Диалогтық оқытудың мәні




Презентация қосу
Диалогтық оқытудың
мәні
Жоспары:
1.Диалогтық оқытудың мәні.
2 Топтық жұмыс пен сауалнаманы қолдануды қоса алғанда, жеке
оқытуға ықпал ететін форма ретінде әңгімелесуді тиімді пайдалану
әдістемесі туралы өз идеяларын тұжырымдау.
3.Орта сыныптарда мұғалімдердің күнделікті педагогикалық
практикасына диалогтік тәсілдерді енгізу.
4 Сыныпта диалогтық тәсілдерді бағалау.
5 Оқытуды дамытуға диалогтік тәсілдің жәрдемдесуін
қалыптастыру.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл
атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007ж) өз
еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын
арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне ықпал
ететінін атап көрсетті. Выготский кіші жастағы балаларда
когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас
үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу,
қорашаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы
оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде
қалыптасатын оқушы ретінде суреттейді. Сонымен қатар
Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын
арадағы даму аймағында» жұмыс істесе жақсаратындығын атап
көрсеткен.
Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімнің
Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімнің
оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып
оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып
табылатын әңгіменің бір түрі деп көрсеткен. Александер (2008)
табылатын әңгіменің бір түрі деп көрсеткен. Александер (2008)
диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту
диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту
үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды.
үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды.
Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999)
Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999)
және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген.
және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген.

Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті
Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті
ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап,
ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап,
оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына
оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына
және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға
және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға
әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу
әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу
мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей
мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей
алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде
алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде
қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады
қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады
Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері:-Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы:-түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: -сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту:-толық жауап беруге, ойын толық айтуға
итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен
бағыттайды
Қайта бағыттау:- сұрақты басқа оқушыларға
бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ
қойылады.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге
ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін
анықтайды.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге
ынталандырады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға
көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға шығармашылық қабілетті арттыруға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың
идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға
мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың
жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған
материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу -
дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде
қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық
танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу
әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе немесе сабақтың
тұсаукесерін ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді жинақтаушы,
жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-
әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі
анықталады
Оқыту барысында әңгімелесудің атқаратын ролінің
маңыздылығын көрсететін дәлелдер жеткілікті.
Яғни, әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға
үнемі қатыстыру арқылы оқу-танымдық қызметін
белсенді етуі;
• басқа оқушылардың түрлі идеяларын тыңдауға
үйрену арқылы, оқушылардың өз білімі мен идеяларын
бағалай алуы, құрдастарының пікірін құрметтеуге
үйрену;
• мұғалім үшін жақсы диагностикалық құрал, әр
оқушының білімі мен пайымын байқауға болады;
• ес пен тілді дамытады, сабаққа қызығушылығы артады және
барлық оқушыны сабаққа тартудағы тиімді әдіс;
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар
естіп, есінде сақтап қалады.
1. Диалогтік әдісті қалай тиімді пайдалануға болады?
2. Әңгімелесу әдісінің басқа да кемшіліктері бар ма?
3. Д иалогтық әдісті практика барысында жүзеге асырдың ба?
4. Әңгімелесумен өтетін қандай әдіс-тәсілдер бар?
5. Диалогтік оқыту оқушының қаншалықты дамуына ықпал етеді?

Ұқсас жұмыстар
Мультимедиялық технологиялар тұжырымдамасы
Мұғалім әрекетінің кезектілігі
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың әдістері, мазмұны мен ұйымдастыру формалары
Конспектілеу кітаптың мазмұнын қысқа баяндау
Мультимедиялық технологиялар
Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу
Сұрақтың түрлері, техникалары
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
Модульдік оқыту Мультимедиялық технологиясы оқыту технологиясы
Пәндер