Ана сүтінің химиялық құрамы



Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру
Орындаған:Сутенова Айнур 308 «Б» тобы
Тексерген:Сулейменова Индира

Жоспар
Дені сау баланың тамақтануы
Лактация
Жүкті әйел мен омыраумен емізетін әйелдің тамақтану рационы
Табиғи тамақтандыру дегеніз не? Оның артықшылығы.
Ана сүтінің химиялық құрамының ерекшеліктері
Табиғи тамақтандырудың биологиялық тұрғыдан артықшылығы
Нәрестенің емізуде кездесетін қиындықтар және емізуге болмайтың жағдайлар
Гипогалактия дегеніміз не? Оның себебі және алдын алу шаралары.
Қосымаша тамақтандыру

Дені сау баланың тамақтануы
Анасының құрсағында даму кезіңде, ұрық қоректік заттарды плаценталық қан айналымы арқылы : анасының қанынан эмбрионның қан айналымына қоректік элементтер түсу нәтижесінде қабылдайды. Сондықтан ұрықтын асқорыту мен несеп ағар жүйесі жүктілік кезеңінің аяғына дейін функцияналды жағынан жеттік дамиды. Кейін ұрықтан артық заттар қайтадан анасының қанына түседі. Бұл қоректену өмірлік маңызы бар келесі функцияларды қалыптастырады:
Баланың физикалық жән психикалық дамуын
Бала кезінде тіндердің қалыптасуын, ал кейін үздіксіз қалпына келу функциясын

Дені сау баланың тамақтануы
Тағаммен бірге ағзаға қажетті энергия түседі. Сонымен бірге тағамның құрамындағы ингредиеттердің синтезденуі салдарынан организмге маңызды имммуноглобулиндер, гормондар, антиденелер, ферменттер және т. б. заттар қалыптасады.
Осы функциялардың дұрыс дамуы үшін нәресте қажетті көлемде және құрам да қабылдауы тиіс.

Лактацияның даму кезеңдері
Маммогенез
Жүктіліктің алғашқы 2-3 айында паренхималық тіннің гипертрофиясы мен интерстицияалды тіннің кішірейюі және жасушалардың белсенді альвеолаларға трансформациясы мен, прогестерон гормонының арқасында үлкеюі жүреді. Эстроген гормонының салдарынан сүт арналарының каналдары мен сүт бездері синустарының ұзаруы мен тармақталу үрдісі жүреді.
Лактогенез
Альвеола жасушалары түзген сүттің гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны пролоктиннің әсерінен сыртқа шығуы.
Бұл гормон емшекті сорған кезде бөлінеді, алайда ол емшекті сору актісі кезіңде емес, одан кейінгі уақытта бөлініп, алдын-ала сүтті келесі емуге дайындайды.
Галактопоэз
Бұл альвеола жасушаларымен бұлшық ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде сүттің секрециясы. Сүт бірінші каналдарға келеді, одан синустарға. Осы синустарда сүт жиналады. Окситоцин гормоны емізуден бұрын және емізу кезіңде де бөлінеді, ол сүтті сыртқа шығуға итермелейді.

Лактация
Емізу- анасының сүт бездерінің дұрыс функцияналды жұмысымен қамтамасыз етіледі. Сүт бездері қыз баланың жасөспірімд кезіңде дами бастап, ана аттанған кезіңде толық қалыптасып бітеді.
Бұл процессте пролактин, эстроген, окситоциннен басқа да, гормондар қатысады. Олар:кортизол, инсулин, қалқанша және қалқаншамаңы бездерінің гормоны және өсу гормоны .
Автоматизм кезеңі- Туғаннан кейін лактацияға рефлекторлық түрде ему актісі әсер етеді. Бұл кезде ацинустардың босануы, келесі сүттің секрециясын шақырады. Сонымен қоса автоматизмге анасының тұрмыстық және психикалық жағдайы әсер етеді.

Жүкті әйелдердің тамқтану рационны
Жүктілік кезінде әйелдердің тамақтануы әртүрлі қоректі, табиғи таза және тез сіңетін заттардан тұруы тиіс. Қүрамы бойынша:базисті тағамдарға-дәнді дақылдар, нан, макарон, ботқа және т. б. заттардан тұрады. Жемістер мен көкіністер екінші топты, ал сүт тағамдары үшінші топты құрайды. Соынмен қоса жаңғақтар, ет, ірі бұршақты тағамдар, жұмыртқаны да жеу керек. Ал майлы, тәтті тағамдарды азырақ жеуі жөн.

Жүктіліктің бірінші триместрінде -көкөністерге, жемістерге, шырынға және көк шөпке бай тағамдарды қабылдау керек.
Жүктіліктің екінші триместрі-ең тыныш кезең болып табылады. Ас мәзірінде тек жемістер, көкөністер, жармалар емес, сонымен қоса ет, сүт өнімдері, жаңғақ, жұмыртқа, бұршақ қосылуы қажет. Ұннан жасалған тағамдардан қара нан, кебек нан және тазартылмаған күріш ұсынылады. Мал еттерінде кездесетін аққуыздар көпке дейін қорытылмағандықтан, етті, балықты, құсты түсте жеу ұсынылады.
Жүктіліктің үшінші триместрі: нәрестеге өте маңызды кезең. Оның бұлшық ет салмағы тез өседі, ол физикалық және эмоционалдық тұрғыдан дүниеге келуге дайындалады. Бұл кезде тағамның каллорийі аз болуы керек. Майлы, тәтті және ұннан жасалған тағамдарыды күнделікті рационнан мүлдем алып тастау немесе аз мөлшерде қабылдау керек.

Омыраумен емізетін әйелдердің рационалды тамақтануы
Омыраумен тамақтандыратын әйелдердің тамақтануы тек қана әйел адамның организмне қажетті энергия мен заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге жеткілікті мөлшерде лактация үрдісінің жалғасуын және сүттің оптималды құрамында қамтамасыз ету керек.
Ол үшін белгілі бір құрамда және мөлшерде азық түлік қолдануы керек.

Ас мәзірі
1) сүт және сүтті тағамдар, күніне 600 мл, сонымен қатар ірімшік 15 г, сүзбе 50 г.
2) Ет және етті тағамдар, құс етті күніне -170 г күніне, аса майлы емес етті падаланған жөн.
3) Балық және балық тағамдарын;
4) Көкөністер-жеміс жидектер;
5) Нан-ұнды тағамдар;
6) Қант күніне 60 г; т. б.
Қайтсе де омыраумен тамақтандыратын әйелдердің рационның бақылау қолдан келе бермейді. Сонымен қатар кейде тіпті минералды-витаминге толы тамақтанудың өзіңде де организмге қоректі заттардың жеткіліксіздігі байқалуда, оның себебі : әртүрлі зиянды, химиялық белсенді заттарды агротехникалық жұмыстарда белсенді қолданудың нәтижесінде азық түлік құрамындағы көптеген минералды заттардың және витаминдердің азаюына әкелуі.

Ана сүтінің химиялық құрамы
Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер және глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбесі ірі болады.
Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.
Қанттары-бетта лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза-ішек таяқшасын өсіреді.
Минеральды тұздардың құрамы-оптимальды.
Ана сүтінің құрамында А, Д, Е, С витаминдері бар.
Ананың сүті таза.
Әр-дайым жылы.
Ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар.
Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады.

Табиғи тамақтандырудың ережелері
1) Әр емізу актісі алдында сүт безін жуу. Бірақ заманауи ережелер бойынша, жие емізу кезінде ол күнделікті орындалуды қажет етпейді.
2) Босанудан кейін, 2 күн өткен кезде, анасының хәлі қанағаттанарлық болған жағдайда, оған ыңғайлы қалыпта отыруы керек. Баланың денесін анасының денесіне басып, бетін емшегіне бағытталуы тиіс. Баланың басы мен тұлғасы бір деңгейде ұстап тұрылуы керек.
3) Басында бірнеше тамшы сүтті сыртқа шығару керек. Бала тек емізікті ғана емес, ол ареоланың үлкен бөлігінде ауыз қуысына салуы тиіс.
4) Бала өмірінің 1-2 айында емізуден кейін, қалған сүтті сығып тастау жөн.

Ана сүтінің физиологиялық және психологиялық тұрғыдан маңызын жоғарыда қарастырып кеттік, ал енді оның химиялық құрамын қарастырып кетсем. Әрине, мұнда нәрестенің өсіп, дамуына қажетті заттардың бәрі бар - ақуыз, май, лактоза қанты, минералды тұздар, дәрумендер, ферменттер және иммундық заттар . Бұл иммундық, ферменттік заттардың бактериоциттік қасиеттері жас нәрестенің ауырудан сақталуына өте қажет. Сондықтан анасын емген бала ауырмай өседі. Ауырса да, жеңіл ауырып, тез жазылып кетеді. Ол нәрестенің иммун жүйесінің жақсы жетілуіне байланысты. Жоғарыда көрсетілген кестеде ана сүтінің химиялық құрамын келтірдім:

Ана сүтінің биологиялық манызы:
Әйел адам ана аттанғасын, оның психикалық және физиологиялық тұрғыда едәуір өзгерстер жүреді. Босанғаннан кейін баланы анасының кеудесіне басқан мезетте, әйел адам рахаттанып, ауыртпалық сезімін ұмытады, жаны жәй табады. Табиғат көрінісінен әрине бала ансының сүтінен ғана өзіне өмірлік маңызы бар заттарды алады. Ол құрамы жағынан баланың анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне сай келгендіктен, асқан -ішек жолдарында тез сіңіп кетеді.
Егер мұны психологиялық тұрғыдан қарайстырсақ, ана сүтімен қоректену ана мен бала арасында ерекше байланысты түзеді.

Нәрестенің емізуде кездесетін қиындықтар және емізуге болмайтың жағдайлар
Емшектің ұшының қысқасы, ішіне тартылған, жалпақ, инфантильды.
Галлоктерея кезінде - сүттің өзінен өзі ағуы болады. Ол екі түрлі жағдайда кездеседі: 1. емшектен сүт сәби екінші емшекті еміп жатқанда ғана ағады; 2. сүт емшектен өзінің өзі емізу аралықтарында да аға береді;
Емшек ұшының жарылуы- лактацияның алғашқы аптасында пайда болады, көбіне маститтің пайда болуына себепкер болады.
Мастит - сүт безінің қабынуы. Емшек ұшының жарылуы сырттан инфекциялануына байланысты пайда болады.
Нәрсетенің ми қан айналысының ауыр бұзылулары кезінде
Шала туылған балаларда сору рефлексінің болмауы
Тыныс алу жүйелерінің ауыр патологиясында
Балада стоматит, тұмау, прогнатизм жағдайларында;

Табиғи тамақтанудың анасына байланысты қарсы көрсеткіштеріне:
Бүйрек жетіспеушілігі және созылмалы гломурулонефрит ауыр түрлері
Кардиомиопатия, жүре п. б немесе туа п. б.
Анемия, лейкоз
Қатерлі ісік, киста
Тиреотоксикоз, асқынған түрлерінде
Орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде
Грипп, туберкулездің белсенді түрінде, және басқа да вирусты ауруларында;

Гипогалактемия дегеніміз не?
: ана сүтінің тартылуы, яғни мөлшерден тыс азаю үрдісін аттаймыз. Ол екі түрлі болады: туа пайда болатын және жүре пайда болатын гипогалактия.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz