Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты
Презентация қосу
Орталық Қазақстан
экономикалық
ауданы
Орындаған:Камалиева Д.
Жоспары
Табиғат жағдайы
Табиғат ресурстары
Су ресурстары
Халқы
Өнеркәсібі
Экологиялық проблемалары
Табиғат жағдайы
Ауданның құрамы:\
Қарағанды облысы
Ауданы 428 мың км²
Халқы 1339 мың адам
Орташа тығыздығы:3,1 адам/км²
Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың
бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы.
Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы
казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс,
марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі.
Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының
қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык
аудандармен шектеседі.
Табиғат жағдайы
Вставка рисунка
Пайдалы казба кен орындарына жақын
орналасқан, аумағы транзит жолының
үстінде және көлік қатынасы жақсы
дамыған. Аудан шекарасының басқа
республикалармен шектеспеуі ауданның
сыртқы байланысының дамуына, ал
климатының куаң болуы ауыл
шаруашылығын өркендетуге қолайсыз
әсер етеді. Климаты шұғыл
континенталды, қысы суық, боранды
желдер жиі болып тұрады. Жылдық
түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен
250 мм Вегетациялық кезеңніңұзақтығы
160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай
ауыл шаруашылығының салаларын
дамытуға кері әсерін тигізуде.[1]
Табиғат ресурстары
Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек
те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және
үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры
Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100%
кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы
менЖезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен
орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек
металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен
орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар
,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай
мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып,
барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы
қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары
көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың
ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.
Су ресурстары Орталық Қазақстанның оңтүстік
шығысында Балқаш көлі
орналасса, қалған аумағында (
Қарасор, Қыпшақ және т.б.)
ұсақ көлдер кездеседі. Олардың
дені ащы көлдер.Судың
жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл
шаруашылык салаларын
дамытуға кедергі болуда. Сумен
камтамасыз ету үшін Ертіс -
Қарағанды - Жезқазған су
қоймалары және канал
салынды.
Халқы
Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан
ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді
игеру кезінде Кеңес өкіметініңбатыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері
келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын,
саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3
млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның
453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші
орындаТеміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары
урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл халкы біркелкі
орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның
солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су
қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір
6,9%-ды құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі —
70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы
көлемі 1,5 есеге көбейді
Өнеркәсібі
Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық
өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр куаты,
металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені
калыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары,
көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің
маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің
32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа
байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД
көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды
дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия
комбинаты Жезқазғанда (Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру,
байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық
Қазақстанда шығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган
өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен
байланысады.Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптаскан.
Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркөсібі
дамыған Абай, Саран, Шахтинсккалалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар жөне т.б. кенттер кіреді.
Өнеркәсібі
Өнеркәсібі
Электр қуаты саласында жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды
МАЭС-і жәнө Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның көсіпорындарын, сонымен
бірге оңтүстік экономикалық ауданының кейбір кәсіпорындарын электр куатымен
қамтамасыз етеді.
Машина жасау өндірісі көмекші салалардың рөлін атқарады . Қарағанды тау-кен
жабдығы машина зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта
құрал-жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда
жетекші орынға ие.Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы
кәсіпорындарға жеңіл жөне тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
тігін, токыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Көлік түрлеріне келетін болсақ, негізгі
рөлді темір жол атқарады. 1930 жылдары салынған Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу
темір жолы тек орталықтың емес, солтүстік ауданның да отын өнеркәсібін және басқа
салаларын дамытты. Осы темір жол магистралінен бөлініп кен орындарына тартылған
(Жезказған, Қаражал, Теміртау,Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның
дамуына түрткі болды.Темір жолмен катар автомобиль жолдары да жақсы дамыған.
Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп
орындарын (Қарағанды - Теміртау,Қарағанды - Балқаш - Алматы) байланыстырады.
Экологиялық проблемалары
Республика аймағында бірнеше ірі
экологиялық қолайсыз аймақ болса, соның
бірі - Қарағанды облысы (орталық аудан).
Экологиялық тепе-тенсіздіктің негізгі көзі:
ауаның, судың және топырақтың ластануы
өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен және
аумағының Семей полигонына жақын
орналасуынан. Көптеген пайдалы
қазбалардың кен орындарында тиісті
экологиялық талаптарды орындамай
пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап
кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да
қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын
тигізуде.[1]. "Байқоныр " ғарыш айлығынан
ұшырылған "Протон" зымырантасығышы
1999 жылы екі рет құлап, Қарқаралы,
Жаңаарқа аудандарының жері мен ауасын
гептил отыны мен улады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz