алқаптары алып жатыр.
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен қант, көкөніс, жеміс-консервілеу, майшайқау, мақта тазалау, мақта-мата және тоқыма салалары айналысады.

Ауыл шыруашылығы
Оңтүстік Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші салалары - қой және ірі қара мал өсіру. Аудан қой, ешкі, мүйізді ірі қара өсіруі жөнінен республикада 1-орын алады, ал шошқа өсіруден Солтүстік аудандан кейінгі орынды алады.
Қой өсіру саласында әлемдік тәжірибедегі сияқты, санынан гөрі сапалық жағына көбірек көңіл бөлінеді.
Малшаруашылығының азықтық базасына жазықтар мен тау етектеріндегі маусымдық жайылымдықтар мен шабындықтарды жатқызуға болады. Биік таулар жазғы жайылымдық, ал шөлді жерлер - қысқы жайылымдық есебінде пайдаланылады.
Шошқа өсіруде астық шаруашылығының, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының (қант, ұнтарту және тағы басқа) қалдықтары мен азықтық бақшалық және көкөніс дақылдарын пайдаланады.
Жеңіл өнеркөсіптің ең дамыған салалары мақта-мата(99%-дай), жүн маталарын шығару(100%), аяқ киім тігу (80%) .
Оңтүстік Қазақстанда ірі өндіріс тораптары қалыптасқан: Алматы, Шымкент-Кентау, Талдықорған, Қызылорда жәнө Қаратау-Тараз АӨК-тері.
Алматы мен кала маңы негізінен, халық тұтынатын тауарлар шығаруға маманданған. Ірі кәсіпорындар - мақта-мата және шұға комбинаттары, тоқыма, тері және тігін фабрикалары, кант және сыра қайнату зауыттары, жеміс-консерві комбинаты.

Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібінің құрылымы, пайызбен (2011ж. )

Өнеркәсібі
Алматы ауыр машина жасау зауыты(ААМЗ), тракторларға қосалқы бөлшектер шығаратын «Поршень» зауыты, теледидар және басқа да күрделі техникалар жинайтын зауыттар және тағы басқа.
Талдықорған қаласында машина жасау өнеркәсібі дамыған, ТМД-дағы жалғыз аккумулятор зауыты жұмыс істейді. Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат, темір-бетон, асфальт, кабель зауыттары бар.
Шымкент - маңызды темір жол торабы. Қалада әр түрлі -химия, тамақ, жеңіл, тағы басқа өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Автокөліктерге шина шығаратын «Шымкент шина» АҚ, мақта - мата өнеркәсібінің, ауыл шаруашылық техника сының көсіпорындары, мұнай өңдеу және цемент зауыттары бар.

Экологиялық жағдайы
Соңғы жылдары оңтүстік аймақтардың өнеркәсіп кәсіпорындарынан бөлінетін лас қалдықтар төмендегі салалардың еншісінде.
Мұнай өңдеу - мұнайды еңдеу барасында улы заттардың белінуі. Құрылыс материалдары - құрылыс саласының қарқынды дамуынан, жылу қуаты-қалалардың ұлғаюы және жылу мен электр қуатына деген сұраныстың артуы.
Аймақтағы негізгі экологиялық проблема ірі қалаларда болып отыр (Шымкент, Алматы, Қызылорда, тағы басқа) - Оның себебі автокөлік санының көбеюі, ескі құрал-жабдықпен жұмыс істейтін кәсіпорындардың әлі күнге дейін жұмыс істеуі нәтижесінде атмосфераға мыңдаған тонна газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайына кері әсерін тигізуде.
Мысалы, Шымкент қаласындағы өлшенген шаң-тозаң қоспасының орташа көрсеткіші нормадан 4 есе артық. Азот диоксиді -екі есе, аммиак 1, 5 есе, формальдегид 6 есе.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz