Нөлдік морфема


Slide 1

Нөлдік морфема

Орындаған: Жұмағали Н Мақсат А

Slide 2

Нөлдік форма - сөйлем ішінде сөздердің арнайы грамматикалық формасыз-ақ белгілі грамматикалық мағына білдіруі. Мысалы, Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым. Одан да шықты жаңғырық (Абай) . Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл) деген мысалдардағы етістік баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфемадан тұрып, сөздің әрбір бөлшек тұлғасы жеке-жеке грамматикалық мағына білдіріп тұрады: бар-ды-м, (айғай) сал- ды-м, шық-ты, тыңда.

Осындағы түбір тұлғалар (бар, айғай сал, шық, тыңда) қимылды, іс-әрекетті білдіріп, одан кейінгі -ды, -ты фор- малар сол қимылдың айтып тұрған сәтке бай- ланысты болу мезгілін яғни шақтық мағынаны (өткен шақты) білдіріп тұр. Алғашқы сөздегі -м тұлғасы (барды-м, айғай салды-м) қимылдың иесін, яғни сол қимылды орындаушы кім (субъект) екенін және ол (қимылдың иесі) бірінші жақ яғни айтушының өзі (мен) екенін көрсетіп тұр. Ал үшінші сөзде (шықты) ондай грамматикалық арнайы форма жоқ, бірақ соған қарап бұл сөз (шықты) қимыл иесін (субъектіні) білдірмейді екен деуге болмайды. Бұл жерде шығу қимылының субъектісі (иесі) жаңғырық, 3-жақтағы сөз. Бұндай З-жақтық мағынаны шықты сөзінің құрамыңдағы -ты білдіріп тұрған жоқ, ол -ты өткен шақтық мағынаны ғана білдіріп тұр.

Slide 3

ТІЛДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ НӨЛЬДІК МОРФЕМА

Тілдегі кей сөздер грамматикалық құрылысқа түскенде ешбір грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіре алады. Ол білдіретін грамматикалық мағына сөз түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан бөлек болады.

Өйткені арнайы көрсеткіш, формалық элемент болмағанымен, онда белгілі бір грамматикалық мағынаның нөлдік көрсеткіш арқылы көрінуі туралы көзқарас, бүгіндері ғылымда өз шешімін тауып, тұрақталғаны басы ашық мәселе. Бұған нөлдік тұлғаның қазақ тіл білімінде көріну дәрежесі туралы тілші ғалым Ы. Маманов, М. Томанов, С. Исаев, Н. Оралбаева, Ж. Балтабаева және т. б. ғалымдар нөлдік форма, нөльдік көрсеткіш, нөлдік тұлға мәселесіне қатысты әр кезеңде нөлдік форманың сипаты, оның тілдің грамматикалық жүйесінде алатын орны мен қолданылу аясы жайында баспа бетінде жарияланған ғылыми мақалалары мен зерттеу еңбектері айғақты ғылыми дәлел бола алады

Slide 4

Тіл білімінде нөлдік тұлға ұғымы жайлы ғалымдар пікірлері, олардың нөлдік тұлғаға берген сипаттамасы, нөлдік тұлғаның семантикасы мен қолданыстағы көріну дәрежесі туралы ғылыми тұжырымдар, филолог-педагог мамандығынын даярлайтын жоғары оқу орындарында жүргізілетін «Қазіргі қазақ тілі» ғылыми курсының грамматика саласына қатысты пәндердің дәріс, семинар, зертхана сабақтарымен қоса, студенттердің оқытушы басшылығымен өздері орындайтын жұмыстарында жүйелі түрде нақты деректер мен мысалдар арқылы дәлелді түрде ғылыми-теориялық тұрғыда меңгертілу тиіс.

Туыстас түркі тілдері тәрізді қазақ тіл білімінде де бар кейбір сөз тұлғаларының грамматикалық формаларының сөздің ыңғайына қарай ашық түрде жалғанып, не жасырын түрде түсіріліп қолданылатын формаларды ғалымдар: «нөлдік көрсеткіш», «нөлдік форма», «нөлдік элемент», «нөлдік морфема», «нолдік тұлға», нөлдік» қосымша» т. с. с. түрлі атаумен атап келеді .

Slide 5

Сөз мағынасының өзгеруі өзінен -өзі пайда болмайтыны, ол тілдегі қалыптасқан тәсілдердің нәтижесіндегі құбылыс екені белгілі. Тілде әрбір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық форма арқылы беріліп отырады. Ал кей жағдайда ешбір грамматикалық формасыз да мағына айқын білініп тұрады. Айырмашылық, ол грамматикалық мағына түбір білдіретін жалпы грамматикалық мағынадан бөлек мағына екендігінде. Арнайы грамматикалық көрсеткіші, тұлғасы болмай, формасы көрінбей, сөйлемде белгілі бір қызмет атқаруы арқылы грамматикалық мағынаны білдіретін нөлдік форманы немесе формасыз форма деп атайды. Яғни, нөлдік форма басқа да грамматикалық формалар сияқты өзіне тән белгілі бір жеке грамматикалық мағынасы бар парадигмалық түрлену жүйесінің бір түрі болатын, сөздің грамматикалық құрылысында өзінің байланыстырушылық қызметін толық атқаратын, бірақ оны көрсететін арнайы формасы жоқ тұлға, форма, көрсеткіш.

Slide 6

Нөлдік морфема - тілдік таңба тұрғысынан да тілдік бірліктер қатарында танылып жүрген, тілдің грамматикалық жүйесінде белгілі орны бар тілдік құбылыстың бірі. Тіліміз мұндай фактігі өте бай.

Сөздің арнайы көрсеткішсіз нөлдік тұлғада, нөлдік қосымшасыз формада тұрып, белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіруі қазақ тіліндегі негізгі сөз таптары категориясында бар.

Мысалы, етістіктің бұйрық райының жекеше екінші жағының анайы түрі қазақ тілінде әрқашан нөлдік формада қолданылады. Бұл бұйрық райдың нөлдік формасы сыртқы тұлғасы жағынан түбір етістікпен бірдей сияқты болғанымен, бұл екеуі екі басқа тілдік бірлік. Бұйрық райдың нөлдік тұлғасы - грамматикалық форма болса, етістіктің түбір тұлғасы - лексикалық бүтін.

Slide 7

Ы. Е. Маманов нөлдік көрсеткіштерді сөз формасын жасау тұрғысынан қарайды, ол мынадай 4 түрлі нөлдік форманы көрсетеді, олар: жасырын ілік, табыс, барыс септік және бұйрық райдың екінші жақ жекеше түрі. С. Исаев, Н. Оралбаева өз еңбектерінде нөлдік морфема мен нөлдік форманы, Ж. Балтабаева қазақ тіліндегі ілік, табыс септіктердің нөлдік формасын зерттеді. Қазақ тіл білімінде зерттеліп отырған мәселемен байланысты төрт термин кездеседі, оның бірі - нөлдік көрсеткіш (А. Қ. Хасенова), екінші - нөлдік форма (И. Е. Маманов), үшіншісі - нөлдік тұлға (С. Исаев), төртіншісі - нөлдік морфема, нөлдік форма (Н. Оралбаева, Ж. Балтабаева) .

Нөлдік көрсеткіш терминін өте кең мағынада қолданамыз. Ол фонетика, морфология, тіпті синтаксиске қатысты жалпы ұғым ретінде қолданылады. Нөлдік морфема сөздің мағыналы кіші бөлшегі сөзде болмай, ол мағынаны түбір сөз ешбір нақтылы морфемасыз білдіргенде қолданылады.

Slide 8

Нөлдік морфема термині - нөлдік жалғау,


Ұқсас жұмыстар
Нөлдік морфема және оның түрлері Нөлдік форма мен нөлдік морфема
Нөлдік форма
Сөздің морфемалық құрамы
Грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктер
Етістіктің жақ категориясы - қимылдың субъектісін көрсететін категория
Түбір морфема
Морфология. Сөздердің морфологиялық Құрылымы
Сөзжасам жүйесі
Етістік түбірі
Тілдік таңба
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz